Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Галогендер  жəне  олардың  туындылары



Pdf көрінісі
бет37/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Галогендер  жəне  олардың  туындылары.  Галогендер 
ішінде  кеңінен  қолданылатыны  газ,  гипохлорид  (хлорлылау 


40
41
 
қышқылдардың  тұздары)  түріндегі  хлор  жəне  басқа  заттармен 
əрекеттескен хлорлы əк.
Гипохлоридтердің микробтарға қарсы əсеріне байланысты түрлі 
теориялар бар. Бұл процесте хлорлылау қышқыл (HOCl), HCl, оттегі 
(бөлінген кездегі) жəне бос хлор белсенді рөл атқарады деп санайды. 
Хлор.  Хлор  өте  улы  зат.  Оны  газ  тəрізді  жəне  сұйық  күйде 
тағам  жəне  ағын  суларды  залалсыздандыру  үшін  қолданады. 
Хлордың  вегетативті  клеткалар  мен  микроорганизмдер  спорала-
рына  деген  əсері  бірдей  емес.  Хлордың  өте  аз  концентрациясы  да 
микроорганизмдерді өлтіреді. 
Судағы  ішек  таяқшаларына  хлордың  əсері 1-кестедегі 
мəліметтермен сипатталады. 
1-кесте. 
Хлордың судағы ішек таяқшаларға əсері
Өңдеу кезіндегі 
хлордың əсер ету 
уақыты, мин
Хлордың мөлшеріне байланысты 1мл судағы 
бактериялардың саны, мг/л
0,5
1,0
2,0
4,0
0
1 800 000
1 800 000 1 800 000
1 800 000
1
13 900
1 940
350
285
2
6 000
970
24
8
5
4 500
640
15
5
 
Медицинада  антисептик  ретінде  қолданылатын  йод  микробарға 
қарсы өте қатты белсенді. 
Хлорлы  əк.  Хлорлы  əк  СаОСl
2
  өндірісте  кеңінен  қолданылатын 
гипохлорид. 
Хлорлы əктің нəтижелі əсері құрамындағы белсенді хлорға бай-
ланысты (əдетте ол 35-36%). Сақтағанда əк құрамындағы белсенді 
хлор азаяды. Өйткені жылу жəне жарық əсер еткен кезде əк бұзы-
лады.  Органикалық  заттар  болған  кезде  хлорлы  əктің  əсері  бос 
хлордың байланысынан төмендейді. Сондықтан егер жабдықтарды 
жуған кезде онда кандай да бір органикалық заттар қалып қойса, онда 
хлорлы  препарат  солармен  əрекеттесіп  белсенділігін  жоғалтады. 
Əдетте хлорлы əкті 2%-дық ерітінді түрінде қолданады. 
Антиформин.  Бұл – сыра  қайнату  заводтарында  кеңінен 
қолданылатын  белсенді  дезинфектант.  Антиформинді  үш  түрлі 
заттан дайындайды: хлорлы əк, кальцийленген жəне каустикалық 
сода. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет