§85. Жіңішкелік белгісімен (ь) келген буын құрамында e,
ı әріптері бар сөздерде жіңішкелік белгісі ескерілмейді, қо-
сымшалар түбірдің соңғы буын үндестігіне сәйкес жалғанады:
akvarel (-diń, -i, -ge, -der), stil (-diń, -i, -ge, -der), lager (-diń, -i,
-ge, -ler), artıkl (-diń, -i, -ge, -der), kegl (-diń, -i, -ge, -der), premer
(-diń, -i, -ge, -ler), premera (-nyń, -ǵa, -lar), relef (-tiń, -i, -ke, -ter),
barelef (-tiń, -i, -ke, -ter), brakoner (-diń, -i, -ge, -ler), barer (-diń,
-i, -ge, -ler), shıfoner (-diń, -i, -ge, -ler), kelt (-tiń, -i, -ke, -ter), fılm
(-niń, -i, -ge, -der), gelmınt (-tiń, -i, -ke, -ter), atele (-niń, -si, -ge,
-ler), relef (-tiń, -i, -ke, -ter).
Е с к е р т у. Ономастикалық атаулар мен кейбір мағынасы-
на нұқсан келетін сөздерде жіңішкелік белгісінің
(ь) орнына ı
әрпі жазылады: Pıer; pıesa, lıe.
§86. е әрпінің алдында тұрған айыру белгісі (ъ) ескеріл-
мейді, қосымшалар соңғы буын үндесіміне сәйкес жалғанады:
sýbekt, оbekt, ıneksıa, feldeger, adektıv.
§87. Шеттілдік бірқатар сөздер түпнұсқа тілдегі тұрпатына
ұқсас жазылады және оларға қосымша буын үндестігіне сәй-
кес жалғанады: moderator (-dyń, -y, -ǵa, -lar), marker (-diń, -i,
-ge, -ler), stepler (-diń, -i, -ge, -ler), vaýcher (-diń, -i, -ge, -ler),
sýpervaızer (-diń, -i, -ge, -ler), aıfon (-nyń, -y, -ǵa, -dar), banknot
(-tyń, -y, -qa, -tar), bankomat (-tyń, -y, -qa, -tar), planshet (-tiń, -i,
-ke, -ter), onlaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), oflaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar),
dızaın (-nyń, -y, -ǵa, -dar), barmen (-niń, -i, -ge, -der), bıznesmen
(-niń, -i, -ge, -der), resepshn (-niń, -i, -ge, -der), skrınshot (-tyń, -y,
-qa, -tar), blokbaster (-diń, -i, -ge, -ler), fýrshet (-tiń, -i, -ke, -ter).
Достарыңызбен бөлісу: |