Ж. И. Сардарова 1, Г. Н. Кисметова



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.04.2023
өлшемі425,13 Kb.
#80079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1218-1-3302-1-10-20220418

Цифрлық білім беру ресурстары дегеніміз 
– компьютердің орасан зор мүмкіндіктерін 
пай далана отырып, дидактикалық мақсатқа 
жетуге немесе белгілі бір оқу мәселелерін ше-
шуге бағытталған толық интерактивті мульти-
медиялық өнім. 
Болашақ педагогтың цифрлық білім беру ре-
сурстарын пайдалануға дайындығы деп сандық 
технологиялардың мүмкіндіктерін негізге ала 
отырып, цифрлық білім беру ресурстарын кәсіби 
қызметтегі көп қырлы оқу-тәрбие үдерісінің 
мақсаттары мен қызметтерін тиімді жүзеге асы-
руын сипаттайтын қабілет, дағдылар жиынтығын 
түсінеміз. 
Нәтижелер және талдау. Талқылау
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы 2017-
2019 жылдар аралығында Атырау университеті 
базасында «Педагогика және психология» ма-
ман дығының 3 курс студенттерімен ұйымдас-
тырылды. Жүргізілген тәжірибелік жұмыс үш 
кезеңге сәйкес жүргізіліп, оған барлығы 82 сту-
дент қатыстырылды, мұнда 40 студент – бақы-
ланушы топ және 42 студент –экспе рименттік 
топ. 
Анықтау эксперименті кезінде басты мін-
деттердің бірі цифрлық білім беру ресурс-
тарын пайдалануға болашақ мұғалімдердің 
даяр лығының нақты жағдайын анықтау бол-
ды. Соған сәйкесті келесі әдістемелер таңдап 
алынды: бақылау, әңгімелесу, «цифрлық білім 
беру ре сурстары туралы танымы» сауалнамасы 
(ав торлық өңдеуде); Н.П. Фетискиннің «Өзін-
өзі кәсіби дамытуға қажеттіліктерді жүзеге 
асыру диагностикасы» (Фетискин, 2002) [12], 
Н.Р. Молочниковтың «Өзін-өзі дамыту мүмкін-
діктерін бағалау» (Молочников, 2002) [13].
Студенттерге жүргізілген бақылау және 
олар мен ұйымдастырылған әңгімелесу, сауална-
ма білім алушылардың цифрлық білім беру ре-
сурстарын пайдалануға дайындығына ішкі және 


52
Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ресурстарын ...
сыртқы себептер әсер ететіндігі анықталды. 
Ішкі себептерді білім алушының ынта-жігері 
(100%); өз-өзіне, өз күшіне сенімсіздігі (55,8%); 
өзін-өзі тану, өзінің күшті және әлсіз жақтарын 
нақты мойындамау (35,7%); сындарлы ойлау
шы ғармашылықпен жұмыс істеу төмендігі 
(41,2%) құрады. Сыртқы себептер білім алушы-
лардың материалдық жағдайы (75 %), топтық, 
жолдастық көмектің аздығы (39,8%), уақытты 
тиімді қолдана алмау (82 %), күнделікті тәжі-
ри беде цифрлық технологияны, цифрлық білім 
беру ресурстарын қолдану әдістемесіне құрыл-
ған пәндердің аздығы (55%), студенттерге 
арналған шеберлік сыныптары, білім жетілдіру 
курстарының тапшылығы (52%), университет 
көлемінде үздіксіз білім алуға арналған инно-
вациялық технологиялармен, ЦББР жабдық-
талған кабинеттердің жеткіліксіздігі (90 %).
Сондай-ақ «Цифрлық білім беру ресурстары 
туралы танымы» сауалнамасы жауаптарында 
«цифрлық білім беру ресурстары туралы таным 
дүниетанымымды кеңейтеді», «өзімді жүзеге 
асыруға көмектеседі» деген жауаптар алынды. 
Цифрлық білім беру ресурстарының универ-
ситетте білім сапасын арттыруға ықпалы бар 
деп ойлайтындар және білім беру үдерісінде 
цифрлық білім беру ресурстарының перспек-
тивасын жете түсінгендермен қатар, әлі де 
бүгінгі күн сұранысына ие технологияның ора-
сан зор мүмкіндіктерін негативті қабылдайтын 
көзқарастар да орын алды. 
«Цифрлық білім беру ресурстары туралы 
танымы» атты сауалнамасы бойынша бақылау 
тобы бойынша 22% – «төмен», 28% – «орташа», 
27% – «орташадан сәл жоғары», 23% – «жоғары» 
деңгейлерді көрсетсе, эксперименттік топта 
25% – «төмен», 29% – «орташа», 25% – «орташа-
дан сәл жоғары», 21% – «жоғары» деңгейлеріне ие 
болды. Бұл көрсеткіштердің диаграмма түріндегі 
бейнесін 1-суреттен және кестеден көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет