> Ливандағы қоқыс
Нисрин Шаер, Утрехт университеті, Нидерланды
2
015 жылдың тамыз айында
Ливандағы
қалдықтар
дағдарысына
қатысты
наразылықтар ауқымды анти-
коррупциялық қозғалысқа ұласты.
Қалдық менеджментінің дағдарысы
елдің мемлекеттік және секталық
партияларының
азаматтық
пен
таптық бөлінісіне негізделген зорлық-
зомбылық сызбаларын көрсететін
және оны күшейтетін жолдарын
анықтайтын Ливанның биосаясатына
көз жүгіртуге мүмкіндік береді.
Бейруттың
қоқыс
дағдарысы
2015 жылдың шілдесінде қал-
дықтар қала көшесіне жиналып
қалғанынан басталды. Үкіметпен
келісімшарттары саяси байланыс,
коррупция мен ұрлық-қарлыққа
негізделген, Ливандық жекешелендіру
үлгісіне сәйкес болып есептелетін
дағдарысының
биосаясаты
байланыстары бар қоқыс жинайтын
Sukleen компаниясы мен Үкімет
арасындағы ұзақ мерзімге созылған
келісімшарт аяқталды.
Азаматтық қоғамның орта табы мен
әлеуметтік медианың белсенділерінен
құралған «Сен сасисың» кампаниясы
азаматтық
қоғам
ұйымдары,
студенттер топтары, солшылдар,
антисектанттық, феминистік ұжым-
дарды қамти отырып, қоғамға кең
тарады, наразы топты коррупция,
непотизм,
қоғамдық
кеңістіктің
болмауы, сектанттық тәртіпті тоқтату,
полицияның зорлық-зомбылығы үшін
жауапкершілікті күшейту тәрізді
мәселелер біріктірген.
29 тамызда өткен негізгі наразылық
шарасына 70 мыңнан астам адам
қатысты. Бірақ, бетбұрыс кезең бір
апта бұрын, «Сен сасисың» шарасын
Бейруттегі қоқыс үйінділері.
ұйымдастырушылар өздерін көшедегі
наразы топтан бөлініп кеткенде
басталған еді. Наразылық шаралары
зорлық-зомбылыққа ұласып, көптеген
адамдар бейбіт шеруді арандатушы
Moundassin-дер ретінде - арабтың
баскесерлер мен жансыздарға үшін
қолданатын сөзімен - айыпталды.
Тіпті, «Сен сасисың» тобы наразылық
танытқан жастарды Амал саяси
партиясының
«қарақшылары»
деп атап, билікті агрессиялық
ұстанымдағы наразы топқа қарсы
күш қолданып, көшелерді осы
«арандатушылардан»
тазалауға
шақырды.
Келесі күндері демонстранттардың
басым бөлігі (көбіне солшылдар)
«Мен - тыңшымын!) деген ұранмен
«Сен сасисың» тобына қарсы
шықты және оның жетекшілерін
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
13
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
адамды қорлайтын Moundass сөзін
қолданғаны үшін айыптап, кешірім
сұрауды талап етті.
Бірақ, бұл оқиға бөлінудің тереңдеп
кеткенін көрсетті. Олардың Mou-
dassin сөзін Ливандық медиада
қолдануын бірқатар саясаткерлер мен
белсенділер таптық/нәсілдік сипатқа
өзгертіп, наразылық танытушыларды
«түрлі келбеттегі» жандар ретінде
бағалап, олардың әрекетін жоққа
шығарды. Бір ливандық газет оларды
«иттер» деп атаса, өзгелері «жартылай
жалаңаш адамдар» және «бет перделі
адамдар» деп атады. Сунниттер мен
христиан саяси партияларына тиесілі
кейбір масс-медиа шерушілерді
Әл Гамик Хандада тәрізді шийт
аудандарынан келген жұмысшы
топтары ретінде көрсетті және оларды
Хизбуллах партиясымен байланысы
бар екендігін алға тартса, тағы бір
медиа құралдары шерушілерді Сирия
мен Палестинадан келген босқындар
ретінде көрсетті.
Шерушілерге қарсы шара өте
қатаң болды: полиция жасағына
олардың көзін жойып, белсенділерді
қолға түсіру үшін қару таратылды.
Moundassin лақабымен қаруланған
дегуманизация технологиясы табы-
сы төмен және ливандық емес
таптарды
шыққан
шерушілерге
қатысты күш қолдануды ақтап алды.
Moundassin деп аталатын ливандық
биосаясат жүйесінде жұмысшы
табы мен азаматтығы жоқ адамдар
қылмыскерлер ретінде танылып,
өліммен бетпе-бет қалдырылса,
керісінше элита саналатын бақуатты
топтың өмір сүруіне мол мүмкнідіктер
жасалды.
Шерушілер полицияның зорлық-
зомбылығынан қорғанудың өзгеше
түрлерін ұйымдастырып, қолданды.
Әрбір жаппай тұтқындаудан кейін
түрмелердің алдында стихиялы
түрде
отырыс-демонстрация
өтті және бұл жиі қайталанып,
қарсылық
тәсілдерінің
біріне
айналды. Ащы мысқылды әзіл
баннерлер демонизация мен In-
diseis
(инфильтрация)
терминін
пайдалануды сынға алды. Кейбір
баннерлерде «Je suis Khanda’» (Moun-
dassin келді деп есептелетін аймақтың
атауы), «Біз Moundassin-быз», «#In-
diseis», «Бұл Indiseis төңкерісі»,
«Келіңдер және Indass әрі менің
қандай жұмсақ екенімді көріңдер» деп
жазылса, біреулер топтың ішіндегі
жасырынған полиция «тыңшыларын»
әжуаға айналдырып жатты.
Moundass-тың осындай рекламация-
сы кең тарады. Бейруттың саудагерлер
қауымдастығының басшысы шеру-
шілерді «коммунистер» («Ресей-
дің запраны») деп атап, елдің
экономикасы
мен
«өркениетті»
келбетін қирататындығын айтқан
кезде
шерушілер
Бейруттың
орталығындағы қолжетімсіз, «сәнді»
және заңсыз жекешелендірілген
ауданды Сук Абу Рахоуза яғни «арзан
қол дүниелер базарына», ұсақ-түйек
және шоқпыт базарына айналдырып,
мыңдаған адам комментарийге бір
ауыздан пародия жасап, жаңа алаңды
көңіл көтеретін орын қылып алды.
Қаладағы қоқыстарға байланысты
өршіген
наразылықтардан
біз
ливандық тап жүйесі мен азаматтыққа
қатысты
қандай
қорытынды
жасай аламыз? Ливанның реттеу
жүйесі саяси элитаға қалдықтарды
басқаруға қатысты ұсыныстардан
да пайда табуға мүмкіндік береді,
бұл элита тұрғындармен саяси
сектанттық
нығайтып
тұрған
капиталистік-экономикалық
қаты-
настардың желісі арқылы тығыз
байланысқан. Ливандағы биосаясат
элита
саналмайтын
бұқараны
бағындыра және бақылай отырып,
элиталық топ пен олардың өмірін
жоғары экономикалық категорияға
айналдыратын
неолибералды
мемлекеттік және конфессияаралық
акторлармен тікелей байланысты.
Көптеген
қоқыс
полигондары
маргиналды аймақтарда орналасқан.
Іс жүзінде Sukleen компаниясымен
арадағы келісімшартқа 1998 жылы
қол қойылған сәтте, қоршаған орта
мен адам денсаулығына аса қатты зиян
тигізетін орын ретінде қарастырылған
үлкен қоқыс полигонына баратын
жолды Наамех ауданының тұрғын-
дары жауып тастаған кезде-ақ
аяқталған. Үкімет бұл полигонды
2004 жылы жабуға уәде бергенімен,
ол 2015 жылға дейін пайдаланылып
келді. Қоқыс полигонына жақын
жерде өмір сүретін адамдар қоршаған
«Сен сасисыңды» жақтаушылар Ливан
үкіметіне наразылық білдіруде.
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
14
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
ортаның зиянды әсерін, токсиндер
канцерогенді ықпалын сезініп келеді,
қоқыс дағдарысы мен тап арасындағы
байланысты
иллюстрациялағанда
үкімет пен сектанттық партиялардың
қоқыс
полигондарына
жақын
жерде
өмір
сүретін
адамдар
тобын бақылап, оларды өлімге
итермелеп
отырғанын
көреміз.
Дегуманизация
үлгісі
мен
полицияның
қаталдығы
және
қоқыстың салдарынан тұрғындарды
экологиялық
зорлық-зомбылыққа
ұшырату сыбайласқан жетекшілердің
ондаған жылдар бойы Ливанды
басқарудағы тәртібінің архитектурасы
болып отыр. Қоқыс дағдарысы мен
көшелерде қалдықтардың жиналуы
саяси биліктегі жемқорлықты ашық
көрсетіп қана қоймай, сектанттық-
ұлттық мемлекет пен оның саясатына
тереңдеп еніп кеткен зорлық-
зомбылықтың таптық және нәсілдік
аспектілерін де жария етті.
Хаттарды Нисрин Шаер <
nisrine.chaer@gmail.com
>
жолдауға болады.
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
15
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
>>
> Аса зор
қатігездікті
заңдастыру:
Лиза Хаджар, Калифорния университеті, Санта Барбара, АҚШ
Израиль
2
016 жылдың 15 ақпанында
Джордж Вашингтон универ-
ситетінің профессоры, әлеу-
меттанушы Амитай Этциони
израильдік
Ha’aretz
журналына
«Израиль жойқын жарылғыш қаруды
Хезболла зымырандарына қарсы
қолдану мүмкіндігін қарастыруы
қажет пе?»
1
деген публицистикалық
Газа қаласына израильдік соққыдан кейінгі
жарылыстың түтіні мен өрт, шілде, 2014.
шолу мақала жариялаған болатын.
Аты аталмаған бір Израильдік
шендінің сөздерін келтіре отырып,
Хезболланың
100000-ға
жуық
зымыраны барын және тағы бір
әскери басшының ол зымырандардың
жеке тұлғалар үйінде орналасқанын
әрі мұның ұлттық қауіпсіздік
төңірегінде алаңдаушылық тудырып
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
16
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
отырғанын айтады. Этциони аталмыш
«зымырандарды жою үшін құрлықтық
әскерді жіберу екі жақтан да көптеген
адам шығындарын әкелуі мүмкін»
деп, оған балама ретінде көз жететін
диапазондағы барлық ғимараттарды
жермен жексен етуге қабілетті
қозғағыш арқылы іске қосылып,
аэразоль бұлттарын тудыратын Әуе
май жарылғыш заттарын (FAE)
пайдалануды талқылайды. Оның
ойынша, бейбіт тұрғындар жарылыс
туралы алдын ала ескертілгенімен,
кездейсоқ құрбандардың болуы бек
мәлім. Сондықтан, Израиль FAE
қолдануға мәжбүр болған жағдайда,
Израильді жақтырмайтын шетелдік
әскери сарапшылар мен мамандар
мұндай зымырандарға қалай жауап
беру керектігін анықтауы қажет дейді.
Мемлекеттер өзін-өзі қорғауға
құқылы, бірақ қару қолдану әскерлер
мен әскери нысандардың және бейбіт
тұрғындар мен нысандар арасындағы
айырмашылық, сәйкесінше күш
қолдану қағидасына негізделетін
Халықаралық гуманитарлық құқық-
пен реттеледі. Мемлекеттер әскери
нысандарға қатысты сәйкесінше күш
қолдануы тиіс және әскери нысандар
заңды болып табылуы шарт; бірақ,
тіпті
Хезболлалық
зымырандар
жеке тұлғалар үйінде орналасқаны
рас болса да, FAE сияқты жойқын
жарылғыш заттарды қолданудың
кез келген сценарийі сәйкесінше
күш қолдану және айырмашылықты
сақтау сияқты негізгі гуманитарлық
қағидаларды бұзады.
«FAE қолдану сияқты зорлықты
заңдастыруда
шетелдік
әскери
сарапшылар
мен
қоғамдық
интеллектуалдардың
демеуі
қа-
жет» деген Этционидің ұсынысы
Израильдің халықаралық құқыққа
деген
көзқарасымен
мағыналас
болып отыр. Халықаралық гума-
нитарлық құқықты жиі бұзып
отыратын мемлекеттер мен содырлық
ұйымдардан Израильдің жалғыз
айырмашылығы – өзінің зорлық
әрекетін стратегиялық қайта қарау
арқылы
заңдастыру
мүддесі.
Мысалы, ол 2000 жылы сотсыз өлім
жазасын қауіпсіздік мақсатында
қолдану құқығын қорғаған алғашқы
мемлекет болды. Израиль әскери
прокуратурасының бұрынғы басшысы
Даниель Рейзнердің Халықаралық
құқық туралы айтқаны:
«Біз қазір халықаралық құқықты
қайта қараудың куәсі болып
отырмыз. Егер бір шара төңірегінде
ұзақ әрекет етілсе, әлем оны
қабылдайды. Егер мемлекеттердің
жеткілікті
саны
қабылдаса,
халықаралық құқық – бүгін
тыйым салынған нәрсенің ертең
рұқсат етілетін дүниеге айналуына
құрылған. Халықаралық құқық
толықтай
зорлық-зомбылықты
заңдастыру негізінде дамиды»
2
.
FAE
қолданумен
байланысты
Этционидің сценарийі соңғы кездегі
Израильдің қатысуымен орын алып
отырған әскери шиеленістердегі
нақты
оқиғалар
мен
өзінің
стратегиясын айырмасыз жойқын
зорлық-зомбылыққа
ауыстыруын
ақтауы себепті үкіметтің ұсынған
негіздемесіне
құрылған.
2000
жылдың қыркүйегінде лауазымды
тұлғалар «қысқа мерзімді қарулы
қақтығыстар»
3
деп
сипаттаған
екінші интифада басында Израиль
«жау нысан» деп тапқанның бәріне
қорғаныс тәртібінде шабуыл жасауға
құқылы екенін айтқан болатын. Яғни,
ол айтып отырғандары – Палестина
билігіне қарайтын оккупацияланған
Батыс жағалау мен Газа. 2002
жылғы наурыздың соңында Нетания
қонақ үйінде Хамас мүшесінің
ұйымдастырған қантөгісті терактісіне
қарсы Израиль Батыс жағалауда ірі
көлемді әскери компаниясын бастады.
«Қорғаныс қалқаны» операциясы сол
кездегі Израильге мүмкін шабуылдар
мен болашақ зорлық-зомбылықтың
алдын алу мақсатында зорлық пен
жоюдың жазалау деңгейлерін қамтуға
бағытталған «шөп ору»
4
деп аталатын
жаңа стратегияны білдірген. Сәуір
айының
тоғызындағы
Дженин
ұрысында (1982 жылдан бергі
Израильдің ең ірі әскери операциясы)
он үш израилдік сарбаз бен
резервистердің барлығы өлтірілген
болатын, соның салдарынан лагерді
сарбаз шығынынсыз әрі жылдам алу
үшін Израильде саяси қысым күшейді.
Нәтижесінде ғимараттарға әскер
жіберудің орнына кейбіріне алдымен
оқ жаудырылды, палестиналықтар
Израиль сарбаздарын қорғау үшін тірі
қалқан болуға мәжбүр болды.
5
Әскери
мақсаттарды ескергенде, ол кезеңде
әуеден бомбалағаннан құрлықтық
операциялар дұрысырақ еді. Алайда,
қалалық операциялар – мемлекеттің
өз қарулы күші үшін қауіпті әрі
күрделі
тактика.
Адамдарды
қалқан ретінде пайдалану қалыпты
қорғану стратегиясы болатын, бірақ
Израильдің жоғарғы сотының 2005
жылғы үкімі ондай тәжірибеге тыйым
салды.
Түбінде
осы
факторлардың
жиынтығы әуеден яки қашықтықтан
жою
стратегиясына
ауысуды
ынталандырды. 2002 жылдың 22
шілдесінде Хамас көсемі Салах
Шехадехті
өлтіру
мақсатында
ұйымдастырылған
операцияда
Ф-16 әскери ұшақтары Әл-Дараж
қаласының
тұрғындары
тығыз
орналасқан аймағында бір тонна
бомба тастады. Бомба Шехадех
тұратын тұрғын үй мен жақын
орналасқан сегіз ғимаратты күлге
айналдырып, тоғыз адамның өліміне
себепкер болды. Шехадах пен оның
күзетшілерінен бөлек, балаларды
қоса санағанда 14 палестиналық қаза
тауып, 150 адам әр түрлі жарақат алды.
Бомба көлемі мен тұрғын алабын
нысандауға қоғамдық наразылық
израильдік
әскерилерді
тергеу
жүргізуге мәжбүрледі. Нәтижесінде
әскери қызметкердің, Шехадихтің
содырлық қатыгездігіне қатысты
бағыты ақталып, біршама әскери
қателіктерге жол бергені мойындалды.
Атап айтқанда, Шехадих қорғанының
жанында бейбіт тұрғындардың болуы
турасындағы ақпарат дұрыс берілмеді
деп сипатталды.
6
«Кінәсіз азаматтық тұлғалардың»
«заңды
нысаналар»
арасында
болуы риторикасынан құтылу үшін
Израильдің де-факто тірі қалқан
ретінде пайдаланған адамдарды
«жау азаматтық тұлғалар» санатына
жатқыза отырып, қаза болған
бейбіт
тұрғындардың
кінәсін
Израиль соққы берген, ұйымдасқан
топтарға жапты. Соған ұқсас Тель-
Авив университетінің профессоры
Аса Кашар мен Израиль әскери
>>
ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ
кеңесшісі генерал Амос Ядлин 2005
жылғы бірігіп жазған эссесінде әуе
операцияларындағы
соққыларын
«этикалық» таңдау болды деп
суреттеген. Олардың жазғандары:
Егер террористер комбатант еместер
қатарынан
алынып
тасталса,
жауынгерлер арасында шығынды
азайту ең соңғы басымдық қатарына
жатады. Біз мұндай тұжырымға
мүлдем қарсымыз, себебі бұл –
адамгершілікке жат. Комбатант –
формадағы азамат. Ол Израильде
көбіне не әскерге шақырылған кісі,
не жаттығу үстіндегі азамат […]
Террорға қатысушы тұлға […]
террорға қатысы жоқ тұлғалар
арасында өмір сүріп, әрекет
ету фактісі оларды қудалаушы
жауынгердің өмірін қауіпке тігуге
негіз бола алмайды.
7
Азаматтық тұлғаларға қатысты әскер
қауіпсіздік басымдылығын осылайша
қайта қарау азаматтық иммунитет
қағидасына кереғар. Сондай-ақ,
ХГҚ этникалық бірегейлік негізінде
айырмашылыққа жол бермейтіндігіне
де қарсы. Мұны Грегуар Чамиоу ХХ
ғасырдың екінші жартысында орын
алған өзін-өзі сақтау ұлтшылдығының
әсерінен халықаралық заңдардың
бұзылғанын
8
көрсете отырып, қарулы
қақтығыс заңының жарғышы және
«император жауынгеріне тиіспеушілік
қағидасы»
9
ретінде сипаттайды.
2005 жылы Израиль біржақты
тәртіпте Газадан өз әскерін шығарып,
аймақты қоршауға алды. 2006
жылы Хамас жеңген палестиналық
парламенттік
сайлаудан
кейін
және Палестина билігін Газадан
ығыстырған 2007 жылғы фракциялық
шиеленістен соң Газаны қоршау
күшейді. Бұл оқиғалар желісі
Израильдің
Газа
содырларға
бүйректерін
бұрып
тұрушылар
мекендейтін террористер басқаратын
аумақ және онда Хамас адамдарды
тірі қалқан ретінде пайдалануда
деген айыптарын қуаттады.
9
Бұл
ресми көмкеру Израильдің 2000
жылы окупацияланған Оңтүстік
Ливаннан бір жақты тәртіпте әскер
шығарғаннан кейінгі Израильдің
Хезболла басшылығындағы Ливан
аймақтары туралы риторикасымен
салыстыруға
келеді.
Газаны
шетелдік әрі жау деп суреттеу
Израиль, тіпті өзі соққы жасаған
кезде де азаматтық тұлғалардың
қауіпсіздігіне жауап беруге міндетті
емес дегенді білдіретіндей көрінді.
Нив Гордон мен Никола Перугини
түсіндіргендей, «post-hoc көмкеру
бейбіт тұрғындарды көптеп өлтіретін
бомбалауды заңдастыру үрдісі үшін
шешуші рөл атқарады, өйткені ол
Израиль күшті халықаралық құқық
шеңберінде
қолданылып
отыр.
Сондықтан
этикалық
жағынан
дұрыс».
