ЖаңА Әліпби негізіндегі астана, 2018 Қазақ тілі емлесінің ережелері



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата31.05.2022
өлшемі473,73 Kb.
#36045
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Емле соңғы

§18. немесе z дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh да-
уыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің 
негізгі тұлғасы сақталып жазылады: tuzsyz (tussyz емес), sózsiz 


13
(sóssiz емес), jazsyn (jassyn емес); basshy (bashshy емес), aýyzsha 
(aýyshsha емес), qussha (qushsha емес).
§19. n дыбысына аяқталатын сөздерге ǵ, g, b, m дауыссыз-
дарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі 
тұлғасы сақталып жазылады: burynǵy (buryńǵy емес), janǵa 
(jańǵa емес), qaýynǵa (qaýyńǵa емес), túngi (túńgi емес), tómengi 
(tómeńgi емес), júgenge (júgeńge емес), janbaıdy (jambaıdy емес), 
kónbedi (kómbedi емес), senbeıdi (sembeıdi емес), saımanmen 
(saımammen емес).
§20. k, q, p дауыссыздарына аяқталған түбір сөзге тәуелдік 
жалғауы жалғанғанда, g, ǵ, b болып ұяңданып жазылады: júrek 
– júregi, súıek – súıegi, kúrek – kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq – 
baıraǵy, taraq – taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi; 
Ал осы дауыссыздарға аяқталатын етістік түбіріне көсемшенің 
-а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b, ý болып жазылады: ek 
– egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi, 
keýip, jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, 
sapynda, tarap – tarapynda, tarapymyzdan, qazaq – qazaqy тәрізді 
сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.
§21. Түбір сөзге -hana, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, 
-tal, -dar, -qor, -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді 
араб, парсы тілінен енген және төл қосымшалар сөздің соңғы 
буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, 
emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; 
jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qairatker; 
sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; 
paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, 
qyzben.
§22. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен 
келген біріккен сөздерде септік жалғаулары сөздің тәуелдік 
формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, Elbasynda, otbasyna, 


14
otbasyn, otbasynda, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasynda, 
otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasynda, otanasyna, otanasyn, 
otanasynda. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет