Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Өндірістік санитария бойынша іс-шаралар



Pdf көрінісі
бет46/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Өндірістік санитария бойынша іс-шаралар
Заводтарда аппаратураларды, жартылай фабрикаттар мен дайын 
өнімдерді  микробтардан  қорғау  үшін  күнде  залалсыздандыру  іс-
шаралары  жүргізіледі.  Сондағы  ең  маңыздылары  мыналар  болып 
табылады: жұмыс орнының тазалығы, жабдықтарды жуу сапалығы, 
жабдықтардың  жағдайы,  өндірістік  тəртіп  жəне  жұмысшылардың 
жеке бас гигиенасы.
Жұмыс  орнының  тазалығы.  Барлық  жұмыс  орнын  тазалықта 
ұстау  қажет.  Ол  үшін  жабындылар,  едендер,  қабырғалар,  терезе-
лер  жарамды,  сорғыш  вентиляция  жүргізілген  болуы  қажет  жəне 
əрдайым  жинастыру  жұмыстары  жүргізілуге  тиіс.  Өндірістік 
цехтардың  кіре  берісінде  жерде  кілемшелер  жатуы  қажет,  ал  жаз 
уақытында  терезелерінде  хлорлы  суға  батырылған  дəке  болуы 
қажет. Дəретханаларда тазалық сақталуы қажет, қол жуғыш, сабын 
жəне  сүлгі  болуы  керек.  Цехтарда  қолды  зарарсыздандыру  үшін 
0,1%-дық хлорлы судың ерітіндісі бар қол жуғыштар мен бөшкелер 
орнатылған болуы керек. 
Жабдықтарды жуу сапалығы. Жабдықтарды жуу сапасына көп 
көңіл бөлу қажет. Сонымен бірге санитарлық ережелердің орында-
луын бақылап отыру қажет:

жуу  алдында  жұмысшы-жуушы  арнайы  киім  (комбинезон 
жəне резеңке етіктер) киюі қажет. Арнайы киіммен цехта жəне завод 
маңайында жүру рұқсат етілмейді. Арнайы киімді əр цехта арнайы 
шкафтарда сақтау жəне басқа мақсаттарда қолданбау қажет; комби-
незондар мен етіктер жүйелі түрде залалсыздандырылулары қажет;

жабдықтарды  жүйелі  түрде  залалсыздандырылып  тұратын 
арнайы щеткалармен жуу қажет; жуу үшін шүберектерді қолдануға 
тыйым салынады;

жабдықтарды 
жууда 
қолданылатын 
шлангаларды 
қабырғаларға іліп қою керек немесе арнайы сөрелерге орнату керек, 
бірақ еденде қалдырмау керек;

барлық  аппараттарды  босатқаннан  кейін  бірден  жуу  қажет 
жəне  қалған  суды  кетіру  қажет;  сыйымдылықтарды  жуу  келесі 
пайдалануға дейін қалдыруға тыйым салынады;

ыдыстарды жуу сапасына көп көңіл бөлу қажет. 
Сусло,  сироптар,  сүзінділер  жəне  т.б.  өндірістік  сұйықтықтар 
сақталатын  аппаратуралар  мен  сыйымдылықтар  ерекше  мұқият 
жуы лу қажет: ішкі құбырлармен жабдықталған тұндырғыш күбілер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет