Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Өндірісте  микроорганизмдердің  таза  дақылдарын  сұйыл-



Pdf көрінісі
бет6/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Өндірісте  микроорганизмдердің  таза  дақылдарын  сұйыл-
тудың  сызбасы.  Өндірістік  жағдайда  таза  дақылдарды  сериялы 
сұйылтудың  мəні  белгілі  бір  түрге  жататын  микроорганизмдердің 
санын біртіндеп көбейтуден тұрады. Əдетте бұл нəтижеге бірнеше 
сатыда ғана қол жеткізеді.
Таза  дақылдарды  зертханалық  сатыда  сұйылту,  микроор-
ганизмдердің  жинағын  стерильді  қоректік  ортаға  себумен  жүзеге 
асырылады. 
Таза  дақылдарды  сұйылтудың  цехты  сатысы  стерильді 
субстратқа өтуден жəне көлемінің ұлғаюымен қатар жүретін бірнеше 
қайта  себу  реттілігінен  тұрады.  Əр  өндіріске  таза  дақылдарды 
сұйылтудың өзіндік сызбалары жасалады. 
Көптеген  өндіріс  орындарында  таза  дақылдарды  сұйылтуға 
арналған аппараттар бар. Мысалы, ашытқы биомассасын алу үшін 
Грейнер аппаратың қолданады. Бұл аппарат ашытуға қажетті 2 сте-
рилизатордан  (үлкен  жəне  кіші)  жəне 2 цилиндрден  тұрады.  Кіші 
стерилизатор  стерильді  суслоны  жасауға  арналған.  Олар  суслоны 
қыздыратын əрі суытатын орамтүтіктермен жəне ауаны тазартатын 
фильтрлермен, бақылау-өлшеу аппаратурасымен жабдықталған. 
Грейнер аппараты (1-сурет) стерилизатордан, ашыту цилиндрінен 
(қажеттілікке  қарай 1-ден 4-ке  дейін)  жəне  мыс  табақшаларынан 
жасалған,  ішіден  таза  қалайымен  қапталған  алдын  ала  ашыту 
аппаратынан  тұрады.  Одан  басқа  түссіз  оргшыныдан  жасалған 
ашытқыларды өндіруге арналған ыдыс бар. 
1-сурет. Ашытқылардың таза дақылдарын сұйылтуға арналған Грейнер 
аппараты: 1 – стерилизатор; 2 – ашытуға арналған цилиндр; 
3 – алдын ала ашытуға арналған аппарат; 4 – ашытқыларды өсіруге 
арналған ыдыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет