Ашыту арқылы өнім алу Адамдар қазіргі кезде ауыл шаруашылықтарында əртүрлі ашудың
түрлерін туғызатын микроорганизмдерді кеңінен қолдануда.
Спирттік ашу процесінің тұрмыста үлкен маңызы бар. Өйткені
оның нəтижесінде тамақ өндірісінде адамға керекті əртүрлі арақ-
шараптар, ішімдіктер даярланады. Жүзім шырынынан – шарап, ко-
ньяк жасалады, қамыс қантынан – ром, арақ, крахмалға бай дəннен
(арпа, жүгері, бидай) – сыра, квас, виски, арақ; күріш пен тарыдан
– саке деген шарап боза, көже жəне т.б. даярланады.
Сыртқы орта факторлары ашытқылардың дамуына жəне ашу
процесіне əсер етеді.
Көпшілік ашытқылардағы қанттың қолайлы концентрациясы 10-
15% дейін болу керек. Қант концентрацияның жоғарылауы ашудың
жүруін қиындатады, ал 30-35% болғанда мүлдем тоқтап қалады.