Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет114/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   305
Су  жəне  топырақ.  Қант  зауыттарында  технологиялық 
қажеттіліктер үшін су қоймалардағы жəне қайта өңделген суларды 
қолданады.  Бөгеттердегі,  өзендердегі  суларды:  қызылшаны  тасы-
малдауда, конденсаторларды, вакуум-насостарды жууда, салқындату 
үшін  жəне  т.б.  қолданады.  Кейде  қызылшаны  тасымалдауға 
қолданылған  суларды  қайтадан  пайдаланады,  ол  жуудың  сапасын 
төмендетеді. Əдетте су қоймаларындағы судың микробиологиялық 
ластануын тексермейді. Ал онда микроорганизмдердің көп мөлшері 
болуы  мүмкін,  қайта  қолданған  кезде  микроорганизмдер  саны 
айтарлықтай көбейеді. 
40-45
о
С температурадағы барометрлік жəне конденсаттык сулар-
ды жууға пайдаланады, ол буды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірақ 
барометрлік  суда 100 мыңнан 10 млн-ға  дейін  түрлі  бактериялар 
болады,  көбінесе  термофильді  жəне  шырыш  түзуші  бактериялар. 
Олар  жоғары  температураға  төзімді  болғандықтан,  барометрлік  су 
инфекциялардың таратушы көзі болы табылады. 
Топырақ.  Қызылша  тамырына  жабысып  қалған  топырақта 
микроорганизмдердің саны өте көп. 1 г қара топырақта 2-ден 4 млрд-
қа  дейін  микроорганизмдер,  көбінесе  бактериялар  болады.  Бұлар 
шіріткіш, спора түзгіш бактериялар Bacillus mycoides жəне т.б. бо-
луы мүмкін. Қызылшамен бірге өндірістік процеске түсетін топырақ 
бөліктері айтарлықтай инфекция көзі болып табылады. 
Қондырғы.  Дұрыс  жуылмаған  жəне  залалсыздандырылмаған 
аппараттар  қабырғаларында,  əсіресе  диффузорларда,  коммуни-
кация  бұрылыстарында,  өлшегіштерде,  шүмектерде,  престерде, 
майлықтарда  жəне  т.б.  қондырғы  бөліктерінде  сироптар  неме-
се  шырындар  қалып  қоюы  мүмкін.  Ал  олармен  бірге  сыртқы  орта 
əсеріне  тіршілік  етуге  тұрақты  микроорганизмдер  сақталады: 
термотұрақты бактериялар жəне олардың споралары, жоғары темпе-
ратура жəне антисептиктер əсерінен қорғайтын шырышты капсула-
лар түзетін бактериялар. Бұларға көбінесе пішен (Васcillus subtilis
жəне  картоп  (Васcillus mesentericus)  таяқшалар  тобындағы  спора 
түзушілер, Clostridium gelatinosum; шырыш түзушілер – Leuconostoc 
mesenteroides, термофильді, қышқыл түзгіш бактериялар – Bacillus 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет