Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Ашытқылардың өсу жəне көбею процестерінің



Pdf көрінісі
бет73/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   305
Ашытқылардың өсу жəне көбею процестерінің 
биохимиялық негіздері
Ашытқы  клеткаларының  өсуі  жəне  көбеюі  барысында  сұйық 
қоректік ортаның қоректік заттарын пайдаланып, олардан клеткалық 
заттарды синтездейді. Қоректік заттардың бір бөлігі, əсіресе қанттар 
ашытқыларда синтез процестерінің жүруі үшін жұмсалады. 
Ашытқы  клеткаларының  дамуы  жəне  көбею  процестері  бары-
сында  қоректік  ортадағы  оттегін  белсенді  түрде  пайдаланады. 
Сондықтан қоректік ортаны үздіксіз түрде оттегімен қамтамасыз етіп 
отыру қажет. Еріген оттегі жеткіліксіз болған жағдайда ашытқылар 
энергия өндірудің үнемделген түрі – анаэробқа көшеді. Олар қантты 
этил  спирті  жəне  көмір  қышқыл  газын  түзе  отырып  ыдыратады 
(спирттік ашу), бұл кезде ашытқы клеткаларының өсуі мен көбеюі 
біршама азаяды. 
Қазіргі кездегі ашытқы зауыттарында престелген ашытқыларды 
өндіру үшін қызылша мелассасын пайдаланады.
Ашытқылардың  шығымы  біртіндеп 50-60%-дан 75-85%-дейін 
(шикізат  салмағынан)  зауыттың  жабдықталуына  байланысты  өсті. 
Жекелеген зауыттардың қазіргі кезде шығымы 97% -ға дейін жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет