Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Өндірісте қолданылатын микроорганизмдер



Pdf көрінісі
бет76/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Өндірісте қолданылатын микроорганизмдер
Тығыздалған ашытқылар өндірісінде қолданылатын ашытқылар 
расасы қалталы саңырауқұлақтар Ascomycetes класына, protoascales 


74
75
 
катарына, яғни қарапайым қалталы саңырауқұлақтар Endomycetaceae 
туысына,  Saccharomyces cerevisiae  түріне  жатады.  Ашу  қасиетіне 
қарай – беттік ашытқылар, ашу кезінде түбіне бірден түспей, аши-
тын сұйықтықтың бетіне көбікке оқтын-оқтын көтеріледі.
Морфологиялық қасиеттері. Клеткаларының пішіні жұмыртқа 
тəрізді  немесе  доғал,  кейде  тіпті  домалақ  шеңбер  тəріздес.  Бұл 
қасиеттері  тұрақсыз,  себебі  клеткалар  пішіні  культивирлеу 
жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін. Орташа өлшемі 8-10×4-
6  мкм.  Бұл  бөлімде  ашытқылардың  өсіп  көбеюі  барысында,  ішкі 
құрылымында  жүретін  өзгерістері  қарастырылады.  Вакуольде 
жүретін  өзгерістер  ерекше  байқалады.  Вакуоль – құрамында  фер-
менттер, көмірсулар, майлар, ақуыздар жəне электролиттер болатын 
клетка сұйықтығымен толтырылған, клетканың ішкі бөлігі. Вакуоль-
дерде əртүрлі көмірсулардың ыдырауы сияқты күрделі биологиялық 
процестер жүреді. Вакуольдердің көлемі клетка жасына жəне куль-
тивирлеу  жағдайларына  байланысты  өзгеріп  отыруы  мүмкін.  Жас 
клеткаларда  вакуольдер  кейде  байқалмайды,  ал  ересек  не  ескірген 
клеткаларда  олар  кей  жағдайларда  клетка  қуысының 80 пайызына 
дейінгі көлемін алады.
Өз  бетінше  клеткалардағы 
қор  заттарының  жинақталуы 
жəне 
жұмсалуы 
жүреді: 
осылайша  гликоген  (крах-
мал  тəрізді  зат)  көмірсулы 
қоректену  кезінде  вакуоль-
дерде  түзіледі.  Қоректенуді 
шектеп, 
қарқынды 
түрде 
аэрациялағанда, 
тез 
өсіп 
көбейіп  жатқан  гликоген  жо-
йылады. Нан ашытқыларының 
дұрыс  көбейіп  жатқан  клет-
каларында  май  қосындылары 
байқалмаған.  Волютин  (ме-
тахроматин) 
де 
вакуоль-
дерде  кездеседі,  сондай  ақ 
оның  мөлшері  ауытқымалы. 
Валютиннің  түзілуі  ортада 
фосфаттардың  болуына  байланысты  деген  болжам  бар.  Мысалы: 
күшті  аэрациялау  жағдайында,  бірақ  ортада  фосфаттар  жеткіліксіз 
болған кезде, өсірілген себінді ашытқыларында валютин болмаған, 
ал аэрациялау деңгейі сондай, бірақ фосфатқа бай ортада өсіргенде 
валютин мөлшері көп кездескен.
Бүршіктену сипаты. Ашытқылардың бүршіктену сипаты үшінші 
бөлімде толығымен қарастырылған, бірақ күшті аэрациялау кезінде 
жəне  күшті  механикалық  əсер  ету  кезінде  көбінесе  жас  клетка 
аналық клеткадан толық өсіп-жетілмей жатып ажырайды. Көптеген 
əдебиеттерде аналық клетка жəне жас клеткалардың физиологиялық 
мүмкіндіктері  бойынша  əр  түрлі  пікір  болып  келді.  Жас  клетка 
аналық клетка деңгейіне жеткен кезде ғана бүршіктене бастайды. 
 
а  
    б  
 
 
в 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет