> Қытай қоғамдық
Франсуа Лашапель, Британ Колумбиясы университеті
1
Шен Юань.
>>
әлеуметтануының
пайда болуы
Ж
ұмыс
үстелінің
басында
отырып,
Шен Юань жымия күліп канадалық
әлеуметтанушылардың зерттеу объектісі
болуына аздап қалжыңмен қарайтынын
байқатты. Мен алғашқы сұрағымды қоймас бұрын қытайлық
ғалым «Сіз неге қытай зиялыларын зерттеп жүрсіз?» – деп
сауал қойды да жауабын күтпестен өзінің бақылауымен
бөлісті: «Сіз мені зерттемеуіңіз керек. Біздердің біреуімізді
зерттегіңіз келсе, Сіз Сунь Липинді
2
зерттеуіңіз керек»..
Өзінің белгілі әріптесінің кеңсесін меңзей отырып, Шен
«Біздің арамыздағы ең мықты сол. Немесе сіз біздерді он
жылдан астам уақыт бірге жұмыс істеген топ ретінде зерттей
аласыздар». Кейінірек сұқбатында Шен 2000 жылы Цинхуа
университетінде әлеуметтану бөлімін құрғандардың арасында
осы топтың мүшелері Ли Цянь мен Го Юхуа және солармен
бірге Сунь Липинді және басқаларды атады.
1954 жылы Қытай астанасы Бейжіңде туған Шен Юань
Қытайда Zhiqing деген атпен әйгілі білімді жастар ұрпағының
өкілі. Мәдени революция кезінде (1966-1976), Мао Цзэдун
17 миллиондай қытай жастарын мектептегі оқуларынан аяқ
астынан жұлып алып, түбегейлі «қайта тәрбиелеу» үшін
ауылдық жерлерге жіберді. Осылайша, олар ауыл бұқарасының
революциялық даналығы арқасында оқып және өзгеріп, қытай
революционерлерінің келесі ұрпағына айналуы тиіс болды.
Қоныс аударылған басқа көптеген жастар сияқты Шен де
бірнеше жылға жер аударылды. 1976 жылы Маоның өлімінен
кейін және Қытай білім беру жүйесі қалпына келтірілген
келесі екі жылда Шен құрдастарының тек аз ғана бөлігі (2,3%)
білім алуды жалғастыру үшін университетке түсе алды. Ол
солардың бірі еді.
1983 жылы Шен Халық университетін (Renda) философия
саласында бакалавр дәрежесін алып аяқтады. Содан соң
1986 жылы 1917 жылғы кеңес революциясының көсемі
туралы «Лениннің диалектикалық эпистемологияны зерттеуі
және қосқан үлесі» тақырыбында кандидаттық диссертация
қорғады. Шен өзінің нағыз марксшіл деп есептегенімен,
маоистік-маркстік-кеңестік философиямен жеті жыл бойы
үзбей айналысқаннан кейін оның осы мадақталған пәнге
қызығуы бәсеңдеді. «Нақты осы кезеңде [1986 жылы], мен
философияның аса абстрактілі екенін сезіндім. Философия
сол кезден бері бірде-бір [нақты әлеуметтік] мәселені шеше
алмады», - деп түсіндірді.
Ол RENDA-дан кеткеннен кейін Шен сегіз жыл бұрын, яғни
1978 жылы ғана қайтарылған, әлі де салыстырмалы түрде
әлсіз әлеуметтануға көшті. Қауіпті іс әрине, бірақ әлеуметтану
“Қоғамның қайдан пайда болғаны аса маңызды
сұрақ. Себебі сіздер [Батыстық тұрғындар] қоғамы
бар елде дүниеге келдіңіздер [«қоғам» ұғымының
өзі], бәрі қалыпты қабылданады. Біз үшін бұл тіпті
басқа жағдай. Біз жаңадан бастауымыз (қоғамды
құруды) керек.”
Шен Юаньмен сұқбат, 2012,
Цинхуа Университеті, Бейжің.
25
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
маоизм-марксизм-ленинизм сияқты қасиетті үштіктің
шекарасынан тыс зияткерлік зерттеумен айналысу мүмкіндігін
ұсынған бейтаныс білім саласы болатын. Маңыздысы,
мемлекеттік көшбасшылар және Шен Юань сияқты білімді
жастар арасынан шыққан зияткерлер (Zhiqing) ұлттық
жаңарудың қиын міндеттерін орындау үшін әлеуметтануды ең
мықты құрал деп түсінді.
Осылайша, Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясының
(ҚӘҒА) Әлеуметтану институтында Шен 1988 жылдан 1998
жылға дейінгі аралықта тұрақты зерттеуші болып жұмыс
істеді. 1977 жылы құрылған әлеуметтік ғылымдар академиясы
– мемлекет құрған Қытайдағы ең күшті талдау орталығы – Дэн
Сяопин дәуірінің басында ОК пен Мемлекеттік Кеңестің басты
талдау орталығы ретінде Қытай Коммунистік партиясының
ең мықты органдарына саясатты (мысалы, кәсіподақтарға,
жекеменшік кәсіпорындарға, көші-қон мен жұмыссыздыққа
қатысты) да сақтау үшін қажетті ғылыми мәліметтер мен
білімді беріп отырды.
1990-жылдары Тяньаньмэнь алаңындағы қырғыннан
кейін, Шен ҚӘҒА-да қалды, бірақ басқа да көптеген қытай
зиялылары сияқты оның әлеуметтануға және мемлекетке
деген қатынасы өзгере бастады. Реформалар дәуіріндегі
Әлеуметтану институтының кейбір ірі әлеуметтанулық
зерттеу жобаларында бұрынғысынша басты рөл атқарғанына
қарамастан Шен ҚӘҒА-дан тыс зиялы ортаға жиі көңіл
аудара бастады. 1990-жылдардың басында ол Го Юхуа мен
Сунь Липинге (соңғысы өз замандастары арасындағы ең
мықты әлеуметтанушы деп саналады) қолдау көрсетті және
коммунизмнің қытайлық тәжірибесі туралы Күннің ауызша
тарихын (Sun’s oral history) дайындауда ынтымақтасты.
Одан кейін 1997 жылы 43 жасында Шен жаңа экономикалық
әлеуметтану және 1978 жылдан кейінгі нарықтық реформалар
бойынша докторлық диссертация қорғады. Сол жылы ол
материктік Қытайдағы басты әлеуметтанулық басылымдардың
бірі «Әлеуметтанулық зерттеулер» журналының редакторы
болды. Редактор қызметінде болған кезде Шен журналда
жарияланатын мақалалардың сапасын жақсарту бағытында
ғана жұмыс жасап қойған жоқ, сонымен бірге ең кем дегенде
пәннің ҚКП шектеулі тәуелсіздігін алуға ұмтылды.
ҚӘҒА-дан кеткеннен кейін Шен Юань және бес-алты
әлеуметтанушы 2000 жылдың мамыр айында Бейжіңдегі
Цинхуа университетінде әлеуметтану факультетін құрды.
Цинхуа мектебінің бастапқы парадигмасы Клод Дюба (Dubar)
«Әлеуметтануға коперниктік қытай революциясы» деп
атаған қытай коммунистік өркениетінің Күн әлеуметтануына
негізделді. 20 жыл ішінде ақталған пән социалистік
әлеуметтану болғанына қарамастан мемлекеттік әлеуметтік
саясаттың тыңшысынан 1949 жылдан кейін ҚКП басшылығы
және қытай билігі нәтижесінде жүзеге асқан қытай халқының
тәжірибесін зерттеуге басымырақ бағытталған рефлексиялық
және «тәуелсіз» зерттеу парадигмасын айқындай алатын пәнге
айналды.
Цинхуадағы алғашқы екі жылда, Шеннің экономикалық
әлеуметтанудағы мемлекеттікке қызығушылығы оның еңбек
әлеуметтануындағы маркстік қызығушылығымен үйлесіп,
ол жаңа нарықтық күштерге қарсы әлеуметтік акторлардың
әрекеті мен қарсы тұру қабілеттерін зерттеді. 2002 - 2004
жылдарда Шен зерттеу, оқыту, сонымен қатар жұмысшы-
мигранттарға көмек ұйымдастыруды бір мезетте жүзеге асыру
мақсатында «Байжу (Baigou) кешкі мектептерін құру» атты
жобаны жүзеге асырды. Әлеуметтанулық интервенция туралы
Ален Туреннің идеясын негізге алып Шен «Күшті және әлсіз
араласу: әлеуметтанулық интервенцияның қос жолы»
3
деп
аталатын өз мақаласында осы праксисті теорияландырды, бұл
оның осы алаңда әлеуметтануда жасаған маңызды қадамы
еді. Осы кезде Шен нарыққа қатысты этатистік қаупінен бас
тартып, «қоғамды өндіру» қағидасына сүйене академиялық
және белсенділік фокусына қарай, яғни өзін мемлекеттен де,
нарықтан да қорғай алатын қабілеті бар қоғамға қарай ойысты.
Шен мансабының бастапқы кезеңінде Майкл Буравой
қоғамдық әлеуметтану идеясын ұсынған еді. Буравойдың
қоғамдық әлеуметтануы шыққан кездегі сыбысқа қалай
қарағаны туралы сұрағанда Шен: «1998 жылдың өзінде
жарияланған мақаламызда қоғамдық әлеуметтануға бағыт
байқалады. Одан кейін біз мүмкіндікті пайдаланып, Цинхуада
әлеуметтану кафедрасының негізін қаладық. Басынан бастап
біз [біздің бөлім] қоғамдық әлеуметтану дәстүрін сақтадық.
Сол кезде Майкл Буравой осы идеяны ойлап таппаған еді, біз
әлеуметтану араласуы [енді] тиіс деп есептеуіміз керек еді».
Шеннің пікіріне сәйкес ол және оның әріптестері avant la let-
ter кезеңінің қоғамдық әлеуметтанушылары болды. Алайда,
қытай зияткері үшін қоғамдық әлеуметтану әлеуметтанулық
мәселені дәл тіркеуден маңыздырақ; Буравойдың теориясы
Шенге зияткерлік тұрғыда өзін-өзі бағалау, әлеуметтанулық
мән деп абайлап ғана ат тағып идентификацияның мүмкіндігін
берді.
Шеннің жаңа идентификациясының нәтижесі оның
зияткерлік өміріне жеткілікті дәрежеде мықты ықпал
етті. Қоғамдық әлеуметтанумен айналыса бастағаннан-ақ
Шен әлеуметтанудың «бір жағынан, мемлекет пен нарық
тарапынан қысымға қарсы тұруына және екінші жағынан
қоғамға қалыптасуға және дамуға көмектесу үшін»
қоғамның өндірісіне қатысу немесе араласу миссиясын
шынайы жақтап жүрді. Академиялық майданда, соңғы он
жылдағы Шен жасаған барлық баяндамалардан Буравой мен
Туреннің ықпалын байқау қиын емес. Шеннің соңғы бірлесе
дайындаған мақаласының бірі «Жұмысшы-зияткерлік бірлік:
Foxconn-дағы шекарааралық әлеуметтанулық интервенция»
оның осы жұмысты аса зор ықыласпен жасағанының айғағы
іспеттес. Дегенмен, аса маңызды нәрсе Шеннің қоғамдық
майданда ҮЕҰ, еңбек мәселесімен, әртүрлі бұқаралық ақпарат
құралдарымен, интернет-платформалармен, саясаткерлермен
және кәсіподақ қызметкерлерімен белсенді айналысуы
қоғамдық әлеуметтанудың рухын асқақтады.
Хаттарды Франсуа Лашапельге <
lachapelle@alumni.ubc.ca
> жолдауға болады.
1
Бұл эссе магистрлік жұмыстың негізінде дайындалған: From Nameless Marxist to Pub-
lic Sociologist: The Intellectual Trajectory of Shen Yuan in Contemporary China (University
of British Columbia, 2014).
2
Сун Липинмен сұқбатты Жаһандық диалогтың 2012 мамырдағы 2(4) санынан
қараңыз.
3
Yuan, S. (2008) “Strong and Weak Intervention: Two Pathways for Sociological Interven-
tion.” Current Sociology 56 (3): 399-404.
26
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
> Жергілікті және
жаһандық
деңгейді зерделеу
Бриджит Ауленбахер, Иоганн Кеплер атындағы Линц Университеті, Австрия, ХӘҚ экономика мен қоғам (ЗК02),
кедейлік, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік саясат (ЗК19), жұмыс әлеуметтануы (ЗК30) және қоғамдағы әйелдер
жөніндегі зерттеу комитеттерінің мүшесі (ЗК32) және Вена 2016 ХӘҚ үшінші халықаралық әлеуметтанулық
форумын ұйымдастыру комитеті жергілікті төрағасының орынбасары;
Рудольф Рихтер, Вена университеті,
Австрия, ХӘҚ отбасын зерттеу комитетінің мүшесі және бұрынғы төрағасы (ЗК06), Вена 2016 ХӘҚ үшінші
халықаралық әлеуметтанулық форумын ұйымдастыру комитетінің жергілікті төрағасы;
Ида Сельеског, Вена
университеті Вена, ХӘҚ үшінші халықаралық әлеуметтанулық форумын ұйымдастырушы жергілікті комитеті
Венадағы ХӘҚ үшінші халықаралық әлеуметтанулық
форумын ұйымдастырушы жергілікті комитеті әлемнің
шартарабындағы әлеуметтанушыларға сәлем жолдайды.
Х
ӘҚ әлемдік қауымы,
Сіздерді келесі айда
жергілікті ұйымдастыру
комитеті
Венадағы
ХӘҚ
үшінші
халықаралық
әлеуметтанулық
форумында
қарсы аламыз. Сонымен қатар
сайтымызды қарауға шақырамыз,
сіздерге форумда жергіліктілік
мен жаһандықтың қалай үйлесетін
Вена университетінің ішкі ауласы. Вена
университетінің суреті.
>>
әдістерін көрсеткіміз келеді.
> Жергілікті деңгейді зерделеу:
австриялық күнделікті өмір мен
әлеуметтану тарихына көзқарас
Философия
және
әлеуметтік
ғылымдар саласындағы мықты дәстүрі
бар Вена университетінде ХӘҚ
үшінші әлеуметтанулық форумын
27
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
қабылдау біз үшін мақтаныш және
қуанышты. Екі жылдан астам уақыт
бойы жергілікті ұйымдастыру комитеті
Инсбрук, Грац, Линц, Зальцбург,
Вена қалаларындағы австриялық
университеттер мен әлеуметтанулық
институттар
және
Венгриядағы
әріптестерімізбен ынтымақтастыққа
сүйене отырып, форумды табысты
өткізу үшін дайындалды.
Сіздерді бізбен бірге «жергілікті
болуға», кездесуге, әңгімелесуге және
Венаның халықаралық тынысынан
шабыт алуға шақырғымыз келеді.
Форумның Ресми бағдарламасына
қосымша қонақтарымыздың бірі-
бірімен, сондай-ақ қаламен, елмен
етене танысуы үшін әртүрлі туристік
және әлеуметтанулық турлар мен
кездесулер ұйымдастырамыз.
Туристік белсенділіктің көрінісі
ретінде дәстүрге айналған веналық
шарапханаға немесе қалаға жаяу саяхат
жасау кезінде бізбен бірге болуға
шақырамыз. Біздің әлеуметтанулық
кездесуіміздің
негізгілерінің
ішінде 1930-жылдардың басында
Мари Яхода, Пауль Лазарсфельд
және Ганс Зейсель жұмыссыздық
адамдарды және әлеуметтік өмірді
қалай азғындататынын көрсеткен
фон Мариентальдың жұмыссыздары
немесе «Мариенталь: жұмыссыз
қауымдастықтың
социографиясы»
бойынша
алғашқы
зерттеулер
жүргізілген
көрші
Gramatneus-
iedl
қыстағындағы
Мариентали
мұражайына екі саяхат бар. Олардың
қорытындылары мен әдіснамалық
тәсілдері күні бүгінге дейін таң
қалдырады.
Вена мен Австрияның әлеумет-
танулық мұрасы тек ғана өзіндік
ауқымды тарихи және әлеуметтік
тұрғыда зерделене алады. Бір
жағынан біз өткен ғасырдың алғашқы
онжылдықтарындағы «Қызыл Вена-
ны» айтып отырмыз. Бірақ сонымен
қатар, кейінірек жүздеген австриялық
әлеуметтанушылар, солардың ішінде
жоғарыда айтылғандар, нацистік билік
тұсында Австриядан қашып кетуге
мәжбүр болды. Фашизмнің тарихы
және оның австриялық әлеуметтану
мен қоғамға ықпалын саралайтын
бірнеше хабарламаны біздің блогтың
ХӘҚ форумынан тауып алуға болады.
> Жаһандық деңгейді зерделеу:
жақсы әлем үшін күрес
Венада, Австрияда және Еуропада
«Жаһандық әлеуметтану және жақсы
әлем үшін күрес» тақырыбында
ХӘҚ форумын ұйымдастырушылар
ретінде және күн тәртібінде жаһандық
әлеуметтануды
қалыптастыру
тұрғанда біз жергілікті көзқарас
тұрғысынан
жаһандық
пен
жергіліктілік туралы ойланбасқа
амалымыз жоқ.
Еуропаның орталығында орналасқан
Венаның
халықаралық
шаһар
ретінде көрші елдердің ықпалына
қатты ұшырағанын мәдениетінен,
тағамдарынан және тілінен байқауға
болады.
Қалада
бірнеше
халықаралық
институттар орналасқан, соның ішінде
форумды халықаралық қатынас
алаңы ретінде қолдайтын Еуропалық
Одақ Палатасы және веналық UNO-
Сити бар. Осыған қарамастан 2014
жылғы Йокогамадағы ХӘҚ Әлемдік
>>
Вена университетінің сыртқы келбеті. Вена
университетінің суреті.
28
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
конгресінің «Тең емес әлемге құшақ
ашу» тақырыбы өзектілігін жоғалтқан
жоқ:
Венаға
әлемнің
түкпір-
түкпірінен
әлеуметтанушыларды
шақыра отырып, теңдік, бостандық,
әділеттілік, демократия және адам
құқығы үшін жауапкершілікті ала
отырып, біз Австрия мен Еуропа
басынан кешіріп отырған ағымдағы
мәселелерді мойындауымыз ке-
рек. Сириядағы соғыс, әлемнің
шартарабының басым бөлігіндегі
апаттар мен кедейлік – оқиғалардың
осылай
өрбуінің
көлеңкесіне
тығылып отырған колониялық және
постколониялық капиталистік тарих
та – адамдардың тағы да қашқындар
мен қоныс аударушыларға айналуына
мәжбүр етіп отыр.
Еуропалықтардың басым бөлігі
күш көрсетуге және теңсіздікке
қарсы күрес бастамаларын қолдап,
қарсылықты күшейту арқылы жақсы
әлем үшін күресті. Бірақ Австрия
мен Еуропаны жабық қоғам ретінде
сипаттайтын, шекараларды сақтау
және
теңсіздік
концепциясын
ұсынатын басқа жол да бар.
Форум баспана, амалсыз қоныс
аудару және еуропалық қоғамдар
үшін интеграциялық саясат жүргізуді
ұсынған, сонымен қатар осының
барлығын «еуропалық еместер»
үшін жабық Европаны жасақтаумен
байланыстыруға тырыс-қан оңшыл
бағыттағы қозғалыстың өршуі, яғни
алыс емес тарихтағы жағдайға тура
үрейлі параллель болып табылатын
тарихи сәтте Венаға жол тартып отыр.
Австрия әлеуметтануы осы мәсе-
лелердің бәрімен таныс және
австриялық әлеуметтанушылар то-
лық
жаһандық-интеграцияланған.
Осы түйткілдер мен байланыстар
пленарлық мәжілістерде қамтылған,
әлемнің
шартарабынан
келген
баяндамашылар «Еуропа мен оның
шекарасынан тыс жерлердегі саналуан
дағдарыстармен соқтығысу», «осы
орталықтар мен шет аймақтардың
шекаралары мен жіктелісін жеңу»
және «әлеуметтанулық ой мен
жақсы әлем үшін күрес» сияқты
тақырыптарды зерттейтін болады.
Соңғы, бірақ ХӘҚ үшін мәні жағы-
нан соңғы емес мәселе – жергілікті
ұйымдастыру комитеті жергілікті
және халықаралық баспагерлерді
көрме залында өз кітаптарын
таныстыру үшін және арнайы
әлеуметтанулық және көпшілікке
арналған кітаптардың авторларымен
кездесіп, өз жұмыстарын талқылау-
ды ұйымдастырады. Көрме за-
лында австриялық әлеуметтану
институттары, ғылыми қорлар және
стипендиялық бағдарламалар туралы
ақпарат орналастырылады.
> ХӘҚ форумына бірге келіңіздер
Соңғы онжылдықта ХӘҚ пікірталас
жаһандық пен жергіліктінің өзара
байланыстылығына назар аудару
қажеттілігін көрсетті. Шынында,
жергілікті жердегі ағымдағы күрес
негізінен еңбек пен табиғаттың
маркеттелуі, жұмыс пен саясаттың
транснационализациясы, сондай-ақ
диктатуралар мен демократиялар
аясында мемлекеттілік өзгерісінің
тереңдей түсуі сияқты жаһандық
құбылыстармен шартты бола бастады.
Біз Венада шілдеде кездескен кезде
осы сұрақтардың барлығы күн
тәртібінде болады, сонымен қатар әлем
әлеуметтанушыларының дәстүріне
сәйкес жаһандық және жергілікті
ерекшеліктер ескеріліп талқыланады.
Форум жиналып, осы жаһандық
диалогты жалғастыруға мүмкіндік
береді. Міне сондықтан, біз Сіздерді
әлемнің төрт бұрышынан Венада,
Австрияда, Еуропада және ХӘҚ
үшінші әлеуметтанулық форумында
қарсы алуға қуаныштымыз!
Хаттарды Бриджет Ауленбахер <
Brigitte.Aulenbacher@
jku.at
> мен Рудольф Рихтерге <
rudolf.richter@univie.
ac.at
> жолдауға болады.
1
See Richter, R. “The Austrian Legacy of Public Soci-
ology.” Global Dialogue 5(4), December 2015,
http://
isa-global-dialogue.net/the-austrian-legacy-of-public-
sociology/
29
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
> Австриядағы
теңсіздік, кедейлік
Корнелия Длабая, Вена Университеті, Австрия, Джулия Хофманн, Иоганн Кеплер
атындағы Линц Университеті, Австрия және
Албан Кнехт, Иоганн Кеплер атындағы Линц
Университеті
A
встрия ұзақ уақыт бойы өмір сүрудің жоғары
деңгейімен әйгілі болды. Өнім сатып алу
қабілетінің паритетіне сәйкес жан басына
шаққандағы ішкі өнім 51 300 АҚШ долларын
құрап, Австрияға 2014 жылғы әлемдік рейтингте 13
(Әлемдік банк 2015) орын алуға мүмкіндік берді, ал
Австрияның астанасы Вена болса, 2015 және 2016 жылдары
өмір сапасының жаһандық рейтингінің ең жоғарысында
тұрды.
Муниципалитеттік баспанамен қамтамасыз етудің
қалыптасқан дәстүрі болмаса, Вена осы күнге дейін
әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізбеген болар еді.
Алайда, бұл жағдай Венада немесе Австрияда әрбір адам
бай және жақсы өмір сүріп жатыр дегенді білдірмейді.
Ерекше әлеуметтік топтарды мұқият зерттеу жіктелген
және бөлініс тереңдей түскен әлеуметтік құрылымды
көрсетіп отыр: австриялықтардың шамамен 12%
кедейлікке ұшыраса, мигранттардың 33% осы жағдайға
душар болуы мүмкін. Экономикалық ынтымақтастық
пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) кейбір елдеріне қарағанда
кіріс бойынша теңсіздік аса жоғары болмаса да
австриялық қоғамның ең кедей қабаты 1990 жылдармен
салыстырғанда өз орындарынан ығысуда: 1990 - 2011
жылдар аралығында ең кедей қабаттардың 20% кіріс
бойынша үлесі 47% төмендесе, 1% ең бай жіктердің кірісі
16% өскен. Жалпы Австрия байлық пен меншік бөлінісі
теңсіздігінің ең жоғары деңгейімен сипатталады - ішкі
қаржылық активтердің Джини коэффициенті 0,75-ке тең.
Осындай бай елдегі терең сегменттелуді қалай түсіндіру-
ге болады? Австриялық білім беру жүйесі ұрпақтан
ұрпаққа әлеуметтік статусты мүлтіксіз табыстауға
мүмкіндік береді: ата-анасы жоғары оқу орындарының
түлегі болып табылатын балалардың университетке түсу
мүмкіндігі ата-анасы университетке бармағандармен
салыстырғанда 2,5 есеге көп. Көптеген қоғамдардағы
сияқты білім деңгейі кірісті айқындайды: білім алуға
кеткен әрбір қосымша жыл кірісті шамамен 5,4%
арттырады. Білім беру жүйесінде, әсіресе мигранттар
ерекше тиімсіз жағдайда (көбіне шетелдік біліктілік
мойындалмауы мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: |