Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.
Тумбочкіге немесе керует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.
Науқасқа ыңғайлы жағдай беріңіз, отырғызу немесе жартылай отыру (Фаулер қалпы).
Науқасты басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егерде отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе поильникті тамақпен ауызына жақындатыңыз.
Науқасты қасықпен аз порцияда немесе поильникпен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.
Ауызында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.
Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.
Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:егерде науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.
Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүнгісі арқылы тамақтандыру
Мақсаты: сүнгіні енгізу және науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктер, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауру тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өнеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.