Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет41/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Газ  тəрізді  заттар.  Əртүрлі  газдарды  зерттеуде  олардың  көбісі 
күшті бактерицидтік əсерге ие екені көрсетілді. Мұндай «залалсыз-
дандырушы газдарға» формальдегид, этиленнің тотығы, күкіртті ан-
гидрид жəне β-пропиолактон жатады. 
Формалин. Формалин формальдегидтің судағы ерітіндісінің газы 
болып табылады. Формалиннің 5%-дық ерітіндісінде споралық фор-
малар 30 минуттан  кейін, 2%-дық  ерітіндіде – 60 минуттан  кейін, 
1%-дық ерітіндіде – 2 сағаттан кейін өледі. 
Зарарсыздандыру үшін 40%-дық формалиннен дайындалған 2%-
дық ерітінді түріндегі формалинді қолданады. 
Мұндай  ерітінділерді  күбілерді,  сауыттарды  жəне  басқа  да 
сыйымдылықтарды,  сонымен  қатар  алюминийден  жасалған 
сыйымдылықтарды өңдеуге пайдаланады.
Формалиннін кемшілігі: ол адамның шырышты қабықшаларына 
қатты улы əсер ететіндіктен оны қолдану қолайсыз.
Зарарсыздандырушы  ерітіндінің  нəтижелігін  бақылау.  Анти-
септикалық əсерді тексеру үшін пробиркадағы 1 мл сумен жуылған 
тығыз  өндірістік  ашытқыға 10 мл  дайындалған  ерітінідіні  қосады. 
Ашытқыны  жақсылап  араластырып, 2 сағатқа  қалдырады.  Содан 
кейін пробиркалардағы суслоларға жəне Петри табақшаларындағы 
сусло-агарларға  егеді.  Егінділерді  термостатта 25°C-та  ұстайды. 
Егер де 6 тəулік ішінде микроорганизмдер өсуі байқалмаса, онда за-
лалсыздандырушы ерітінді белсенді деп саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет