§79. -тч дыбыстар тіркесімен аяқталатын сөздердегі т әрпі
түсіріліп жазылады: skoch, skech, mach.
§80. щ әрпі төл сөздерде shsh әріп тіркесімен, ал шеттіл-
дік сөздерде sһ әрпімен таңбаланады: ashshy, tushshy, keshshe;
ýchılıshe, praporshık.
§81. э әрпі е әрпімен жазылады: element, elevator, epopeıa,
poetıka, koefısent.
Е с к е р т у. -оэ әріп тіркесімен аяқталатын сөзде э әрпінің
орнына ı жазылады: aloı, kanoı.
§82. ю әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде
сөз басында және дауысты дыбыстан кейін ıý әріп тіркесімен:
aıý, oıý; Iýpiter, Iýrmala; kaıýta, ал дауыссыз дыбыстан, айы-
ру белгісі
(ъ) мен жіңішкелік белгісінен (ь) кейін ú әрпімен
таңбаланады: parashút, absalút, glúkoza, debút, prodúser, lúks,
salút, valúta, búdjet, búrokratıa, sújet, búleten; fúchers, kompúter,
tútor, konúktýra, konúktıvıt. Қосымша соңғы буынның үндесімі-
не сәйкес жалғанады.
26
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған ю орнына у́ жазыла-
ды: qıý, kıý, dıý.
§83. я әрпі төл сөздерде, сонымен бірге шеттілдік сөздерде
сөз басында, дауысты дыбыстан кейін, айыру белгісі
(ъ) мен
жіңішкелік белгісінен
(ь) кейін ıa әріп тіркесі арқылы: ıaǵnı,
qoıan; Iаlta; soıa, ıdеıa; gıperıadro, sýbıadro; alıаns, konıak, ал
дауыссыз дыбыстан кейін а́ арқылы таңбаланады: akýmýlа́tor,
mýláj, zarа́d, kalkýlа́tor. Қосымша соңғы буынның үндесіміне
сәйкес жалғанады.
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я-ның орнына а жа-
зылады: qıar, sıa, Túrkıa, jarıa.
Достарыңызбен бөлісу: |