10
Израильдің 2006 жылғы Ливанға
басып кіруі барысында «Дахия
доктринасының» Бейруттің оңтүстік
қалаларындағы тығыз шоғырланған
қуатты шеиіттерді толықтай жою
стратегиясына сай қасақана сәйкес
емес күш қолданды. 2008 жылы
Израильдің Солтүстік басқармасының
бұрынғы басшысы генерал Айзенкот
мәлімдемесінде «2006 жылғы Бейрут
аумағындағы оқиға Израильге оқ
атқан әрбір ауылда орын алады […]
Біз онда сәйкес емес күш қолданып,
аймақтарды жермен жексен етеміз.
Біздің тұрғымызда олар бейбіт
ауылдар емес, керісінше әскери
базалар […] Бұл – ұсыныс емес.
Бұл – жоспар және ол бекітілген.
11
Стратегиялық қисынды 2008 жылы
қазанда зейнеттегі полковник және
стратегиялық сарапшы Габи Сибони
жалғастырды:
Қарсыластардың әлсіз тұсына тең
емес соққы беру соғыс жүргізудің
негізгі басымдығы болса, зымыранды
іске қосудың алдын алу операциялары
қосымша басымдық[…] Мұндай
әсер қайта қалпына келудің ұзаққа
созылып, қымбатқа түсіретін залал
келтіру мен жоғары дәрежелі
жазалауы. Соққы мүмкіндігінше
жылдам жүзеге асып, бірінші кезекте,
іске қосу механизмдерін анықтауға
баса назар аудару қажет [...] Мұндай
жауап естен шықпайтындай соққы
бола отырып [...], израильдіктерге
шабуыл жасау мүмкіндіктерін ұзақ
уақытқа шегереді.
12
Шынында да, осы жаңа стратегия
қабылданғаннан кейін 2 айдан
соң Израиль Газа секторында
«Құйылған қорғасын» операциясын
бастады. БҰҰ құзіретті дерек
жинау миссиясының баяндамасына
сәйкес израильдік әскерилер де,
палестиналық соққы беруші топтар
да әскери қылмыстар мен бәлки
адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған.
Баяндамаға сай, Израиль «Газа
халқын толықтай» нысанға алып,
бейбіт тұрғындар мен содырларды
ажырата алмаған; азаматтық инфра-
қүрылымдарға израильдік шабуылдар
қасақана, алдын-ала ойластырылып,
ұйымдастырылған әрі анағұрлым ірі
стратегияның бір бөлігі болған.
2014 жылғы Газадағы соғыс,
сөзсіз, бүгінгі таңның ең қатал
әрі жойқын көрінісі болып отыр.
«Қорғаныс тіреуі» операциясында
6000-нан астам әуе соққысы, 50000
артилериялық не танк снарядтары,
қоса алғанда шамамен 21 килотонна
жарылғыш заттар іске қосылған.
Қаруды дрондар, Апачи және 2000
фунттық бомбаларды көтере алатын
Ф-16 ұшақтары арқылы қолданған.
13
Нысанаға
түрлі
масштабтағы
инфрақұрылымдар алынған, оның
ішінде, су қоймалары, электр
желілері, емхана, мектеп, университет,
көпқабатты үйлер, сауда үйлері және
Хамаспен байланысы болуы мүмкін
құрылымдар бар. Соғыс нәтижесінде
2100 палестиналық қаза тауып,
11 мың тұрғын әртүрлі дәрежелі
жарақаттар алған, олардың басым
бөлігі бейбіт тұрғындар болатын.
Толықтай отбасылар жойылып, қала
орамдары түгелімен жермен жексен
болған.
14
Әсіресе, қазіргі соғыс жүргізу
тәсілдері қатты өзгерген уақытта
соғыста
ненің
заңды
екенін
тәтпіштеулер мемлекеттер прак-
тикасының, соның ішінде қуатты
мемлекеттер практикасының арқа-
сында қалыптасады. Израильдің
қатігездіктің аса жойқын түрін
қолдануы және өзге мемлекет
азаматтарының
имунитеттерін
елемеуі,
сөзсіз,
ассиметриялық
қақтығыстарға қатысып отырған
мемлекеттердің осындай ақталуды
пайдалануға қызығушылығын арт-
тырады. Шындығында, Этциони-дің
шетелдік әскери сарапшылар мен
қоғамдық зияткерлерді болашақта
17
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
>>
|