VІІ тарау
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ
§74. Басқы әріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас әріп-
пен жазылады: EQYU (Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq
uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ (Ashyq aksıonerlik qoǵam);
JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dúnıejúzilik
densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу
заңдылықтарына сәйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa;
ЕO-ǵa; JShS-nyń; AQ-nyń; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, AQSh-qa, JShS-
ǵa, MKK-ge.
§75. Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған әлемдік
мәртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тілін-
дегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, KAF. Қосымшалар
қысқарған сөздің айтылуына қарай, дефис арқылы жалғанады:
UNESСO-nyń, -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyń, -ǵa; KAF-tyń, -qa.
§76. Күрделі атаулардың құрамындағы сөздерден жасалған
аралас қысқарған сөздер төмендегіше жазылады: QazUÝ
(Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Euroodaq (Еуропалық одақ). Қо-
сымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ-dyń, -ǵa;
Euroodaqtyń,-qa.
25
VIIІ тарау
КЕЙБІР КИРИЛЛ ӘРІПТЕРІ МЕН ШЕТТІЛДІК
СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ
§77. ё әрпі о́ әрпімен таңбаланады. Оларға қосымша соңғы
буынның үндесіміне сәйкес жалғанады: manо́vr (-diń, -i, -ge, -ler),
brýselо́z (-diń, -i, -ge, -der), aktór (-diń, -i, -ge, -ler), amóba (-nyń,
-ny, -ǵa, -lar), dırıjо́r (-diń, -i, -ge, -ler), rejısо́r (-diń, -i, -ge, -ler).
§78. ц әрпі және сц әріп тіркесі s әрпі арқылы жазылады:
sırk, sıfr, sılındr, sırkýl; desımetr, medısına, proporsıonal, abzas,
kvars, konstıtýsıa, korporasıa, seh; senarı, sıofıt, abses, absısa,
plebısıt.
Е с к е р т у. Қатар келген ц әрпі ts тіркесі арқылы таңбала-
нады: pıtsa, Nıtsa.
Достарыңызбен бөлісу: |