Бұны көбіне: шарап, сыры, сүт өндірісінде пайдаланады. Пастере-
зация кезінде көптеген патогенді микроорганизмдер өледі. Мысалы:
туберкулез таяқшасы 60
o
C температурада 15 минутта, ал бурцеллез
1 сағаттан соң өледі.
Тиндализация– бұл зерттеуші объектіні арнайы пробиркаларда 5
күн 1 сағаттай 55-58
o
C температурада су моншасынды қайнату. Бұл
əдіс 100
o
C температурада өз құрамын өзгертетіндерге қолданылады.
Сəулелену көмегімен жүргізілетін залалсыздандыру. Оның
көмегімен əртүрлі тағамдарды жəне сусындарды залалсызданды-
рады. Судағы микрофлораны, соның ішінде ішек таяқшаларын
жою үшін ультрафиолет сəулесін пайдаланады. Басқа елдерде
өндірістегі ауаны, суды залалсыздандыру үшін, УФ-сəулелерін
қолданылады. Кейбір осындай сəулелерді консервілеу үшін пайда-
ланады. Залалсыздандырудың бұл түрі арнайы ультрафиолет атты
құралдың болуын талап етеді. Оның көмегімен микроорганизмдер
механикалық түрде жойылады. Бұндай ультрафильтрлерді шыны-
дан, керамикадан, асбестен, жəне т.б. материалдардан даярлайды.
Бактерияларды сұйықтықтан тазалау үшін Шамберлан, Беркен-
фельд, Зейтц май шамдар фильтрлері қолданылады.
Шамберлан майшамы ұзыннан цилиндр тəріздес, тек бір жағынан
жабық, каомин, құм жəне кварц қоспасынан жасалады.
Беркенфельд майшамы инфузорлы түрде жасалынады. Олар-
ды автоклавта 100 кПа қысымда 15-20 минут залалсыздандырады.
Қолданыстағы майшамдар басқа да жұмыстарға жарамдылығын
сақтап қалуы үшін құбырдағы сумен қайнатып, муфель пешіне
қояды.
Зейтц фильтрі арнайы ұстағыштары бар, оған асбест пластинка-
сы немесе мембраналы ультрафильтрді орнатады.