16-сурет.Ашытқы клеткаларының пішіндері: а – оқ тəрізді, б – орақша тəрізді, в – цилиндр тəрізді
Аэрация жəне қоректік ортамен үздіксіз қамтамасыз ету кезінде
толық құнды шикізатты қолдану арқылы ашытқы клеткасы тек бір
ғана жас клетка түзеді. Бұл бүршік өсіп, бөлінген соң аналық клетка
бетінде басқа шоғыр пайда болып, басқа бүршіктер түзіледі. Егер
қоректік ортада белгілі зат жеткіліксіз болса, онда клеткалардың
өсу процесі нашарлайды, клетка бірнеше бүршіктер ғана түзеді,
олар өте баяу өседі, ұсақ клеткалардың саны көбейеді. Қолайсыз
жағдайлардан арылу, ашытқылардың өсу жəне бүршіктену процесін
қалыпқа келтіреді.
Беттік ашытқылардың спораларды жиі түзетіні белгілі. Споралар
(2-4 клеткада) 24-48 сағаттан кейін пайда болады. Споралар жы-
ныссыз жолмен түзіледі, ядродағы хромосомалардың саны екі есе-
ге дейін азаяды (мейоз). Кейде споралардан клеткалар өсіп шығып,
вегетативті жолмен көбейеді (бүршіктену арқылы) – хромосомала-
ры біркелкі, гаплойдты болып табылады. Бірақ көбінесе споралар
жетіліп, клеткадан ажырап шыққан соң, олар өзара əрекеттеседі (жы-
нысты жолмен). Бұл кезде хромосомалары əртүрлі (диплоидты) клет-
калар пайда болады жəне əрі қарай вегетативті жолмен – бүршіктену