Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет75/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

72
73
 
Ашытқы  өсіруге  арналған  қондырғылар  жуу  жəне  зарар-
сыздандыруға ыңғайлы конструкциялы, пішіні цилиндр немесе тік 
бұрышты, ұзындығы 5-тен 11 метрге дейін болады. 
Ауаны  бөлуге  арналған  жүйені  төменге  орнатады.  Ол  əртүрлі 
құрылымды  болуы  мүмкін  жəне  қондырғыға  берілетін  ауаны 
үздіксіз,  қажетті  мөлшерде (30-дан 100 м

/сағ  1м

сұйықтыққа) 
бірыңғай жіберіп отыруы керек. Жүйені бұзылып, қайта жиналатын 
түрде  дайындайды,  сондықтан  жуу  жəне  зарасыздандыру  қиынға 
түспейді.  Жүйеге  берілетін  ауа  көлемі  арнайы  қондырғылармен 
қадағаланады. 
Қолайлы  температураны  бірқалыпты  сақтап  тұру  үшін  əртүрлі 
қондырғылар  пайдаланылады  жəне  олар  арқылы  салқындату  үшін 
жылы  су  жіберіліп  отырады.  Клеткалардың  өсуі  барысында  жылу 
бөлініп,  қондырғыдағы  сұйықтықтың  температурасы 37°С  жəне 
одан да жоғары көтерілуі мүмкін, сондықтан салқындату қажет бо-
лады. Температураны 29-32°С аралығында ұстап тұрады. Ортаның 
белсенді  қышқылдылығын  аммиак  жəне  күкірт  қышқылының 
көмегімен 4,5-5,5 шамасында ұстап тұрады. 
Қоректік  ортаға  мелассаның  дұрыс  жəне  бірқалыпты  деңгейде 
түсіп  отыруын  қатаң  қадағалау  керек,  себебі  бір  жағынан  қанттың 
шамадан  тыс  артық  мөлшерін  ашытқылар  спиртке  айналдырып, 
клеткалық заттар синтезіне нашар пайдаланылады; ал екінші жағы-
нан қоректік заттардың жетіспеушілігі (сахароза, азот, фосфор жəне 
т.б) клеткалардың өсу қарқындылығын төмендетеді. Екі жағдайда да 
клеткалардың шығымы төмендейді. Өсіп жатқан ашытқы клеткала-
рын еріген оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіп, спирттік 
ашу  процесін  басу  үшін,  өсу  процесі  барысында  қондырғыға  көп 
мөлшерде  ұсақталған  ауа  жіберіліп  отырады.  Ортада  еріген  оттегі 
жетіспеушілігі орын алған кезде нан ашытқыларының өсуі баяулап, 
спирт жəне көмір қышқыл газын түзе отырып, қантты ашыта бастай-
тыны белгілі. Əдебиеттегі кейбір ғалымдардың айтуынша, меласса-
дан  ашытқылардың  барынша  максималды  шығымын  қамтамасыз 
ету үшін, ортадағы қант концентрациясын 0,0004% жəне аэрациялау 
қарқындылығын - 1 л қоректік ортаға сағатына 2 г оттегі деңгейінде 
қамтамасыз ету керек.
Мұндай  жағдайда  спирттік  ашу  толығымен  дерлік  басылып, 
ашытқы клеткалары энергия өндірудің үнемді тəсілі – анаэробтыға 
көшеді.  Қант  негізінен  көп  мөлшерде  клеткалық  заттардың 
құрылымына  жұмсалады.  Ашытқылар  тез  өседі  жəне  көбейеді. 
Е.  А.  Плеваконың (1970) мəлімдеуінше:  ашытқылардың  белсенді 
көбеюі  барысында  қоректік  ортадағы  спирт  көлемі 0,1-0,2%-дан, 
ал  еріген  оттегінің  максималды  көлемі 28-30°С  температурада 1 л 
қоректік ортаға шамамен 7 мг-нан аспауы керек. (И. П. Астахованың 
мəліметтері  бойынша).  Қоректік  ортаға  түсіп  отыратын  ауадағы 
оттегі,  өсіп-көбейіп  жатқан  ашытқы  клеткаларының  тыныс  алу 
процестері  үшін  де,  клеткалық  заттарды  түзу  процестері  үшін  де 
пайдаланады. Жас өсіп жатқан 1 г ашытқы клеткаларына сағатына 
80-100  мг,  ал  ересек  ашытқы  клеткаларына 46-60 мг  оттегі  қажет 
екені есептелген.
Қондырғылардағы  ашытқы  клеткаларын  сепараторлар  арқылы 
бөліп алады. 
Бөліп  алу,  престеу,  формаға  келтіру,  қораптау.  Ашытқыларды 
қысқа  уақыт  аралығында  ортадан  бөліп  алып,  шаяды,  себеді.  Ор-
тада  ұзақ  сақталу – ферменттік  белсенділігін  жəне  сақтау  кезінде 
тұрақтылығын төмендетеді.
Сепараторлардың  көмегімен  ашытқы  клеткаларын  ортадан 
бөліп  алып,  суық  сумен  шайып, 75% ылғалдылықтағы  кептірілген 
ашытқылармен салыстырғанда 1л-де 400-600 г дейін қоюландырады. 
Қоюланған 
ашытқылардың 
(концентраттың) 
температурасы 
6-8°С-дан  аспауы  керек.  Əрі  қарай  концентратты  құрғату  үшін 
фильтр пресс жəне вакуум фильтрге жібереді, ол жерде ылғалдылы-
ғы 73-75%, тығыз,  ашық-сұр  немесе  сарғыш  массаға  айналады. 
Содан  соң  оны 50 гр-нан 1 кг-ға  дейін,  арнайы  автоматты  немесе 
жартылай автоматты қондырғыларда қораптайды, тоңазытқыштарға 
жібереді, 4°С дейін салқындатады. Өнімнің сапасы МЕМСТ 171-81 
сай болуы керек.
Егер зауыт құрғатылған ашытқыларды да өндіретін болса, онда 
фильтр престен кейін, кептіруші цехтың пішіндеуші машиналарына 
жібереді, ол жерде жіңішке, ұзынша бөліктерге немесе гранулаларға 
бөлшектеліп,  ылғалдылығы 7,5-9%-ға  дейін  жұмсақ  режимде 
кептіріледі.  Құрғатудан  кейін  өнімді 15-16°С  дейін  салқындатып, 
қораптайды.  Құрғақ  ашытқыларды  герметикалық  ыдыстарда 
сақтаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет