Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет36/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   305
Сілтілер  жəне  тұздар.  Каустикалық  сода.  Күшті  əсер  ететіні 
рН 10 0,1%-тік  каустикалық  соданың  ерітіндісі (NаОН)  болып  та-
былады.  Мұндай  ерітіндіде  микроорганизмдер 40°C температура-
да 1-2 мин ішінде өледі. Металдан жасалған ыдыстарды залалсыз-
дандыру  үшін 3%-дық  NаОН  ерітінідісін  (алюминийден  жасалған 
жабдықтарға қолдануға рұқсат етілмейді) пайдаланады.
Кальцийленген  сода.  Кальцийленген  сода 40°C температурада 
1%-дық ерітінді түрінде бактерицидтік əсер етеді. Концентрациясы 
0,5-2% Na
2
СО
3
  ерітіндісін  құбырларды,  шлангаларды  жəне  т.б.  за-
лалсыздандыру түрлері үшін қолданады. 
Жабдықтарды 
сілтілі 
ерітінділермен 
өңдеген 
кезде 
температураның  маңызы  зор.  Əдетте 55°C-қа  дейін  қыздырылған 
0,5%-дық ерітіндіні қолданады. Егерде зауыттың ішкі қабырғаларын, 
едендерін,  есіктерін  жəне  т.б.  жерлерін  өңдейтін  болса,  онда 
өңделушінің  бетіне 10 минутқа 5%-дық  ерітіндіні  жағып  қояды, 
кейін оны ыстық сумен жуады.
Əкті сүт. Бұл зарарсыздандырғышты СаО сөндірілмеген əктен 
дайындайды жəне негізінен, астық дəндерін залалсыздандыру үшін 
қолданады. Астық дəнін 2 сағаттай өңдеген кезде əдетте 1 тоннаға 
2,5-3 кг СаО алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет