Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сұйық тамақпен 35-450С дейін жылытылған, қысқышты, жабысқыш пластырьді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.
35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.
Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты алыңыз.