V тарау
ДЕФИСПЕН ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ
Қос сөздер дефис (-) арқылы жазылады.
§40. Қайталама қос сөздер дефис арқылы жазылады: lek-lek,
alýan-alýan, júre-júre, kóre-kóre, sóıleı-sóıleı, bıik-bıik, kóp-kóp,
taý-taý, pah-pah, áýkim-áýkim.
§41. Сыңарлары өзара мағыналас және қарама-қарсы бо-
латын, сондай-ақ сыңарларының мағынасы көмескіленген
қос сөздер дефис арқылы жазылады: syı-qurmet, úgit-nasıhat,
oı-óris, ydys-aıaq, telegeı-teńiz, salt-dástúr, er-toqym, el-jurt, jer-
jahan, kúsh-qaırat, ońtústik-shyǵys, júrek-tamyr syrqaty, shtrıh-
kod, emdik-saýyqtyrý, oqý-jattyǵý, ákimshil-qysymshyl; úlken-kishi,
kári-jas, alys-jaqyn, ashshy-tyshshy, alys-beris, joǵary-tómen,
kóshi-qon, aıtty-aıtpady, kirer-kirmesten, kelimdi-ketimdi, kári-
qurtań, kóılek-kónshek, et-met.
§42. Қосарланған болжалдық сан есімдер дефиспен жазы-
лады: bir-eki, alty-jeti, úsh-tórt, otyz-qyryq, altaý-jeteý, bireý-ekeý.
§43. Еліктеуіш, бейнелеуіш мәнді қос сөздер дефис арқылы
жазылады: jalt-jult, satyr-sutyr, qalt-qult, shaqyr-shuqyr, shart-
shurt, sart-surt, sart-sart, tars-turs, tars-tars.
§44. Грамматикалық тұлғалармен келген қос сөздер де-
фис арқылы жазылады: týradan-týra, joǵy-joq, qoldy-qolyna,
ózinen-ózi, qaraptan-qarap, bardy-joqty, azdy-kópti, tekten-tekke,
teginnen-tegin, qolma-qol, betpe-bet, kózbe-kóz, jolma-jol, barar-
19
barmas; bılep-tóstep, sharshap-shaldyǵyp, kórgen-túıgen, jýyp-
shaıyp, qyryp-joıyp, jylap-eńirep, ósip-ónip.
§45. Араб цифрымен берілген санға қосымша дефис арқылы
жалғанады және түсірілген -ynshy (-inshi), -nshy (-nshi) қосым-
шасының орнына дефис қойылады, ал рим цифрымен беріл-
се, дефис қойылмайды: 6-ǵa, 100-ge deıin, 10-15-ten; 2018-jyl,
5-sanat, 3-kireberis, 10-qazan, 2-aqpan, 136-bap, 1-úı, 9-páter,
ХХІ ǵasyr, III tom, IV taraý. Бірақ № шартты белгісімен тірке-
сетін араб цифрлы сан есімдер дефис арқылы ажыратылмай-
ды: №82 mektep, direktordyń №5 buıryǵy, №107 qaýly, №17 kiris.
§46. Цифрға тіркелетін % (пайыз),
0
С (Цельсий) таңбала-
рынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазыла-
ды: 50 %-ǵa, 10
0
С-den tómen.
§47. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазыла-
ды: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-
qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.
§48. Ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис
арқылы жазылады: у́eb-braýzer, у́eb-dızaın, у́eb-ınterfeıs, у́eb-
saıt; eks-ákim, eks-múshe.
§49. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары
өздерінен бұрынғы сөздерден дефис (-) арқылы бөлініп жазы-
лады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy,
barypty-mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bar-tuǵyn, joq-tuǵyn.
§50. Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғана-
ды: AAQ-nyń, QazUPÝ-ǵa, UNESCO-ǵa (§74-76 қараңыз).
|