49
Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ресурстарын ...
үлкен қиындықтар туындап отыр. Бірінші кезек-
те цифрландыру күнделікті өмірдің барлық сала-
ларына түпкілікті енуі тұлғаның жеке сапалық
қасиеттерін жетілдіруге жаңа талаптар қоюда.
Оның ішінде, ең алдымен, оның танымдық
қызметтеріне
өзге рістер енгізе отырып, қазіргі
әлеуметтік ортаның ерекше сұранысына айна-
лып отырған икемді дағдыларды (soft skills) да-
мытуды талап етуде.
Қазіргі постиндустриалды қоғамға негізгі
үш сипат (білім, ақпарат, цифрлық технология)
тән екенін ескерсек, бұнда ақпарат әлеуметтік
процестердің
жұмыс істеуінің қайнар көзі
ретінде әрекет етеді және олардың арасындағы
өзара байланыстың шарты болып табылады.
Себебі ғаламдық желі көмегімен ақпараттық
кеңістікті қалыптастыруға, адам өмірінің
эконо микалық саласын көркейтуге,
әлемдік
құндылықтарға, озық тәжірибеге жол ашылады.
Яғни ауқымды ақпаратқа қол жеткізу арқылы
жеке тұлғаның дүниетанымын кеңейтіп, өзін-өзі
жүзеге асыруға мол мүмкіндіктер беріледі. Бұл
үздіксіз ақпараттар ағыны қарқыны өз кезегінде
әлеуметтік орта мен жеке адамдардың өмірін
жаппай цифрландыру жағдайына әкеліп отыр
(Сардарова, 2008), [3].
Замануи әлемдегі цифрлық технологиялар-
дың басты құндылығы – бұл тек құрал ғана емес,
сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерге ие интел-
лект ортасы болуы: кез келген ыңғайлы уақытта
оқыту, үздіксіз білім беру, жеке білім беру марш-
рутын жобалау,
кез келген пайдаланушының
электрондық ресурстарын тұтынушыдан оны
жасақтаушыға айналуы.
Цифрлық білім беру ресурстары – компью-
терді қолдану арқылы жүзеге асатын өнім.
Цифрлық білім беру ресурстары деп қазіргі
заманғы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін
іске асыруға бағытталған графикалық, мәтіндік,
цифрлық, сөйлеу, музыкалық, бейне, фото
және басқа да ақпаратты қамтитын ақпараттық
дереккөздер түсініледі. Күнделікті
практика
көрсетіп отырғандай, олардың басты құндылығы
– бүгінгі цифрлық қоғам сұранысына сәйкесті
педагогтерге оқытудың мазмұнын, әдістері
мен ұйымдастырушылық нысандарына сапа-
лы деңгейде өзгеріс енгізуге мүмкіндік беруі.
Осыған орай, біз бүгінгі ақпараттандырудан
цифрландыруға өту кезеңінде білім беруді циф-
рландыруды жүзеге
асыру процесінің тиімді
құралы – цифрлық білім беру ресурстары (ЦББР)
деп нақты айта аламыз. Сол себепті де цифрлық
білім беру ресурстарын оқу-тәрбие үдерісінде
тиімді қолдана алу, болашақ педагогтердің
цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану
даярлығын қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: