Зардапшегушінің ауыз қуысын қарау Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, құсық қоспасы, тамақ қалдықтары және т.б.) болса, онда ауыз қуысын және жұтқыншақты тазарту (босату) қажет:
оң қолдын 2 (сұқ) және 3 (ортанғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бұл жоғарғы тыныс жолдарнын толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мұқияты түрде тазартыңыз;
зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.
П. Сафардың үш құрамды әдісі
Іс-әрекет алгоритмі:
Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойынын артынан көтереді.
Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдынғы тістердін негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдын алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.
Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Барлық бұл әдістер ауыз қуысынын түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, сонын есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңлаусыздықты қамтамасыз ету қажет.
Вентиляциялауға сәйкесті тұрақты бақылау кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруды түсіңін бақылау, дем шығарғаны өкпеден ауанын қозғалуын қабілеттігі естушілікпен қабылдау.
Есіңізде болсын, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде вентиляция болады.