Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет108/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   305
98
99
 
Өнімді қолмен орау кезінде əртүрлі патогенді микроорганизмдер-
дің енуі ғажап емес. Сақтау кезінде конфеттердің сырты 3-4 күнде 
қопсиды, ал кейде олар газдың қысымынан осмофильді ашытқылар 
мен газ түзетін бактериялардың түрлерінің əсерінен бүлінуі мүмкін. 
Олар  асқазан-ішек  ауруларын  (дизентерия,  паратиф,  холера,  т.б.) 
туғызады.Аталған  инфекция  персоналдың  санитарлық-гигиеналық 
бақылаудан өтпегенінен болады. 
Кремделген  өнімдер  (бəліштер,  торттар).  Крем – бұл  торттар-
дың, бəліштердің құрамына міндетті түрде қосылатын өнім. Крем-
дер  микрофлораға  жəне  патогенді  микроорганизмдерге  қолайлы 
қоректік орта бола алады. 
Шикізатпен  бірге  (май,  сүт,  қаймақ,  жұмыртқа,  қант)  крем-
ге  алуан  түрлі  микроорганизмдер  енеді.  Кремдерді  дайындау 
технологиясының  кемшіліктері  микрофлораның  тірі  қалып,  əрі 
қарай  дайын  болған  өнімнің  құрамында  сақтала  беруінде.  Оның 
құрамында  кездесетін  микроорганизмдер:  ішек  таяқшалары, 
шірітуші,  спора  түзбейтін,  спора  түзетін  таяқшалар,  микрококка-
лар,  пигментті  бактериялар,  дрожжылар,  саңырауқұлақтар.  Бұл 
микроорганизмдер көбейіп, кремнің дəмі мен иісін бұзады. Ең көп 
бұзылатын  крем  түрі – пісірілген  крем.  Себебі  оның  құрамында 
микроорганизмдері  көп  ұн,  сүтқышқылды  бактериялардың  болу-
ында.  Санитарлық  талаптардың  орындалмауынан  алтын  түстес 
стафиликокк  сияқты  патогенді  микроорганизмдер,  өнімге  түсуі 
əбден  мүмкін.  Алтын  түстес  стафилококк  (Staphylococcus aureus
табиғатта  кең  таралған  жəне  тіршілігін  термиялық  өңдеуден  кейін 
де жалғастыра береді. Сүтке түскен бұл стафилококк энтеротоксин 
бөледі. Ол адамға қауіпті токсин болып табылады. Токсин 35-37°С 
температурада  жиналады,  ал  бөлме  температурада 4-5 сағаттан 
кейін ұзақ сақталу кезінде 5-6°С токсиннің улылығы баулайды, 0°С 
температураның өзінде де токсин сақталады. Бірақ айтып өтетін бір 
нəрсе, аталған бұзылу белгісі өнімде байқалмайды. 
Су құстарының жұмыртқаларынан салмонелла бактерияларының 
топтары кездеседі. Олар кремде жақсы көбейіп, улануға алып келеді. 
Бұл жағдайда да органолептикалық бұзылу байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет