Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


-сурет. Микробтық синтез өнімдері өндірісінің принципті  биотехнологиялық сызбасы 36



Pdf көрінісі
бет31/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   305
11-сурет. Микробтық синтез өнімдері өндірісінің принципті 
биотехнологиялық сызбасы


36
37
 
4-ТАРАУ. 
ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ 
ЖƏНЕ ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ
Зарарсыздандыру шикізатқа, суға, жартылай фабрикаттарға 
жəне  завод  құрылғыларына  енетін  бөгде  жəне  зиянды 
микроорганизмдердің  дамуын  тежейтін  жəне  оларды  жоятын 
белсенді əдіс болып табылады. 
Зарарсыздандыру тікелей мағынада патогенді микроорганизм-
дер ді  жою  дегенді  білідреді.  Өндірістерде  залалсыздандыру-
ды  патогенді  микробтарды  жою  үшін  емес,  өнімдердің  сапа-
сын  төмендететін  жəне  дəмін  бұзуы  мүмкін,  яғни  өндіріске  зиян 
келтіретін микроорганизмдер микрофлорасын жою үшін қолданады. 
Залалсыздандыру кезінде, негізінен, вегетативті клеткалар жойыла-
ды.  Қоректік  орталарда,  ыдыстарда  жəне  т.б.  жерлерде  кездесетін 
микроорганизмдерді  толығымен  өлтіру  үшін  залалсыздандыруды 
қолданады. 
Микроорганизмдердің  жартылай  қырылуын  жəне  көбеюінің 
тежелуін тудыратын химиялық заттарды антисептиктер деп атайды. 
Ондағы бактериялардың көбеюінің тежелуін – бактериостатикалық 
əсер, бактерия өлуін – бактерицидтік əсер, ал саңырауқұлақтардың 
өлуін – фунгицидтік əсер деп атайды.
Антимикробтық препараттар арасында антисептиктер, əрі дезин-
фектанттар бола алатын химиялық заттар бар. Мысалы, фенол, хло-
рамин,  формалин  сияқты  заттардың  қолданылуы  олардың  концен-
трациясы  арқылы  ерекшеленеді.  Көп  концентрацияда (2-5%) олар 
дезинфектанттар болып табылады жəне барлық микроорганизмдерді 
өлтіреді. 100-1000 есе  араластырылған  осы  заттардың  ерітінділері 
антисептик  ретінде  қолданылуы  да  мүмкін.  Кейбір  антимикробты 
препараттар антисептиктер ғана болып табылады, мысалы, дəрілік 
препараттар. Олардың арасындағы біршама белсенділері неомицин 
жəне полимиксин. 
Зарарсыздандырғыштар  мен  антисептиктерді  салыстыру-
да  олардың  əсер  етуі  бірдей  болуымен  қатар  басқа  да  əсер  ету 
қасиеттерінің бар екендігін көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет