Ж. Т. Лесова Х. Х. Макажанова С. А. Надирова тағам жəне биотехнологиялық Өндірістерінің микробиологиялық негіздері оқулық


Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді тəсілдері



Pdf көрінісі
бет82/305
Дата06.01.2022
өлшемі4,39 Mb.
#13083
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   305
Байланысты:
lesova tagam zhne biotehnologiyalyk ondiristerinin mikrobiologiyalyk negizderi

Сұйық ашытқы дайындаудың тиімді тəсілдері. А. И. Остров-
ский Дельбрук сүт қышқылы бактерияларын қоректік заттары мол 
сұйық  ортада  өсіру  тəсілін  ұсынған.  Олар  жылу  сүйгіш  бактерия-
лар. Ол 48-54°С-да сүт қышқылын көп өндіріп, өзі өсіп өнеді. Əдетте 
қамырды 28-32°С-да  ашытады.  Бұл  температурада  сүт  қышқылы 
бактериялары өмір сүре алмайды. Осы Дельбрук бактерияларының 
бір ерекшелігі сүт қышқылын өндірумен қатар, басқа зиянды жəне 
ыстықты онша керек етпейтін сүт қышқылы бактерияларын да түгел 
жойып жібере алады. Сондықтан А. И. Островский осы ыстық сүйгіш 
бактерияларды  алдын  ала  өсіру  тəсілін  ұсынған.  Сондықтан  да 
сұйық ашытқыны дайындау 2 сатыдан тұрады: 1) сүт қышқылы бак-
терияларын 48-54°С-да ұн суспензиясында өсіріп; 2) кезеңінде оны 
28-32°С дейін суытып, оған ашытқыны қосып дайындайды. Ол үшін 
1:4 қатынастағы суспензияны қайнатып, 48-54°С-да Дельбрук бак-
терияларын қосып 12-14 сағат ашытады. Сонда оның қышқылдығы 
10
о
Т жетеді. Содан соң оған суық су қосып 28-32°С дейін суытып, 
басқа шанаққа ауыстырып құйып, ашытқы салады да, тағы да 8 сағат 
ашытады. Сонда ашытқы клеткалары бөлініп, өсіп өнеді. 
  Осы  дайындалған  сұйық  ашытқыны  қамыр  илеуге  пайдалана-
ды. Ол үшін тек оның жартысын алады, ал қалған сұйық ашытқыға 
қайтадан 48-54
о
С  дейін  суытылған  суспензияны  қосады.  Міне 
осылай  жаңартылған  сұйық  ашытқыны 2 сағаттан  кейін  қайта 
пайдалануға болады.
Дайын  болған,  ылғалдылығы 86-88% сұйық  ашытқының 
титрленетін қышқылдығы 10-12
о
Т, көгеру күші (кішкентай домалақ 
қамырдың жылысудың бетіне қалқып шығу тəсілі бойынша) 15-25 
минут болып, онда 0,6% сүт қышқылы болады.
Осылай  дайындалған  сұйық  ашытқы  қамырдың  физикалық-
механикалық  қасиетін  жақсартады,  ал  қамырдың  қышқылдылығы 
өспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет