арналған табақ жəне формаларына да тазалаудан өткізгеннен кейін
өсімдік майымен немесе ыдыстарға жағатын қоспаларды жағады.
Тақтайлар мен конвейерлі ленталарды аптасына бір рет жуады жəне
қамыр қалдықтарынан тазалайды.
Өндіріс орындарының тазалығын бақылау. Өндіріс
орындарынының майлы бояумен боялған төбелері мен кафельді
қабырғаларының тазалығын үнемі тексеру керек. Өндіріс орын-
дары мен экспедициялардың ауасын микробиологиялық ластану-
ын систематикалық түрде тексеру жəне микрофлораның сандық
құрамын анықтау қажет. Микрофлора құрамы мен микроорганизм-
дер санына қойылатын талап барлық тағам өндіріс орындарымен
бірдей. Ол дегеніміз 1 м
3
ауада микроорганизмдер саны 500-ден
аспауы керек жəне оның ішінде микроорганизмдер мен патогенді
формалары өндірісіне зиян келтірмеу керек.