Технологиялық процестердің негізгі кезеңдері: қоректік орта-
ны дайындау; себінді ашытқыларды өсіру; тауарлық ашытқыларды
өсіру; ашытқыларды бөліп алу, престеу жəне қораптау немесе
кептіру жəне одан əрі құрғақ ашытқыларды қораптау.
70
71
Қоректік ортаны дайындау. Қоректік заттардың барлығының
дерлік қайнар көзі (қанттар, күлді элементтер) қант өндірісінің
қалдығы – қант қызылшасы. Ол – органикалық жəне
бейорганикалық заттардан тұратын күрделі қосынды. Оның
тығыздығы 1,4; құрғақ заттары 75-80%, олардан 50%-ын қанттар
құрайды, негізінен сахароза жəне 30%-ы қантты қайнату кезінде
түзілетін немесе мелассаға қызылшадан өтетін қант емес заттар –
күлді элементтер, құрамында азоты бар заттар, карамельдер жəне
т.б. қант емес заттардың құрамына ашытқылардың өсуі үшін
қажетті заттар болса, екіншілері мүлде қажет емес, мысалы: бета-
ин. Кейде бұл заттардың құрамына ашытқылардың өсуін басатын
зиянды заттар кіреді.
Меласса күлінде көмірқышқылды жəне сірке қышқылды калий
тұздары, кальций, магний, натрий, алюминий, темір жəне т.б. бола-
ды. Ашытқы клеткаларының өсуі мен дамуы үшін калий жəне маг-
ний тұздары керек. Микроэлементтер – пантетон қышқылы, инози-
тол жəне биотин.
Зиянды заттарға карамельдер жəне гуминомеланоидиндер –
қантты қайнату барысында жоғары температура əсерінен түзілетін
қанттар мен амин қышқылдарының конденсациясының өнімдері;
ұшқыш қышқылдар (құмырысқа, сірке, май) жəне олардың тұздары;
күкіртті ангидрид жəне фурфурол жатады.
Мелассаны қоректік орта ретінде ашытқыларға пайдалану
үшін, оны кальций тұздарының артық мөлшерінен, каллойдты
бөлшектерден, микроорганизмдерден, механикалық қоспалардан та-
зартады. Ол үшін мелассаны сумен сұйылтып, меласса сепараторы
– классификатор деп аталатын арнайы машиналарға жібереді. Кейде
тазартылатын мелассаны алдын ала (бірнеше секунд) қысқа мерзімде
80-100°С дейін немесе лезде 120°С дейін микроорганизмдерді жою
үшін жəне каллоидтарды коагуляциялау үшін қыздырады немесе
хлорлайды.
Тазартылған мелассаны жинағыштарға айдайды. Ол жерден
тазартылған меласса ашытқыларды өсіруге арналған аппараттарға
дозаторлар арқылы өлшеніп, жіберіледі. Мелассада ашытқыларға
қажетті азотты қосылыстар аз мөлшерде жəне фосфорлы қосылыстар
мүлде жоқ екенін ескере отырып, азот пен фосфорды қоректік ортаға
неорганикалық тұздар түрінде қосады.
Себінді ашытқыларды өсіру. Нан ашытқыларын өндіру кезінде
мелассалы қоректік ортада жақсы көбейетін, кептіруге төзімді, прес-
телген күйде жақсы сақталатын ашытқылардың расаларын пайдала-
нады.
Ашытқыларды біртіндеп арнайы қондырғыларда бірнеше кезеңде
көбейтеді. Алғашқы кезеңдері зауыт зертханасында өтеді, содан кейін
таза культуралар цехында, соңғы кезеңдерінде арнайы өндірістік
қондырғыларда өсіріледі. Бұл жағдайларда барлық технологиялық
режимдер өміршең, физиологиялық белсенді ашытқы клеткаларын
себінді материалда қажетті мөлшерде жинақтауға бағытталған.
Нəтижесінде престелген таза культураларға шаққанда бірнеше
жүз килограмм ашытқы алады. Алынған ашытқыларды 2-4°С тем-
пературада, престелген немесе сумен араласқан күйде сақтайды.
Тауарлық ашытқыларды өсіру. Бұл себінді ашытқыларды өсіру
процесі бірнеше кезеңнен тұрады.
Барлық технологиялық схемалар жəне технологиялық ре-
жимдер аз мөлшерде шикізаттан жоғары сапалы, престел-
ген ашытқыларды максималды деңгейде өндіруге бағытталған.
Қазіргі кезде нан ашытқыларын өндіретін зауыттарда олардың
қондырғыларына жəне ауа үрлеуші станцияның қуаттылығына
байланысты əртүрлі технологиялық жүйелер пайдаланылады. Бұл
жүйелердің ұзақтылығы əртүрлі: 9-дан 24 сағатқа дейін жəне одан
да көп, сондай-ақ жүйелерді ұзартуға бағытталған тенденциялар
да бар, яғни себінді ашытқылардың шығынын азайтып, зауыттың
өнімділігін арттыратын, екіжақты циклға өту. Бұл жүйелер бірнеше
ортақ принциптерге ие:
Ашытқылардың өсуі жəне көбеюі кезінде қондырғыдағы
сұйықтық көп мөлшерде (сағатына 1 м
3
сұйықтыққа 80-100 м
3
) ауа-
мен аэрацияланады.
Ашытқы өсіруге арналған қондырғыға қоректік заттар – азот
жəне фосфор тұздары бір мезгілде жəне үзіліссіз көбейіп жатқан
клеткалардың энергетикалық жəне синтез процестеріне керекті
мөлшерде түсіп отырады.
Шикізатты сумен сұйылту жəне заттарды оптималды деңгейде
концентрациялау үшін қондырғыға үзіліссіз түрде су жіберіліп оты-
рады.
Қондырғыда ашытқы клеткалары белгілі мөлшерде жинақталып,
сыйымдылық толған соң (процесс басталғаннан 6-7 сағат өткенде),
коріктік орта ашытқыларымен бірге көрші қондырғыға – ашу
процесін соңына дейін жеткізуші, одан кейін ортаны бөліп алу үшін
– сепараторға жіберіледі.
|