Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет43/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   305
Химиялық əдістер. Бұл əдістер кеңінен таралған жəне аса күшті 
бактерицидтік əсерге ие, химиялық затпен суды өңдеуге болады. Со-
нымен қатар бұл зат улы болмауы қажет жəне адам ағзасына зиянды 
əсер көрсетпеуі керек. 
Хлорлау,  егер  мамандалып,  мұқият  жүргізілсе,  онда  ол – суды 
толық залалсыздандыруға кепіл беретін ең арзан əдіс. 
Ауыз суды хлорлау үшін хлордың қатты, сұйық жəне газ тəрізді 
қосылыстарын қолданады. Оларды қолданудың тікелей жəне тікелей 
емес тəсілдері бар. Тікелей емес тəсілде газ тəрізді хлорды алдымен 
суға жібереді. 3-5% хлоры бар ерітінді қалған суды тазартуда залал-
сыздандырушы агент ретінде қызмет атқарады. 
Хлорлаудың  тікелей  тəсілінде  тазартылған  газ  тəрізді  (немесе 
басқа түріндегі) хлордың нақты бір мөлшерін майда тесікті сүзгілер 
арқылы тікелей суға енгізеді. 
Хлордың  мөлшері  судың  рН-на,  оның  тұздылығына  жəне 
құрамындағы органикалық заттарға байланысты. 30 минут əсер ет-
кеннен кейін суда 0,1-0,15 мг/л қалған бос хлор, хлордың артылғанын 
көрсетеді. Қалыпты суды тұқымсыздандыру үшін 5-10 сағат əсер ет-
кенде, 0,1-ден 0,3 мг/л-ге дейін немесе 1,5 сағат əсер еткенде 0,8 мг/л 
хлор артылу қажет. 
Хлорлау  əдісі  қарапайым  жəне  арзан,  бірақ  бірқатар  маңызды 
кемшіліктері бар:

судағы хлордың мөлшерін əрдайым бақылау қажет;

егер суда аз көлемде болса да қандай да бір органикалық зат-
тар болса, онда хлор олармен суда тұрақты “дəріханалық” дəм (хлор-
фенолды) беретін қосылыстар түзуі мүмкін; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет