§88. дж әріп тіркесі бар сөздерде д әрпі түсіріліп, қосым-
шалар үндестік заңы бойынша жазылады: menejer (-diń, -i, -ge,
-ler), jınsy (-nyń, -sy, -ǵa, -lar), jentіlmen (-niń, -i, -ge, -der).
28
Е с к е р т у. -дж әріп тіркесінің арасынан буын жігі өтетін
және сөз мағынасы өзгеретін жағдайда d әрпі сақталып жазы-
лады: búdjet, lodjy.
§89. Сөз соңындағы қайталанған қосар әріптің біреуі
түсіріледі: klas (-tyń, -y, -qa, -tar), hol (-dyń, -y, -ǵa, -dar), bal
(-dyń, -y, -ǵa,-dar).
§90. Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн,
бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі
түсіріліп жазылады: patıson, komısar, resor, profesor, prosesor,
asonans, dısonans, dısıdent; gramatıka, komýna, ımýnogen,
ımıgrant, programıs, mamologıa, sımetrıa, amıak, anagram,
kardıogram; metalýrgıa, elıps, elınızm, kolej, sılabýs, koloıd,
bılıard, brýselóz, talı, kolokvıým, trıler, alofon, troleıbýs, alúzıa;
kotej, atestat; efekt, efýzıa, afekt, afrıkat, koefısent; týnel, aneksıa,
anotasıa, baner, tenıs, konotat; abrevıatýra, gıbon, korespondent,
popýrı, sparıń, korektor, korozıa, presýpozısia, aparatýra, aplıkasıa,
ıpodrom, opozısıa, oponent; aglútınatıv, sýgestıa; adıtıv; akaýnt,
akord, akredıtasıa, hokeı, ındıvıdým.
Е с к е р т у. Сөз мағынасы өзгеретін жағдайда сс, мм,
лл, тт, нн, бб, рр, пп, дд, кк әріптері сақталып жазылады:
esse, mass-medıa, massa; sammıt, ballada, mıllıgram; getto,
nettо; tonna, vanna; súrrealızm, ırrasıonal, ırreal; trýppa; býdda,
býddısm; ekker.
Достарыңызбен бөлісу: |