Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Залалсыздандырудың биологиялық əдістері



Pdf көрінісі
бет29/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   305
Залалсыздандырудың биологиялық əдістері. Бұл заласыздан-
дыру антибиотиктерді қолдануға негізделген. Алайда биологиялық 
заласыздандыру 
əрдайым 
толық 
түрде 
болмағандықтан, 
микроорганизмнің жартысы тірі қалуы мүмкін.
Ыдысты залалсыздандыру
Жаңа  ыдысты  пайдаланар  алдында  қышқылмен  қосып 
қайнатуға  болады.  Ол  үшін  оны  эмалирленген  шелекке  салып, 
ыстық су құйып 15-20 мл күкірт қышқылын қосып, 1,5-2 сағаттай 
қайнатады. Болғаннан соң жақсылап жуып, кептіреді. Жуудан бөлек, 
микробиологиялық жұмыстарда қолданатын барлық ыдысты құрғақ 
бумен кептіргіш шкафта немесе қысымдағы бумен автоклавта залал-
сыздандырады 
Залалсыздандыру  үшін  ыдысты  дайындап  алу  қажет.  Таза 
кептірілген Петри табақшаларын екі реттен оралған арнаулы орай-
тын қағазбен орап, сосын барып залалсыздандырады. Пипеткалар-
ды  залалсыздандыру  үшін  жоғарғы  бөлігіне  мақта  салып,  əрбір 
өлшеуіш пипетканы бөлек орап, пастерлеуші пипеткалардын 10-15-і 
бір пакетке салып залалсыдандырады.
Пробиркаларды, бөтелкелерді, колбаларды залалсыздандыру ал-
дында, оларды мақталы тығынмен бітеп аламыз. Бұл микробтардан 
залалсыздандырып, ауаның кіруіне, ал ашыту кезінде пайда болған 
газдардың кері шығуына көмектеседі. Тығынның дұрыс болуы үшін, 
оны бірінші дұрыстап дайындап алу керек (10-сурет).
Дұрыс дайындалмаған тығындар түсіп, салдарынан шаңмен бірге 
микробтар түсуі мүмкін. Қоректік орталарды таза ыдысқа құйып ав-
токлавта жəне Кох қайнатқышында 
залалсыздандыруды.  Қалың  Пе-
три  табақшаларындағы  қоректік 
орталардың  үстіне  жұғым  түсіру 
үшін,  шпатель  жəне  пастерлеуші 
пипеткалар  пайдаланылады,  шпа-
тельді  зертханалық  жабдықтары 
бар  арнайы  дүкендерден  алуға 
неме се кəдімгі шыны таяқшаларды 
да  қолдануға  болады;  ең  ыңғайлы 
Пастер  пипеткалары.  Бұл 10-12 см 
қысқа  шыны,  бір  жағы  ұзын  ка-
пиллярға  бекітілген  таяқшалар. 
Пастерленген жəне қағазға оралған 
10-сурет. Мақталы тығындар: 
А – дұрыс дайындалған, Б жəне 
В – дұрыс дайындалмаған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет