Жаһандық диалог 2 ж урна л таяу Шығыстағы саясат



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата12.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8765
1   2   3   4   5   6   7

және тұрмыс

  Гендерлік  ерекшеліктерді  де  атап  өтуге  болады. 

Жас  австриялық  әйелдердің  білімі  ерлерге  қарағанда 

жақсырақ,  соған  қарамастан  олар  ер  әріптестерімен 

салыстырғанда  бір  сағаттық  жұмыс  үшін  23,4%  төмен 

жалақы алады. Австриялық әйелдердің ерлерге қарағанда 

меншігі де аз: әйелдердің жеке үй шаруашылықтарындағы 

байлығы ерлердің жеке үй шаруашылықтарына қарағанда 

40%  аз.  Осы  гендерлік  теңсіздік  «консерваторлық»  деп 

сипатталатын ақша аударылымымен байланысты дәстүрлі 

гендерлік  еңбек  бөлінісіне  негіз  болатын  әлеуметтік 

қамсыздандырудың  австриялық  үлгісімен  байланысты. 

Балаларды  күтетін  орталықтардың  болмауы  және 

дәстүрлі  отбасылық  ережелер  жұмыс  пен  отбасылық 

өмірді  үйлестірудің  негізгі  ауыртпалығын  әйелдерге 

артып қойып отыр. 

   

Австрияның  еңбек  саласындағы  саясаты  қоғамдық 



жұмыстардың  икемділігі  мен  дамуына  көбірек  ықпал 

етуде, бұл орныққан әлеуметтік теңсіздікті нығайта түседі: 

мигранттар мен әйелдерді жалақысы төмен және тұрақсыз 

жұмыс  орындарынан  кездестіру  мүмкіндігі  арта  түседі. 

Деңгейі  төмен,  дегенмен  өсіп  отырған  жұмыссыздық 

біліктілігі төмен адамдар мен мигранттарға ерекше ықпал 

етеді.  

Осылайша қырағы бақылау бір қарағанда тұрақты болып 

көрінетін  Австрияның  әлеуметтік  құрылымы  гендерлік 

және  этникалық  белгілеріне  байланысты  бөлініс  пен 

жіктелістің  тереңдегенін  және  әлеуметтік  теңсіздіктің 

баяу  өсу  орын  алып  отырғанын  көрсетеді.  Көпшілік 

айтатындай, басқаларға ертерек келетін жағымсыз нәрсе 

Австрияға бірнеше жылға кешірек келеді. 

Хаттарды  Корнелия  Длабаяға  <

cornelia.dlabaja@univie.ac.at

>,  Джулия  Хофманнға 

<

julia.hofmann@jku.at

> және Албан Кнехтке <

alban.knecht@jku.at

> жолдауға болады.



басқаларға ертерек келетін 

жағымсыз нәрсе Австрияға 

бірнеше жылға кешірек келеді



 30

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

> Әлеуметтік

   теңсіздік,

   босқындар

және «Еуропалық арман»

Рут АбрамовскийБенджамин ГрошлАлан Шинк және Дэзире Вилке, Парис Лодрон 

атындағы Зальцбург университеті, Австрия

>>

Б   

осқындар  ағымы  –  Еуропадағы  өзекті 

құбылыстардың бірі. Ол – неміс тілді бұқаралық 

ақпарат  құралдарында  жаңа  «жаппай  көші-

қон»  (Völkerwanderung)  деген  атауға  ие. 

Абсолютті  көрсеткіштер  бойынша  саяси  баспана  алуға 

берілген  өтініштердің  басым  бөлігі  Германияға  тиесілі. 

Бірақ, өтініштерді халық санына шаққанда бұл мемлекет 

Еуропада бесінші орында (Еуропалық статистика). Халық 

санына шаққандағы өтініштердің басым бөлігі Венгрияға 

тиесілі.  Екінші  орында  –  Швеция,  үшінші  –  Австрия, 

Адамға аяушылық танытатын көп сөздің 

артында босқындарға қойылатын 

шектеулер, қамал мен лагерлерді жасыру 

мүмкін емес. Арбудың иллюстрациясы


 31

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

төртінші – Финляндия.

Австрия  көші-қон  ағымының  ортасында  қалып  қойған 

сияқты.  Германия  мен  Австрия  шекаралас  аймағында, 

әсіресе  Зальцбург  пен  Фрайлассинг  арасындағы 

өткелде  австриялық  қоғамда  шынайы  қысым  тудыра 

отырып,  Орталық  Еуропаға  бағытталған  босқындар 

үшін  тар  мекенге  айналды.  Бір  жағынан,  көші-қонға 

байланысты  еуропалық  дағдарысқа  шағымның  артуына 

және  шекарадағы  бақылауды  күшейтуге  талаптың 

жоғарылауына  қарамастан,  халықтың  көбі  халықаралық 

мобилдікті  еуропалық  арманның  бөлігі  ретінде 

қарастырып, оны сақтап қалуға тырысса, екінші жағынан, 

босқындар туралы біржақты пікірлер мен қорқыныштан 

босқындар мен мигранттар соғыс пен торығудан қашпай, 

Еуропаның  тартымдылығынан  бас  тартар  емес  деген 

пікірі жатыр.

БҰҰ  БЖКБ  мәліметтеріне  сәйкес,  2015  жылы 

әлем  бойынша  60  миллион  адам  өз  үйлерін  тастады. 

Босқындардың  басым  бөлігі  постколониялық  саясаттың 

ықпалымен  ушығып  отырған  экономикалық  және 

әлеуметтік теңсіздік нәтижесіндегі соғыс, кедейлік және 

аштық себебінен өз үйлерінен босып кетті. Олардың 3% 

кемі  ғана  Еуропаға  жол  тартады.  Басым  бөлігі  көрші 

елдерде қалып қояды.

2015  жылы  барлығы  50  000  адам  Австриядан 

баспана  сұраған  (БҰҰ  БЖКБ  –  Австрия,  2015  жылдың 

қыркүйегіндегі  мәліметтер)  –  100  000  тұрғынға  332 

адамнан.  Олардың  11  000  босқын  ретінде  танылып, 

көрсетілетін  негізгі  материалдық  көмекті  алды  (827  €/

айына). Берілген өтініштеріне шешім күту кезінде – орта 

есеппен  үш  айдан  алты  айға  дейін  –  олар  босқындарға 

арналған  лагерлерде  өмір  сүреді,  күніне  үш  рет 

тамақтандырылады (әдетте, күн бойына бір рет те ыстық 

тамақ  ішпеуі  мүмкін),  жатақханадан  жатын  орнына  ие 

болады.  Сонымен  қатар,  тәулік  шығындарына  1,30  € 

бөлінеді.  Егер  олар  өздерін  қамсыздандыратын  болса, 

жалдау  ақысы  ретінде  айына  120€    (отбасы  үшін  240€ 

дейін)  және  200€  өмір  сүру  жәрдемақысын  (әр  балаға 

90€) алады. Шешім күту кезеңінде оларға жұмыс жасауға 

тыйым салынатынын ескерту қажет (Art. 15a B-VG, BKA-

Austria).

Біз  баспана  сұраушыларға  арналған  қабылдау  және 

транзит  орталықтарындағы  30  шақты  босқынмен 

сұқбаттастық.  Басым  бөлігі  өз  болашағы  туралы 

армандарын  басқаша  елестетеді:  жұмысы  болса,  отбасы 

үшін еңбек етсе және бір күні пәтер немесе үй сатып алып, 

осы қоғам бөлігі болуды және өз өмірі үшін қорқынышсыз 

өмір сүруді армандайды.

Еуропаның бай елдеріндегі халықтың қартаюы мен туу 

коэффициентінің төмендігін ескере отырып, босқындарды 

қартайып  жатқан  қоғамның  жаңа  үміті  ретінде  – 

еуропалықтардың басым бөлігіне қарағанда жас және туу 

коэффициенті жоғары босқындардың көбі жоғары білікті 

жұмысшылар  немесе  шеберлер  –    қарастыруға  болады 

(БҰҰ Әлем халқы болашағы: 2015 нұсқа). Ұзақ мерзімді 

болашақта  олар  ұлттық  зейнетақы  және  әлеуметтік 

жүйелерімізді сақтап қалулары мүмкін, ал қысқа мерзімді 

болашақта  Еуропаның  ішкі  экономикасын  нығайтуы 

мүмкін  –  әсіресе,  егер  жұмыс  істеу,  айлық  табу  және 

салық төлеу мүмкіндігіне ие болса.

Қолданбалы  тұрғыдан  мына  сұрақты  қойған  дұрыс: 

Босқындарды  депортациялау  туралы  пікірталастың 

орнына  оларды  интеграциялау  туралы  мәселе  неге 

көтерілмейді? 

Хаттарды  Рут  Абрамовскийге  <

ruth.abramowski@sbg.ac.at

>,  Бенджамин  Грошл 



<

benjamin.groeschl@sbg.ac.at

>,  Алан  Шинкке  <

alan.schink@sbg.ac.at

>  және 

Дэзире Вилкеге <

desiree.wilke@sbg.ac.at

> жолдауға болады.



 32

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

> Гендерлік теңдік 

А     

встрия  университеттерін-

де  ерлер  мен  әйелдердің 

үлесіндегі  теңсіздік  ұзақ 

уақыт  айқын  көрінді: 

егер  студенттік  ортадағы  ерлер 

мен  әйелдер  санында  пропорция 

сақталса  (әйелдер  -  57%;  ерлер  - 

43%),  ғалымдар  арасындағы  үлесі 

өзгеше. 2013 жылы оқытушылардың 

22%  ғана  әйел  болды.  Жақында 

австриялық  университет  жүйесінде 

жүргізілген 

реформа 


гендерлік 

теңсіздікті  өзгерту  мүмкіндіктерін 

туғызды.

> Австриядағы кәсіпкерлік және 

басқару университеті     

2002  жылдан  бастап  Университет 

туралы  заң  жүзеге  асырылуда.  Заңға 

сәйкес 


мемлекеттік 

(қоғамдық) 

басқарудың жаңа құралдары мемлекет 

пен  үкімет  арасындағы  қарым-

қатынасты  қайта  ұйымдастыруға 

бағытталған. 

Университеттер 

кәсіпкерлік және басқару мекемелері 

қызметін  атқаруға  көшкен.  Үкімет 

толық 


қадағалаушы 

рөлінен 


айырылып,  университеттер  қаржы 

және  символдық  ресурстар  үшін 

бәсекеге  түсуде.  Шешім  қабылдауда 

университет проректорларына басым 

құзыреттілік  беріліп,  сарапшылар 

комитеттері  мен  университет  кеңесі 

сияқты сыртқы мүдделі тараптардың 

маңыздылығы  артты.  Бұл  өзгерістер 

мықты  басшылығы  мен  арнаулы 

кәсіби  бағыты  бар  университеттерді 

қалыптастыруға ғана емес, гендерлік 

теңдік  пен  отбасылық  серіктестік 

саясатын  нығайтуға  да  бағытталған 

болар?


> Гендерлік теңдік пе?       

2002  жылғы  Университет  туралы 

заңға  сай  «автономды  ұйымдар» 

ретінде  Австрия  университеттері 

гендер  мәселесін  көтеретін  шаралар 

өткізуі,  үйлестіру  орталықтарды 

құруы,  тең  мүмкіндіктерге  кепілдік 

беруі, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз 

ететін жұмыс топтары мен арбитраж 

комиссияларының 

жұмысын 

қамтамасыз  етуі  және  барлық 

ұжымдық 

деңгейде 

әйелдердің 

қатысуына 40% квота ұсынуы қажет. 

Университеттердің  жаңа  қаржылық 

қоры  негізінде  гендерлік  теңдікті 

қамтамасыз  ету  шараларын  қолдау 

әдістері  қандай  болатыны  белгісіз: 

гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің 

жаңа  талаптарын  жүзеге  асыруға  әр 

университет өзі жауапты болғанымен, 

шараларға  жұмсалатын  қаржылық 

ресурстар  мен  басшылық  тарапынан 

көрсетілетін  қолдау  әртүрлі  болуы 

мүмкін.  Дегенмен,  университеттерді 

қайта  ұйымдастыру  мен  гендерлік 

теңдікті  орнатудың  жаңа  құралдары 

бұл  мәселенің  шешу  жолдарын, 

әсіресе  ғылымда,  ұсына  алатын 

сияқты.


 

> Отбасылық серіктестік пе?       

Отбасылық 

өмірдің 

шарттары 

ғалым-әйелдер үшін маңызды кедергі 

ретінде  анықталып,  австриялық 



Кристина Биннер (Иоганн Кеплер атындағы Линц университеті, Австрия) ХӘҚ кедейлік, 

әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік саясат (ЗК 19) және қоғамда әйелдерді зерттеу (ЗК 32) 

комитеттерінің мүшесі және 

Сюзанна Кинк (Карл-Франц атындағы Грац университеті, Австрия)

университеттер,  Үкімет  қолдауымен, 

«университет  және  отбасы»  аудиті 

сияқты  басқарудың  стратегиялық 

құралдарын  енгізді.  Бала  күтіміне 

жақсы  жағдай  жасау  университеттер 

үшін  оқу  мен  жұмыстың  тартымды 

орны ретінде басқа оқу орындарынан 

ерекшелену әдісіне айналды. Сондай-

ақ, 


ата-ананың 

консерваторлық 

бейнесі  сақталуда  және  университет 

басшылығы  да  бала  күтіміндегі 

ата-ана  ретінде  әйел  рөлінің  басым 

екендігіне  бағдарланып,  гетерогенді 

отбасы бейнесін ұдайы өндіріп отыр. 

Австрия  университеттерінде  орын 

алған  өзгерістер  әлеуметтік  теңдікке 

алып 


баратын 

мүмкіндіктерді 

ұсына 

алатын 


экономикалану 

тенденциялары,  гендерлік  теңдік 

және 

отбасылық 



серіктестік 

саясаты  арасындағы  күрделі  қарым-

қатынасты көрсетеді. Бұл іс-шаралар 

ұйымдастырушылық 

деңгейде 

белгілі  бір  ықпалға  ие  болғанымен, 

ғылым  мәдениеті  мен  нормалары 

гендерлік ерекшеліктерді ескермейді. 

Мысалы: 

ғалымдар 

ғылымды 

басқа  басымдықтарынан  жоғары 

қояды  деген  пікір;  ғалымдар  үнемі 

қолжетімді,  икемді  және  ғылымға 

толық  берілуі  қажет  идеясы  жұмыс 

уақытының  ұзақтығы  туралы  ерлер 

нормаларын  сипаттайды;  әріптес 

ерлерге  қарағанда  балаға  күтім 

жасайтын негізгі тұлға ретінде ғалым-

әйелге  осы  нормаларды  орындау 

қиынырақ. 

Хаттарды Кристина Биннер <

Kristina.Binner@jku.at

мен  Сюзанна  Кинкке  <



susanne.kink@uni-graz.at

жолдауға болады.



және Австрия университеті



Ағымдағы 

өзгерістер 

әлеуметтік теңдік 

үшін көп нәрсе 

ұсынуы мүмкін



 33

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

> Жұмыс уақыты

   және жақсы

тұрмыс үшін күрес

Карина АлтрайтерФранц Астлейтнер және Тереза Фибих, Вена университеті, Австрия

Ж 

ұмыс  уақыты  үшін 

күрестің  жұмысшы-

лар  өз  еңбектерін 

қаналуын  шектеуге 

бағытталған 

күресімен 

тарихи 


тұрғыда  тікелей  байланысы  бар. 

Сегіз  сағаттық  жұмыс  күніне  көшу 

жұмысшылар  қозғалысының  негізгі 

талабы  болатын  әрі  1980  жылдарға 

дейін  өнеркәсібі  дамыған  батыс 

елдерінің  көпшілігінде  жұмыс  күні 

мен аптасының ұзақтығы қысқарды. 

Содан  бері,  өнімділік  артқанымен, 

Франциядан 

басқа 


елдерде 

жалпы  ешқандай  табыс  байқала 

қоймады.  Алайда,  қазіргі  жаһандық 

экономикалық 

дағдарыс 

еңбек 


бөлінісінің  әділетсіздігіне  байла-

нысты  пікірталастарды  тағы  да 

күн  тәртібіне  шығарған  жайы  бар. 

Біз  Еуростат  деректерін  пайдалана 

отырып, Еуропа Одағындағы жұмыс 

уақытына қатысты оқиғаларды және 

оның  күрделі  әлеуметтік  теңсіздік 

үшін маңызын талқылаймыз.



> Жұмыс уақыты және теңсіздік       

2010 жылы ЕО-дағы біраз адамдар 

өзгелерге  қарағанда,  32%  көп 

көрсеткішпен,  ай  сайын  күніне 

10  сағаттан  артық  жұмыс  істеген. 

Өзгелер  жарты  күн  (2014  жылы  20 

%)  еңбек  етеді  немесе  жұмыссыз 

жүр  (2015  жылдың  тамызында 

жұмыссыздық  көлемі  9,5%  құрады). 

Бір  жағынан  ұзақ  уақыт  жұмыс 

істеудің  салдарынан  табиғи  және 

психикалық шаршау мен дертке себеп 

болатын еңбектің интенсификациясы, 

екінші жағынан девальвациялар мен 

торығу  біздің  қоғамның  негіздеріне 

қатер  төндіретін  жұмыс  уақытының 

полярлануының салдарларының бірі.

Сонымен  бірге,  ерлер  мен  әйелдер 

жұмыс  уақытының  тең  бөлінбеуін 

сезініп  келеді.  Біріншіден,  толық 

немесе  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеу 

«ерлердің  ісі»  саналса,  әйелдер 

жартылай  жұмыс  күніне  көбірек 

тартылған. 2014 жылы ЕО-ға кіретін 

28  елдің  басым  көпшілігінде  толық 

жұмыс  істейтін  ер  адамдар  көлемі 

8,8%  артса,  жарты  күн  еңбек  ететін 

әйелдердің  орташа  үлесі  үш  еседен 

астам  көбейіпті  (32,5%).  Екіншіден, 

әйелдер  ерлерге  қарағанда  ақысыз 

еңбекке  күніне  екі  сағат  артық 

жұмсаған  (мысалы,  үй  жұмыстары 

және бала күтімі). Мұндай динамика 

әйелдердің  қызметтік  өсуі  мен 

зейнетақы  төлемдеріне  кері  әсер 

ететін  жайттарды  қалыптастырып 

жатыр әрі қартайған шақта олардың 

кедейлікке 

ұрынуына 

апарып 


соқтыруы мүмкін.

> Жұмыс уақытының қысқаруы 

әлеуметтік  теңсіздіктерді азайта 

ма?

Жұмыс 


күнінің 

стандартты 

ұзақтығын 

өзгерту 


көптеген 

қызметкерлердің  көңілінен  шығады: 

Зерттеу  нәтижелері  Еуропадағы 

қызметкерлердің  30%  астамы  аз 

жұмыс істегенді, ал жарты күн еңбек 

ететіндердің  басым  бөлігі  (2014 

жылы 10 млн жұмысшы еді) көбірек 

жұмыс  істегенді  қалайтындығын 

көрсетті.  Барлық  қызметкерлер 

үшін  стандартты  жұмыс  сағаттарын 

қысқарту  толық  жұмыс  істейтіндер 

мен  жарты  күн  еңбек  ететіндердің 

арасындағы 

айырмашылықты 

қысқартып,  ерлер  мен  әйелдер 

арасындағы  ақысы  төленетін  және 

төленбейтін  еңбекті  әділетті  түрде 

бөлуге  жәрдемдесуі  мүмкін.  Одан 

бөлек,  жарты  күн  жұмыс  істейтін 

жұмысшылар санын, жұмыс аптасын 

қысқарту  арқылы  еңбеккерлердің 

нарықтағы 

билігін 

арттыруы 

мүмкін,  бәлкім  бұл  шара  кірістің 

теңсіздігімен  күреске  де  ықпал  етуі 

ықтимал.

Дегенмен,  ақысы  төленетін  жұмыс 

уақытын  қысқарту  ресурстарды 

қайта  бөлуде  бірден  жағымды 

нәтиже  бермейді.  Қысқартылған 

жұмыс  күні  кезінде  азат  жобаларға 

үлес  қосу  үшін  саясаткерлер 

төленбейтін  еңбекті  қайта  бөлуге 

арналған  бағдарламалармен  қатар, 

еңбектің  интенсификациясы  және 

өндірістік  қатынастарды  реттеуге 

дейінгі  шаралар  сынды  мәселелерді 

де ескерулері керек. 

Хаттарды  Карина  Алтрайтерге  <

carina.altreiter@

univie.ac.at

>,  Франц  Астлейтнерге  <

franz.astleith-

ner@univie.ac.at

>  және  Тереза  Фибихке  <

theresa.

fibich@univie.ac.at

> жолдауға болады.



Ерлер мен 

әйелдер тең 

емес жұмыс 

уақытының 

тәжірибесін 

жалғастыруда



 34

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

> Әлеуметтану және

   ауа-райының өзгеруі

Райли Э. Данлоп, Оклахома мемлекеттік университеті, АҚШ, ХӘҚ Қоршаған орта және 

қоғам жөніндегі зерттеу комитетінің бұрынғы президенті (ЗК24) және 



Роберт Дж. Брюлле

Дрексель Университеті, АҚШ

>>

A  

дамзат  іс-әрекетінің  нәтижесінде  пайда 

болған  климаттың  өзгеруі  бүгінгі  күннің 

өзекті  мәселелерінің  біріне  айналды  әрі 

алдағы  уақытта  адамзаттың  биологиялық  түр 

ретінде  өмір  сүруіне  экзистенциялық  қауіп  төндіреді. 

Жаратылыстану  саласының  ғалымдары  соңғы  бір 

ғасырда «парник эффектісі» деп атала бастаған жаһандық 

жылынуды зерттеп, зерделеп, ресми хатқа түсірудің жолын 

да  тапқан.  1990  жылдары  климат  туралы  ғылым  адамзат 

іс-әрекетінің салдарынан (әсіресе көмірқышқыл газын көп 

бөлу)  жаһанның  жылынып  келе  жатқанын,  оның  табиғи 

және  әлеуметтік  жүйелерге  теріс  ықпал  ете  бастағанын 

дәлелдейтін нақты айғақтар - Климаттың өзгеруі бойынша 

үкіметаралық эксперттер тобының (КӨҮЭТ- IPCC) мерзімді 

құжаттарын ұсына алатын тұрақты салаға айналды. 

Жаһандық  жылынуға  қатысты  айғақтардың  артып  бара 

жатқанына,  әсіресе  көмірқышқыл  газын  бөлуді  азайту 

сынды мәселелерге қоғамның салғырт қарауымен бетпе-бет 

келген жаратылыстану ғалымдары климаттық өзгерістерді 

«адами мәселе» ретінде таныды, ол адамдардың ғадетінен 

туындаған  әрі  адамзатқа  нақты  қауіп  төндіретін  және 

жағдайдың  оңалуы  үшін  ұжымдық  әрекетті  қажет  ететін 

мәселе  болып  отыр.  Нәтижесінде,  КӨҮЭТ,  АҚШ  ұлттық 

зерттеулер кеңесі және Халықаралық қоғамдық ғылымдар 

кеңесі,  оның  Жаһандық  қоршаған  ортаның  өзгеруі 

бойынша  адамзат  өлшемінің  халықаралық  бағдарламасы 

(Болашақ Жер жобасы нәтижесінде қол жеткізілген) сынды 

ірі  ғылыми  органдар  қоғамтану  ғылымдарын  климаттың 

өзгеруі мәселесін зерттеуге белсене қатысуға шақырды.



Райли  Данлоп  пен  Роберт  Брюлленің  екеуі  де  қоршаған 

орта әлеуметтануында танымал зерттеушілер. Олар Америка 

әлеуметтану  қауымдастығының  Жаһандық  климат  өзгерісі 

мен әлеуметтану бойынша мақсатты тобының төрағасы және 

ассоцияцияланған    төрағасы  қызметін  атқарып,  олардың 

жинаған  мәліметтері  Данлоп  және  Брюлле  (редакторлар): 

Климаттың 

өзгеруі 


және 

қоғам: 


Әлеуметтанулық 

перспективалар (Нью-Йорк және Оксфорд: Oxford University 

Press, 2015) деген атпен кітап болып жарық көрді. Олардың 

тың  жұмыстары  ұлттық  әлеуметтану  қауымдастықтардың 

шиеленіскен саяси және әлеуметтік мәселелерге байланысты 

қалай  бірлескен  зерттеу  жүргізуге  ықпал  ете  алатындығын 

көрсетті.


 35

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

«Қоғамдық ғалымдарды» жаратылыстану ғалымдары мен 

ірі  қаржы  мекемелері  (Belmont  Forum  тәрізді)  тарапынан 

жасалатын  мультипәндік  зерттеу  бағларламаларына 

үлес  қосуға  шақыратын  мұндай  бастамаларда  әдетте 

арнайы  қоғамдық  ғылым  пәнімен  келісу  аз  ескеріледі. 

Қоғамтанушы  ғалымдар  әдетте  бұрын  басталып  кеткен, 

жаратылыстанушы ғалымдар жасап жатқан зерттеу (көбіне 

«адам  мен  табиғат  жүйесінің  үйлесуі»  деп  аталатын 

зерттеулер)  бағдарламаларына  қосымша  үлес  үшін 

шақырылды. 

Мұндай жұмыстар бір жағынан құнды болғанымен, көбіне 

табиғи жүйелерді пайдаланудағы әділетсіздіктерден бастау 

алатын негізгі саяси һәм әлеуметтік шиеленістерге, соны-

мен  қатар  осы  жүйенің  нашарлауына  назар  аударылмай-

ды,  тек  ішінара  саяси-экономикалық  мүмкіндіктерді 

қолданады. 

Сол сияқты, қоғамның мәселені түсіну деңгейін арттыру 

арқылы  саясатты  өзгертуге  болады  деген  аңғалдықпен 

қоғамтанушы ғалымдарды бұл іске тарту, жаһандық жылы-

ну мәселесінде «бұқараның сауатын ашуға» жәрдемдеседі 

деп  есептелді.  Әлеуметтанулық  болашақтың  бәсеңдеп, 

жеке  тұлғаларды  көмірқышқыл  газын  бөлуші  бастапқы 

агент  ретінде  қарастыруға  басымдық  беру,  әлеуметтік 

құрылымға  индивидтердің  кірігуінің  әлеуметтанулық 

мәнін  ескермеу–көмір  қышқыл  газын  бөлуді  әлеуметтік, 

экономикалық  және  саяси  динамика  арқылы  қалай 

шектеуге болатындығына назар аудартқызбай отыр.

Көп  жағдайда  қоғамдық  ғылымдарды  климаттың 

өзгеруіне  қатысты  зерттеулерге  тарту  мақсатындағы 

күш-жігер  «пост-саяси»  позиция  ретінде  қабылданып, 

әдетте  баяндамалар  мен  есептер  түрінде  климаттың 

өзгеруі мәселесін бейсаясиландыруды қамтиды. Мысалы, 

Климаттың  өзгеруі  бойынша  үкіметаралық  сарапшылар 

тобы  (IPCC)  климаттың  өзгеруін  бірінші  кезекте  табиғи 

феномен  ретінде  қарап,  оны  қандай  да  бір  әлеуметтік-

экономикалық  өзгерістерді  қажет  етпейтін,  ғылыми 

деректердің,  техникалық  жетістіктер  мен  менеджерлік 

дағдылардың үйлесімі арқылы шешуге болатын және мұны 

саяси  бәсекелестіктің  тақырыбына  айнала  қоймайтын 

мәселе ретінде бағалайды.

Бұл  тұрғыда  Америка  әлеуметтану  қауымдастығы 

Жаһандық  климат  өзгерісі  мен  әлеуметтану  бойынша 

мақсатты  тобын  құрып,  климаттың  өзгеруі  мәселесіне 

қатысты  сәлеуметтанулық  талдауларды  бағалау  міндетін 

жүктеді. Мақсатты топ жетекшілері Америка әлеуметтану 

қауымдастығына  есеп  беруден  де  маңызды  шаруалар 

атқаруымыз керек екендігін сезіндік, себебі біз климаттың 

өзгеруіне қатысты мәселенің тек әріптес әлеуметтанушылар 

арасында ғана емес, одан да кең аудитория үшін маңызды 

әлеуметтанулық  болашағы  бар  екендігін  көрсете  алдық. 

Біздің  Климаттың  өзгеру  және  қоғам:  Әлеуметтанулық 

мүмкіндік  атты  жұмысымыз  Оксфорд  университеті 

баспасынан  өткен  тамыз  айында  Америка  әлеуметтану 

қауымдастығының  ресми  публикациясы  ретінде  жарық 

көрді. 


Климаттың  өзгеру  және  қоғам  климаттың  өзгеруінің 

шешуші  аспектілеріне  назар  аударған  әлеуметтанулық 

және өзге де қоғамдық ғылымдар зерттеулерін синтездеп, 

жинақтайды. 37 автордың қаламынан туған он үш тарауда 

климаттың  өзгеруіне  ықпал  етуші  күштер  (нарықтық 

ұйымдар мен тұтынуға айырықша мән берілді); климаттың 

өзгеруінің  басты  салдары  мен  онымен  күрес  (әсіресе 

әділетсіз  ықпал);  әлеуметтік  процестер-азаматтық  қоғам, 

қоғамның  қабылдауы  мен  осынау  қатерге  қоғамның 

нақты  жауабына  әсер  ететін  ұйымдасқан  наразылықты 

сипаттайды. Климаттың өзгеруі мәселесін әлеуметтанулық 

зерттеудің  әдіснамалық  инновациялары  мен  теориялық 

мүмкіндігін баяндайтын соңғы тарау еңбекті қорытындылап 

тұр. 


Еңбек  климаттың  өзгеруін  зерттеуге  қоғамдық 

ғылымдардың қатысуын кеңейтуге бағытталған үндеулерге 

жауап  қатып,  әлеуметтанулық  талдаудың  айырықша 

құндылығын көрсетеді. 

Жаһандық  климаттың  өзгеруіндегі  қозғаушы  күштің 

әлеуметтік құрылым мен мекемелерге, мәдени құндылық-

тар  мен  идеологияға,  әлеуметтік  тәжірибеге  араласып 

кетуіне  байланысты  жаһандық  жылынуға  бейімделу  мен 

жағдайды  жақсарту  үшін  аталған  әлеуметік  процестерге 

түрлі масштабта, жаһандықтан локалдылыққа дейін біздің 

пән  шеңберінде  талдау  жасау  қажет.  Зерттеудің  екінші 

мақсаты  осы  тақырыптардың  ішіне  әлеуметтанулық 

зерттеулерді  мейілінше  көбірек  тарту:  әлеуметтану 

климаттың өзгеруіне байланысты деректер мен баяндамалар 

ұсыну  арқылы  ғана  емес,  сонымен  қатар  әлеуметтану 

теориялары  мен  перспективалардан  бастау  алатын  жаңа 

зерттеу тақырыптарын да қалыптастыра алады.

Әлеуметтанудың рөлі әлеуметтік сын ұсынуды да қамтуы 

мүмкін.  Климаттың  өзгеруіне  байланысты  жасалған 

талдаулар  көбіне  гегемонияға  жақын  сенімдермен 

шектелген;  мысалы,  қазіргідей  неолиберал  кезеңде  көмір 

қышқыл  газын  бөлуді  азайтуға  қатысты  шешімдерді  тек 

нарыққа бейімделген саясат қана ұсына алады деген пікір 

кең  тараған.  Осынау  ақтаңдақ  нүктелер  әрекет  жасаудың 

мүмкіндігін шектейді, сондықтан ортақ сауалдарға тар аяда 

жауап беретін біржақты, пост-саяси ойлау шеңберінен тыс 

шыға отырып, әлеуметтану маңызды орынға көтеріледі.

Климаттың өзгеруі мәселелерін қарастыратын қоғамдық 

әлеуметтанудың құрамына экономикалық өсімнің дәстүрлі 

моделдерін  сақтай  отырып  көмірқышқыл  газының 

бөлінуін  азайтуға  қол  жеткізу  бойынша  құжатталған 

қиындықтар (егер мүлдем мүмкін емес дүние болмаса) да 

кіреді, ал әлеуметтанулық нәтижелер климат мәселесіндегі 

қоғамдық пікірталасты күшейте алады. Климаттың өзгеруі 

мәселелері бойынша сыни көзқарасты қалыптастыру үшін 

зияткерлік кеңістікті қалыптастыру, біздің пәннің ең үлкен 

үлесі болуы тиіс және дүниежүзіндегі әлеуметтанушылар 

бұл  жолда  Америка  әлеуметтану  қауымдастығының 

мақсатты тобына қосылады деп үміт етеміз. 

Хаттарды  Райли  Э.Данлоп  <

rdunlap@okstate.edu

>  пен  Роберт  Дж  Брюллеге 



<

brullerj@drexel.edu

> жолдауға болады.


 36

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет