Тұздықтарға қойылатын санитарлық талаптар. Тұздықтар
белгілі бір санитарлық талаптарға жауап беруі керек. Олардың
құрамында патогенді микроорганизмдер болмауы керек, тұздың жоғар-
ғы концентрациясына сальмонеллалар тұрақты болуы керек. Шприцтегі
тұздықтарға қойылатын талаптар жоғары болады: құрамында спора
түзетін бактериялар, энтерококкалар 5 мл тұздықта бол мауы қажет.
Құйылмалы тұздықтарда 5-минуттық қайнаудан кейін энтерококкалар,
клостридиялар жəне бациллалар болмауы керек.
Тұздықтың бұзылуы тұздаған кезіндегі температураның
жоғарылауынан, тұз концентрациясының жетіспеуінен, шикізатта
микроб тұқымдануының жоғарылауынан, санитарлық-гигиеналық
талаптардың бұзылуынан болады. Бұзылған тұздықта жағымсыз иіс
жəне дəм, түк, көпіршік пайда болады. Тұздықтың сапалығы мети-
лен көгінің редуктаздық сынамасының нəтижесімен бағаланады.
Тұздық сынамасына метилен көгінің ерітіндісін қосып, уақытқа
қарап оның түссізденуін бақылайды. Бұзылған тұздықта түссіздену
белгілері 5-30 минуттан кейін, ал сапалы тұздықтарда 1 сағаттан
кейін байқалады.