хлор сумен 30 мин-тан артық əрекеттеспеуі қажет, ал артизан
скважиналарындағы суды қолданғанда арнайы аралық резервуарлар
болу қажет;
хлордың тұқымсыздандыру əдісі тек қана микро р-
ганизмдердің вегетативті формаларына ғана əсер етеді, ал спора-
лар жойылмайды;
хлор аса улы болғандықтан, оны тасымалдағанда, сақтағанда
жəне мөлшерлегенде ерекше сақтық шараларын қолдану қажет.
Суды катадиндік əдіспен өңдеу кейбір металл тұздарының
олигодинамикалық əсеріне негізделген. Ол шетел өнеркəсіптерінде
ауқымды түрде лимонад өндірісінде қолданылады. Ол үшін күмісті
тұрақты тоқтың көмегімен арнайы электрод құрылғыларында
ерітеді. Күмістің мөлшері судың сапасына жəне оның ластану
дəрежесіне тəуелді. 1 литрде 10-15 мкг мөлшердегі ерітінді жеткілікті
бактерицидті болып табылады.
Суды озондау. Озон жеткілікті көп концентрацияда өте жақсы
залалсыздандырушы əсер көрсетеді. Ашытқылардың, ішек
таяқшалар бактериялар тобының жəне шіріту бактериялардың
1мл судағы 100 шақты микроорганизмдері озонның 5,0-5,5 мг/л
концентрациясында толығымен өледі. Ашытқылардың кейбір
түрлерін жəне зең саңырауқұлақтарын жою үшін 8,5 мг/л озон
қажет.