Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық



Pdf көрінісі
бет78/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

15-сурет. Ашытқы жасушаларының 
құрылысының сызбасы:
1 – жасушаның қабығы; 2 – ядро; 
3 – цитоплазма; 4 – вакуоль; 
5 – митохондриялар; 6 – рибосомалар


76
77
 
арқылы көбейеді. Гаплоидты клеткалардың ұрпағы  əлсіз; дипло-
идты  клеткалардың  ұрпағы – қалыпты  болады.  Ашытқылардың 
бұл  қасиетін  гибридизация  жолымен  жаңа  өндірістік  расаларды 
алуға  қолданады.  Ол  үшін  екі  əртүрлі  расалардың  спораларын  ар-
найы  қондырғы – микроманипулятордың  көмегімен  бөліп  алып, 
құйылысуын қамтамасыз етеді, нəтижесінде өндіріске қажетті, пай-
далы қасиеттерге ие, гибрид алады. 
Жаңа, белсенді ашытқылардың расаларын бөліп алу жұмыстарын 
ғылыми-зерттеу  институттарымен  қатар,  ашытқы  өндіретін  зауыт-
тарда да жүргізеді. 
Қазіргі кезде зауыттар екі өндірістік расаны пайдаланады: 14-раса 
жəне 196-6-гибрид. 14-раса 1978 жылы салыстырмалы түрде бірдей 
уақытта Одесса жəне Воронеж зауыттарының микробиологтарымен 
құрғақ ашытқы үлгілерінен ашытқылардың биохимиясы жəне тех-
нологиясы  лабораториясында  бөлініп  алынған.  Клеткалары  доғал 
немесе аздап эллипсоид тəріздес, мөлшері ірі: 5,6×7,0-8,4×11,0 мкм. 
Вакуольдері  айқындалған;  глюкоза,  сахароза,  мальтоза,  галактоза-
ны ыдратады. Дайын өнім (престелген) жақсы сақталады, кептіруге 
төзімді. Ылғалдылығы 74-75 пайызда морт сынғыш консистенцияға 
ие.  Белсенді  ферменттер  жүйесіне  ие:  мальтоза  белсенділігі 80-90 
минут, яғни жоғары; зимозанікі  45минут – өте жоғары.
№196-6 гибрид 1963 жылы К. В. Косиков зертханасында алынған. 
Клеткаларының  пішіні  домалақ  немесе  созылмалы,  тегіс  емес, 
көлемі: 6,2×6,2-8,7×12,5 мкм.
Мальтозалық белсенділігі 65 минут, зимозанікі – 45 минут, яғни 
өзінің  ата-аналық  культурасымен  салыстырғанда  айтарлықтай 
жоғары. №196-6-гибрид аэрацияда жəне мелассалы қоректік ортада 
жақсы көбейеді. Қазіргі таңда өндірісте кең қолданыс тапқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет