Бірнеше айдан кейін меласса құрамындағы қант 5-тен 15-14%-ға
дейін азаюы мүмкін.
Torulopsis жəне Candida туысына жататын ашытқы жəне ашытқы
тəріздес саңырауқұлақтар мелассамен бірге ашытқы өсіруге
арналған қондырғыларда тез көбейеді, себебі қолайлы жағдайлармен
қамтамасыз етілген: ортаны сумен сұйылту, аэрация, қоректік зат-
тар. Бұл микроорганизмдердің көбею шапшаңдылығы негізгі куль-
турадан бірнеше есе жоғары.
Ашытқы саңырауқұлақтарының пішіні əртүрлі – домалақ,
сопақ, мицелий тəрізді. Клеткаларының көлемі əртүрлі: ұзындығы
4-тен 10 мкм-ге дейін; ені – 3-7 мкм болады.
Зең саңырауқұлақтары мен актиномицеттер мелассада өте си-
рек кездеседі.