Ж. Ж. Аканова А. М. Касенова стандарттау


  Сәйкестікті растау. Өнімнің, процестердің



Pdf көрінісі
бет97/183
Дата12.10.2022
өлшемі10,03 Mb.
#42549
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   183
2.10 
Сәйкестікті растау. Өнімнің, процестердің, 
қызметтер мен сапа жүйелерінің сәйкестігін растауды
жүргізу тәртібі
Өнімді сертификаттауды жургізу тәртібі
ҚР 
мемлекеттік сертификаттау 
жүйесінің 
нормативтік 
қүжаттары келесідей өнімді сертификаттауды жүргізу тәртіптерін 
қарастырады:


II тарау. Сертификаттау жэне сәикестікті трастау негіздері 141
1) сертификаттау ұйымына өтініш беру;
2) өтінішті қарастырғаннан кейінгі қорытындыны өтініш бе- 
рушіге жолдама ретінде жіберу;
3) өтініш беруш* мен сертификаттау органының арасындағы 
өнімге сертификаттау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшартты 
жасау;
4) берілген өнімнің үлгісін таңдап алу, оларды идентифика- 
циялау және сынак зертханасына жіберу;
5) берілген өнімге жэне басқа қызметтерге сертификаттау 
жүмыстарын жүргізу;
6) өндіріс жағдайының анализі (тандап алынған схемаға бай- 
ланысты);
7) алынған қорытынды анализі сәйкестік сертификатын беру 
жөніндегі шешім қабылдау;
8) сәйкестік сертификатын беру жэне оны ҚР МСЖ Мемле- 
кеттік реестрге тіркеу;
9) сәйкестік белгісімен сертификатталған өнімді таңбалау;
10) инспекторлық бақылау жүргізіп отыру.
Импорттсілатын өнімнің сертификатталуы
Сертификаттау тек отандық өнімдердің ғана емес, соны-
мен қатар импортталатын өнімдердің адам өміріне қауіпсіздігін 
қамтамасыз етеді. Импортталатын өнімнің сертификатталуының 
өзектілігі республикамыздың нарығында импортты тауардың 
үлесі көп болуымен де байланысты.
Қазақстан Республикасының территориясына кіргізілетін 
өнім тек кедендік тексерістен өтіп қоймай, егер міндетті серти- 
фикаттауға жататын болса, онда бүл өнім сертификаттаудан өтеді.
Импортталатын өнімнің сертификатталуының тэртібі мен 
процедуралары ҚР СТ 3.9-97 белгіленеді.
Импортгалатын өнім келесідей жолдармен сертификатталады: 
Шетелдік сэйкестік сертификатын қабылдау;
Сертификат берген үйыммен куэландырылған шетелдік 
сэйкестік сертификатының көшірмесін қабылдау;
■ Импортталатын өнімнің сертификаты.


142 Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері
Тез бұзылатын (тауарлар) және олардың сақталуы белгілі бір 
климаттық жағдайды талап ететін (температурасы, ылғалдылығы, 
қысымы) өнімдер кедендік ұйыммен анықталатын кедендік тірке- 
уден кезектен тыс өткізіледі.
Мұндай өнімдерге келесілер жатқызылады:
■ көкөніс пен саңырауқүлақтар, повидлалар және көкөніс пю- 
ресі;
жеміс-жидектер жэне олардан жасалынған пюре мен повид­
лалар;
ет және ет өнімдері, эндокриндік шикізаттар; 
сүт жэне сүт өнімдері;
■ жүмыртқа жэне жүмыртқа меланжы; 
балық, балық өнімдері жэне шаяндар;
нан жэне нан өнімдері;
■ тез бүзылатын кондитер өнімдері.
Шетелдік сәйкестік сертификатын біздің елде мақұлдау үшін 
сертификаттау органына келесілер жіберіледі:
Өтініш;
Шетелдік сэйкестік сертификатының түпнұсқасы немесе 
оның куэландырған көшірмесі;
Жөнелтпе қүжаттар - өнім пайда болуы туралы сертификат, 
жеткізу туралы келісімшарт, инвойс немесе шот-фактура
сапа менеджменті жүйесінің немесе өндіріс сэйкестілігінің 
сертификаты, гигиеналық немесе ветеринарлық қорытынды, 
фитосанитарлық сертификат.
Содан кейін үсынылған қүжаттардың сараптамасы мен өнім 
идентификациясы жүргізіледі.
Сәйкестік сертификатын қабылдағанда өнім сынақтан өтпеген 
жағдайда, үсынылған сертификат ҚР МСЖ бекіткен сэйкестік сер- 
тификатына ауыстырылады.
Сертификаттау кезінде қауіпсіздігі дәлелденбеген импортта- 
латын өнім Қазақстан Республикасына әкелуіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының территориясына міндетті емес 
сертификаттауға жататын келесі өнімдер кіреді:
■ Шетел мемлекеттері мен халықаралық үйымдар жэне 
олардың персоналдары қолданатын жеке заттары;


■ Жеке түлғалардың алып келетін және де ол өндіріс үшін, 
коммерциялық қызмет үшін қолданылмайтын заттар (өнім, 
тауар). Бірақ бүларға жаңа жэне бүрын соңды қолданылған 
автомобильдер жатпайды.
Елімізге сақтау мерзіміне 2 ай қалған өнімдерді әкелуге рұксат 
берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет