Олар мынадай:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
2. Арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру;
3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындары берілетін тапсырмаларды шешу;
4. Берілген тапсырманы түрлендіруге бағытталған жұмыс.
Биология пәнінен берілетін шығармашылық тапсырмалар мұғалімнің кәсіби шеберлігіне,
оқушылардың білім алу дәрежесіне байланысты.
Оқушылардың биология пәніне деген қызығуын, өз бетінше ізденісін, шығармашылығын арттыру
мақсатында 6 сынып оқушыларымен уын,"Өркендер мен бүршіктер"тақырыбындағы сабағымды
сайыс түрінде өткіздім.Сынып оқушыларын 1- топ "Өркендер" және 2-топ "Бүршіктер"деп 2 топқа
бөлдім.
Жаңа сабақты меңгерту.
І. "Білгірлер"жаттығулары. Мәтін бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1-топ: Өркен дегеніміз не, оның түрлері. 2-топ: Бүршік неден дамиды,оның түрлері.
183
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
ІІ.Көрермендер көрімдігі.Жалпы сыныпқа жаңа сабақты меңгертуге арналған сұрақтар:
1.Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады?
2.Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесің?
3.Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылығы неде?
4.Гүл бүршігі мен өсу бүршігінің айырмашылығын талда.
ІІІ.Сергіту сәті.Ол жұмбақтардан тұрады.
ІV. "Кім жылдам?"ойыны. (Әр топқа 5сұрақтан қойылады, дұрыс жауап берген оқушы 1ұпай алады)
V.Жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін тест жұмысы орындалады.
VІ. "Ойлан, тап!"-Венн диаграммасын пайдалана отырып, жапырақ бүршігі мен гүл бүршігі
айырмашылығын түрлерінің айырмашылығын толтырады.Жаңа сабақты қорытындылау. Дұрыс,
толық жауап берген топ жеңіске жетіп жалаушаны жеңіп алады.
Биология сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында осындай әр
түрлі әдіс – тәіслдерді пайдаланып келемін. Осы жолда қол жеткен жетістігім төмендегідей:
1.Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды.
2. Білім деңгейі төмен оқушы отырып қалмай, ізденіп, қабілетіне қарай еңбектенеді.
3. Тапсырма күрделенген сайын оқушының ойлау қабілеті артады.
4. Әр оқушы өз білім деңгейіне, шығармашылық қабілетіне қарай бағаланады.
5. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;
6. Оқушының шығармашылық қабілеті дамиды;
7. Ақпаратты бағдарлау біліктілігі қалыптасады.
Білім шексіз, оны тани білген мұғалім, оның жаңа қырларын ашқан үстіне аша береді екен – деп,
атақты Амонашвили айтқандай әр ұстаз өз шәкіртін жан-жақты зерттеп, оның жүрегіне жол таба
білуі керек. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына
негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлетуге үйретеді,
шығармашылық қабілетін оятады. Демек, мұндай жұмыс түрлері де білім сапасын көтереді, ал сапа өз
кезегінде нәтижеге жеткізеді.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Дюсекенова Шолпан Кальмухановна
Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылы
Жамбыл атындағы орта мектебінің
ІІ санатты физика және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Ұстаз болу - адамның ақындығы, - деген Ғафу Кайырбековтың
өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз
– мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты
пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе
– шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам –
қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші.
Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше
шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім,
мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге
тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала
арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық.
Осындай қызығы мен қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен
арманым еді. Ауылда өскендіктен біз үнемі құрбым Эльвира екеуміз ауладағы балаларды жинап
алып, оларды отырғызып сабақ беретінбіз. Диктант жаздырып оны қызыл пастамен түзеп мұғалім
болып ойнайтынбыз. Жылдар өтті... Болашақ мамандығымды таңдауға кез де келіп жетті. Сол кездері
ұнаған пәндерімнің бірі физика еді. Менің ұстазым Беркенова Орынша Имангалиқызы мектеп
басшысы болса да, физикадан сабақ берген кезде өзінің күш жігерін аямай сабақты тартымды
қылып өткізетін. Физика өте қызықты өтетін және мен ұстазымның шеберлігіне таң қалатынмын.
Өйткені, ол әр сабағына үлкен дайындықпен келіп, бір сабақта бірнеше жұмыс түрін жүргізуге
үлгеретін. Физика пәніне қызығушылығым жоғары болғандықтан, үй тапсырмасын айтуға бірінші
184
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
боп өзім тұра беретінмін. Физика және математика пәнінің мұғалімі болсам деген бала қиялым
орындалып, 1983 жылы Гурьев педагогика институтының физика және математика бөліміне оқуға
қабылдандым және осы қуанышымды ең бірінші ұстазыммен бөлістім. Болашақ ұстаздық
мамандығымды таңдауыма себепші болған – ұстазым Орынша Иманғалиқызы еді. Ұстазыма
көптен көп рахмет! «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық
пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде
мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», - десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы
ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым –
Орынша Имангалиқызы. Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,
оның дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни, бәсеке қабілетті жағдайда
өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы
мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің
қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің сан қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың
туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.
Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші, оны жеке тұлға етіп
қалыптастырушы, әрі ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі –
жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы,
болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай
ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып,
небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне
үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер
әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал
еңбектің ақталғаны емес пе?! Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр
мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген
қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге
септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкірт асқан
сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы
киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да,
жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады,- деген.
Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың
сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай
болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге
болады: Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі
Қызметке бейімділігі
Кәсіптік білімі мен біліктілігі
Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім
Ұйымдастырушылық қабілет
Заманға сай жаңашылдық
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз
өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған
сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен
көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол
жеткіземіз.
185
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Маңғыстау облысы. Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
Алшын Меңдалыұлы атындағы орта мектептің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі Балға Жанар Қуанқызы
Жаңаша оқыту –заман талабы
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр .
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан
реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол
арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім
беру болып табылуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы
жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік
беруде.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту
әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған
(Hatte, 2009).Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан,
сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың
бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан
және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
(Мұғалімге арналған нұқаулық, 6 бет).
Осы Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық
тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.Міне, осы сындарлы оқытуды негізге алған
бағдарламаны оқу барысында 7 модульді оқып үйрендім.Дәстүрлі оқыту жүйесінде баланы бағалауда
тек мұғалімнің ғана ықпалы болатын және көбіне баланың жауап беру стиліне қарап салыстырмалы
немесе ынталандыру бағасы қойылатын, сонымен қатар нақты білім бағаланатын. Бүгінгі білім
беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып,
мұғалім-шәкірт арасында рухани байланысты айқындайды.
Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі – мұғалім. Оқушылар әр пәннен
алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы
уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта,
қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде
бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту,
тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Осы жеті модульді сабаққа қолдануда жететін
жетістіктерімізге тоқталайын.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Сыныпта « оқуды үйрететін » орта қалыптастырып, жаңа нәрсені сынақтан өткізуге уақыт беріп,
бірін-бірі оқытуға аса мән беру. Кері байланыстың болуы маңызды екенін түсіне отырып,
түсіндіре алдым ба, әлде көмек қажет пе деген сұрақтарды әр сабақтан соң өзіме сұрақ қойып
талдаудан өткізіп отыру.
Топтық жұмыс жалпы тапсырманы орындау барысында өзара рөлдерін өзіндік дұрыс реттеуге үйрету,
өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға топтық қызметте балаларды
басшы,хатшы,тәлімгер,репортер болуға үйрету яғни өзара жұмыстың таңдаған ережелеріне бағыну
- бір-бірімен тіл табысу, өзара іскерлік қарым-қатынас орнату және қолдау;
- оқушылар өзара пікірталас өткізуге, өз ойын жеткізуге және басқаны тыңдауға, өзінің шындығын
дәлелдеу және басқа балалар көзқарасының дұрыстығын қабылдау.
-топтық жұмыста әр оқушының қатысуға мүмкіндігі бар
-топ құрамында рөлдер ауысып отырады
-әр топтың теңдік қарым -қатынастары мен өзара әрекеттесу дағдылары қалыптасады.
Уақытты тиімді пайдаланасың және төмен оқитын оқушылар топпен бірлесіп сабақ айтуға
ұмтылады. Нәтижесінде оқушылардың барлығы сабаққа қатысады. Қатыспайтын оқушы болмайды.
Бұрын өзім түсіндіріп, өзім сұраққа жауап алатын едім. Қазір басқаша. Оқушылар өздері ізденіп,
сұраққа жауап береді.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Үшінші деңгейлі курсқа қатысып сұрақтардың сапасы
186
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
жайлы пікірім өзгерді. Мені жоғары деңгейде ойлауға жетелейтін сұрақтар ойлап табу
қызықтырды. Осыны жетілдіргім келіп, жұмыстандым. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі
болып табылады, себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады
және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. ( «Мұғалімге
арналған нұсқаулық», 41-бет)». Бір ғана жауабы бар сұрақтардан гөрі бірнеше жауабы бар немесе
ойланып, зерделеуді , дәлелдеуді қажет ететін сұрақтар қоюға тырысамын. Сонымен бірге жас
шамасын да ескеру маңызды деп білемін. Егер жасына лайық емес ауыр сұрақ қойсақ, оларда
тежелу басталады деп ойлаймын. Оқушылардың қызығушылығын туғызған қызықты сұрақтарға
әрқайсысы өз деңгейінде жауабын беріп жатады. Мейлі, қате жауаптар да болса да. Ең бастысы
пікірдің құнды екендігін түсіне отырып, оқушының қызығушылығы оянды, пікірін айтты ғой. Ал
қате жауапты жолдастары түзетеді немесе талдау барысында өзі-ақ түсінеді.Тек үндемей қалу ғана
қорқынышты. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл –балалардың жеке басының тәжірибесіндегі
дәлелдерге мән беруге ынталандыру. («Мұғалімге арналған нұсқаулық», 49-бет)
Әрине, оқу үдерісінде сұрақты үнемі мүғалім қоймайды, оқушылар да қояды. Олар бірден жауап
бере салмайды, сәл кідіріс жасайды..Басқа оқушының қол көтеріп жауап беруін күтемін. Егер
жауап табылмай жатса ғана дұрыс жауап айтыладыМеніңше, егер жұмыс барысында сұрақ
туындаса, онда қызығушылық бар деген сөз. Сұрақтың болмауы-жұмыстың өз деңгейінде өтпегенін
білдіреді деп ойлаймын. Бұл менің жеке өз пікірім,
Осы оқуға келген соң сұрақты ойланып қоюға, сұрақ мазмұнына мән беріп отырамын. Халықта:
«Сұрағыңа жауабым сай» деген сөздің мағынасына сүйене отырып, сұрақ қою да бір өнер екендігін
аңғарту. Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып
табылады – деп Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани айтқандай шәкірттеріміздің саналы мен сапалы
жауаптарын бағалау.
11.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Сыныпта оқыту үшін бағалауды қолдануды «қара жәшік» ішіндегі жұмыс ретінде бағалай
келе, «Қара жәшік» ішіндегі жұмысты:
•
Сұрақтың дұрыс қойылуы
•
Сыныптасын және өзін – өзі бағалау
•
Оқушылармен бірге критерийлерді талдау.
•
Кері байланысты қамтамасыз ету – деп оқушының өзін – өзі бағалауын дамытуды басты
орынға қойған. Нұсқаулық (60 бет).
Себебі бақылаушы оқушылардың бірі тобындағы құрдастарының бірінің ұпай сандарын
көтермелеп көрсетсе, тағы біреуі дұрыс төмендетіп көрсеткен. Интерпретация қызығушылық
тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі –
деп Нұсқаулықта (58 бет) көрсетілген. Оқушыларға орындалған тапсырмаларын бағалау үшін
оларға бағалау критерийлерін шығаруға, сол сияқты бағалаудың формативті түрі арқылы өзара және
өзіндік бағалауға мүмкіндік беріп отыру. Әр түрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу
түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критерийлерін құрастыру. Формативті бағалау
кезінде оқушылар өз ойларын еркін айтуға үйрене бастайды. Бағалаудың оқушылар үшін
маңыздылығы туралы Александер ( 2001) оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше,
олар үшін «тұйыққа тірелу» - жаңаны білу жолындағы кезекті қадам – деп көрсетілгендей – ақ
оқушылар өздеріне қиындық келтірген сұрақтарды құрдастарынан сұрау арқылы жағдайдан
шығуға ұмтылады деген. Себебі оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің қорытынды
бөлімінде – бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін
бес басты фактордан тұрады ол:
•
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
•
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
•
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
•
Бағалаудың оқушылардың өзін – өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал
ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға ықпал етеді.
187
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
•
Оқушылардың өздерін – өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға
болатындығын түсінудің қажеттілгін баса көрсеткен.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ)
Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып оқушылардың танымдық
қызығушылықтарын арттырып, уақытты үнемдедім. АКТ-мен жүргізілген сабақ оқушылардың
сабаққа деген қызығушылықтарын оятуымен қатар уақыт үшін өте тиімді. Бір сабақта оқушылармен
біршама жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ оқушының өз бетімен ізденуіне, қателерін өздері
тауып түзетуге, көру арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс
жасауларына жағдай жасалады. Жоғарыда аталғандармен қатар компьютердің көмегімен
жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындатуға болады.
Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:
• Білім беру мекемелерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен, интерактивті
тақталар және мультимедиялық кабинеттерді пайдалана отырып, кез-келген пән бойынша
электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізу ;
АКТ-ны пайдалана отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге машықтандыру;
Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу;
Әр оқушының ақпараттық техника құралдарымен жұмыс жасауларына мүмкіндік тудыру.
•
Талантты және дарынды балаларды оқыту
«Дарынды тұлға– халқымыздың ең қымбат байлығы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай
дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күнде өте қажет, себебі
дарынды адам қоғамға көп пайда әкеледі. Адамның дарындылығы оның туа біткен қасиетімен тығыз
байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін
қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атайды.
«Талант - табиғаттан, талап – өзіңнен»- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз айтып өткендей
оқушыларымыздың білуге талаптануына жол ашу. Дарын мен талант туралы Шерхан Мұртазаның
мына нақыл сөзі ойға оралады: «Дарынды - дарын таниды », «Таланттылар - раушан гүлі сияқты жан-
жағына жұпар шашып тұрады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Берілетін тапсырмалар мен
сұрақтардың әр уақытта баланың жас шамасына қарап отырып таңдау. Егер шамадан тыс ауыр
тапсырма берілсе, ынтасы жойылады .
Оқытуды басқару мен көшбасшылық. Топтық тапсырмаларды орындау кезінде жылдам
оқушылар баяу оқушыларға көмектесіп, жоғары деңгейлі тапсырмаларды таңдайды және пәннің
кеңесшісі рөлін атқарды. Осы әдіс арқылы көшбасшыларды шығарып, олардың жұмыстарын
қадағалап, сыныпта «ынтымақтастық атмосферасы» құрылады. Сондықтан да оқыту процесінде
басты салмақ оқытушыдан оқушыға ауыстырылуы тиіс. Үйрету мүмкін емес, тек үйренуге болады
деген өз ойымды, шығыс даналығында айтылатын «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде
қалар, ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын» яғни, бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту,
үйрету қажет деген сөзбен тұжырымдағым келеді. Сөйтіп, оқыту мен үйрету процесінің негізінде
көшбасшы оқушыларды қалыптастыру.
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол
рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты
жүректен ұға білу болып табылады -В.А.Сухомлинский айтып кеткендей мектеп – үйрететін орта,
оның жүрегі - мұғалім.Бағдарламаның оқушыға тиімді боларын, оған білім мен тәрбиені қатар алып
жүрудің қыр-сырын ағылшындар ашып көрсетіп отыр. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп халқының
болашағы үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсарин айтқандай: Әрбір мұғалім өзін
мектептің жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс. Өз ісіне аса
ықыласпен ден қоя отырып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білу.
Бағдарламада зерттеуші-психолог Шульман түсінік, дағды және тұтастықты «мұғалімнің үш
көмекшісі» деген. Оны бас - кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби-
өнегелік тұтастық деп түсіндіреді. Бұдан біздің ұққанымыз, әр мұғалім теория мен тәжірибені
ұштастыра отырып, шын ынта-ықыласымен оқушыларға мейірімділік, аяушылық, құрмет таныта
білуі тиіс. Бұл біздің біліктілігіміз бен рухани құндылығымыз жоғары деңгейде болуы керек деген
сөз.
188
45minut.kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым топтамасы
Мұғалім өзінің терең білімімен ғана баланың жан дүниесіне мәнді мазмұн енгізеді. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше қабілеті оның сабақты түрлендіріп, шәкірт жүрегіне жол
таба білуі. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек.
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның
мұғалімдігі де жойылады» -деп орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай,
әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық
технологияларды жәнеосы бағдарламадағы 7 модульді өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ
тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл тұрғыда оқытудың қыр-сырын үйреткен
тренеріміз – Рамазанова Ағуза Далабайқызының еңбегі зор. Жаңашыл ұстаздың шынайы көрінісін
көрсеткен осындай ұстазыма мың алғыс. Сындарлы оқыту теориясының негіздері еліміздің білім
беру саласына тереңінен сіңіссе, білімді де тәрбиелі, өз елін сүйетін, рухани құндылықты бойына
сіңірген жастар өсіп шығары белгілі. Ал, жастар – еліміздің болашағы. Болашағымыз жарқын,
еліміздің де іргетасы мығым болса, өмірімізде әрлі болары анық
Достарыңызбен бөлісу: |