Өндірістегі микробиологиялық жəне санитарлық бақылау Өндірістегі жүйелі микробиологиялық бақылау, өз уақытында
инфекция ошақ көздерін тауып жəне оларға шара қолдану.
Технологиялық пен микробиологиялық бақылау спирт зауытында
технологиялық процестің бұзылуын жəне инфекцияның кіру жолда-
рын анықтайды.
Өндірістің барлық стадиясында, шикізатты дайындаудан бастап
қайта өңдеуге дейін жəне барлық өндірісте биохимиялық процес-
терге микробиологиялық жəне санитарлық бақылау жүргізіледі.
Шикізат пен қосымша материалдарды бақылау жүргізеді: астық,
картоп, уыт, уыт сүті, су жəне т.б.
Астық. Өндірісте қолданылатын барлық астық түрінің тұқым-
дану дəрежесін зерттейді. Белгіленген мөлшерде материалдан сына-
ма алып Петри табақшасында ЕПА мен сусло агарына егеді. Содан
соң 1 г астықтағы микроорганизмдер мөлшерін есептейді.