Ашыту процесін бақылау. Ашыту аппаратынан жиі сынама-
лар алынады, ол құрамындаы зиянды заттардан, инфекциялар-
дан, спирттің асқынып кетуін, ашытқының клеткадағы мөлшерін
анықтайды. Технологиялық схеманы үздіксіз жүргізген кезде
технологиялық процестің дұрыс жүруін, аппараттардың істен
шықпауын қатаң қадағалау керек. Бақылаудың басты маңызы инфек-
ция түспеуді қадағалау.
Аппараттарды жуу мен зарарсыздандыру сапасын бақылау. Ұқыпты механикалық жуудан кейін аппараттарды жəне құбырларын
хлор əгі, антиформин немесе каустикалық сода ерітінділерімен за-
лалсыздандырады. Сонымен қатар төртқосылысты аммоний немесе
зауытта бар зарарсыздандырғыштарды қолданады. Дезинфекциядан
кейін аппараттарды жуады, булайды, қайтадан сумен жуады. Соңғы
жуылатын суда микроорганизмдер болмау керек.
Астықты сумен жібіту кезіндегі залалсыздандыру. Астықтарды
жібіту кезінде залалсыздандыру үшін антисептиктерді қолданады:
ерітілмеген əк, хлор əгі, күкірт ангидриді. Олар ферменттің
активтілігін күшейтеді. Осыларды жібітетін суды жібереді.
Жас уытты дезинфекциялау. Уытты дезинфекциялау үшін
хлор əгін, формалин, күкірт қышқылын, пентахлорфенолнатриін
қолданады.
Уыт сүттін зарарсыздандыру. Бұл жартылай шикізатты қанттау
аппаратында немесе чандарда ұзақ сақтап тұру арқылы атқарылады
жəне мынадай зарарсыздандырғыштарды қолданады: формалин,
күкірт ангидриді жəне т.б.
Қантты затор немесе меласса суслосын зарарсыздандыру. Осығанда уыт сүтіндегідей зарарсыздандыру жүргізіледі.