Жаңа буын оқулықтарын талдап, рецензия жазу. Жаңашыл-әдіскерлердің ұсынған әдістемесінің ерекшеліктерін ашып көрсету, талдау. Дәстүрден тыс сабақтардың өзіндік ерекшелігі мен мәнін айқындау


Оқулықты бағалаудағы маңызды өлшемдерге мыналар кіреді



бет2/2
Дата26.03.2023
өлшемі52,52 Kb.
#76178
түріОқулық
1   2
Байланысты:
ТО 1-тапсырма (2)

Оқулықты бағалаудағы маңызды өлшемдерге мыналар кіреді:
бірінші, жалпыадамзаттық құндылықтар мен халқымыздың этномәдени ерекшеліктерінің көрініс беруі; екінші, пән бойынша білім беру мемлекеттік стандарт талаптарына бағытталуы; үшінші, оқу материалының түсініктілігі; төртінші, оқушының ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттың болуы; бесінші, ұрпақтың болашақ өміріне бағыттылығы; алтыншы, оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіретін материалдардың қамтылуы; жетінші, өзіндік бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағдарлануы; сегізінші, өмірлік маңызды біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы; тоғызыншы, шығармашылық сипаттағы және дамыту тапсырмаларының болуы; оныншы, оқу материалының практикалық бағыттылығы, яғни теория мен практиканың тығыз байланысы, т.б.
Осы он қағида орындалса, оқулықтың оңалары күмән туғызбайды.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді мектеп мұғалімдерінің тәжірибесіне енгізу оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдылар беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді, алайда дұрыс әдіс- тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Оқушылар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына дәріс, конференция, пікірталас, компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері – оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат – сабақтың құраушылары деп қарау керек. Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері. Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері. Ой қорыту сабақтарына: дәріс, семинар, сынақ сабақтар, ХХI ғасыр көшбасшысы сабағы, қосар сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады. Семинар сабағы – Семинар сабақтары көбінесе оқылған дәріс тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. «Дебат» (Debate) немесе пікірталас әртүрлі контекске орай сыни тұрғыдан ойлау немесе іскер ойын ретінде ұғынылады. Пікірсайыс – дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Дебат бағдарламасы тыңдармандарды пікірталас үрдісіне тарту арқылы интеллектің даму технологиясын ұсынады. Пікірталасқа түсушілердің мақсаты, әдетте, даулы проблемалар бойынша қандай да бір позицияны қорғап, өзге позицияны теріске шығаруды көздейді.
Жастар пікірсайысының арнайы құрылымы, ережесі бар, тақырып аясы мен уақыты шектеулі. Пікірсайыстың әзірге үш-төрт үлгісі бар. Олар:
-мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер дебатының бағдарламасы;
-студенттерге арналған Американ Парламенттік Дебаты және Британ Парламенттік Дебаты;
-Линкольн және Дуглас пікір сайысы.
Сабақтарда пікірсайыс әдістемесін түрлендіре пайдалану оқушыларды ізденуге, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.
- өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеуге баулиды;
- шығармашылық қабілеті шыңдалады, шұғыл шешім қабылдай білуге үйренеді, кітапханамен байланысы нығаяды;
- оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтанады.
Дебат ойындарында кейсті дұрыс құру өзіндік роль атқарады. Керекті кейсті құрарда нақты кезеңдерді есте ұстауы шарт. Бұл жерде топтың ұстанатын көзқарасы басты назарда болады. Топ көзқарасы – қарарды зерттеу кезінде пайда болған білімнің, дәлелдердің, ақпараттардың жиынтығы. Сонымен жақтау кейсін құрудың бес кезеңі:

  1. Ой жүгірту арқылы алғашқы дәйектерді анықтау;

  2. Негізгі пікірлерді қолдайтын дәлел іздеу;

  3. Дұрыс түсіну үшін алғашқы дәйектерді жетілдіру;

  4. Кейс жазу;

  5. Кейсті әсірелеу.

Мектеп оқушыларына арналған саяси элементтері бар Карл Поппер ойынының ережесіне келсек, оның ерекшелігі – кейстің құрылымында. Жақтау тобы жоспарын таныстыруы және қорғауы керек, сол жобадан шыққан пайдалы нәтижені анықтауы керек. Даттау тобы жақтау тобы ұсынған жобаға даттау жасайды, яғни жоспарынан келетін шығын мен зиянның салдарын көрсету керек.
Ал пікірсайыстағы даттау тобының өте жақсы терістеуі жақтау тобының логикасы мен құрылымына сәйкес құрылады.
Жақтаушы Даттаушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет