Өндірістегі микробиологиялық жəне санитарлық бақылау Алкогольді өнімдер өндірісінде 2 түрлі микробиологиялық
бақылау жүргізіледі:
жеміс-жидек жəне өсімдік тектес шикізаттарды, жарты-
лай фаб рикаттар дайындауға қолданатын өнімдер сапасын бақылау;
қызметкерлердың жеке тазалығы жəне аппараттар мен
ыдыстардың санитарлық тазалығы.
Микробиологиялық тексеріс барлық шикізаттарда жеміс-
жидектердің исі бойынша жүргізіледі.
Жеміс-жидектерде, дəмдеуіштерде жəне шөптерде көгерген
саңырауқұлақтар табылған жағдайда өндірістен шығарып тастайды,
себебі, мұндай шикізатты қолдану шырын жəне морстың сапасын
төмендетеді, берілген шикізатқа тəн емес иістен нашар дəм пайда
болады.