Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет38/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Ауыр  металдардың  қосылыстары.  Зарарсыздандырғыш  ре-
тінде  органикалық  жəне  бейорганикалық  қосылыстар  түріндегі 
ауыр  металдардың – сынаптың,  күмістің  жəне  мыстың  тұздары 
қолданылады. Бұл заттар микроорганизм белоктарына коагуляция-
лық əсер етеді. 
Сулема (екіхлорлы сынап). Сулема күшті улы зат болып табылады 
жəне жалпы залалсыздандыру үшін ерітінді түрінде қолданылады. 
1:10000  қатынасына  келтірген  кезде,  сулема  бактерицидтік  əсер 
етеді. 1:1000 концентрациясында  бактерицидтік  əсерлер  байқала 
бастайды:  бактериялардың  вегетативті  клеткалары 1-30 минуттан 
кейін өле бастайды. Ал 1:500 сулеманың қатынасында бактерия спо-
ралары өледі.
Күміс  препараттары.  Антисептик  ретінде  күміс  препа-
раттарының  əр  түрлері  қолданылады.  Медицинада 2% азот 
қышқылды  күмістің  ерітіндісін  қолданады.  Күмістің  кейбір 
қосылыстарын  залалсыздандыру  ретінде  тағам  өндірісінде 
қолданылады.  Бактерицидтік  əсер  етуге  негізделген  кейбір 
металдардың  тұздарымен,  соның  ішінде  күміспен  залалсыздан-
дыру əдісі – катадиндіден, ал осы металдар иондарының арнайы 
улылығын – олигодинамикалық  əсер  деп  атайды.  Иондалған 
күйдегі күмістің суда аз мөлшерінің өзі ондағы микробқа қарсы 
əсер етеді. Сонымен бірге олигодинамикалық əсерге алтын, мыс 
жəне басқа да кейбір металдар ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет