> Дағдарыстан шығудың жолы қандай?
Осы бір қамкөңіл сезімде отырып жазған мақаланың соңында
маған әлеуметтік шындықты зерттеудің әлеуметтанулық
ұстанымының артықшылықтары мен күшті жақтарын қайта
зерделеуге және экономика мен саясаттанудағы жаңа
тенденцияларға еліктеуде өте сақ болуды әріптестеріме
ескертуге рұқсат беріңіздер.
Әлеуметтанулық ұстанымның мықты жағы рефлексия болатын.
Әлеуметтанудағы байырғы дәстүр - Карл Маркс («билік құрушы
тап идеясы кез келген дәуірде билік құрушы идея болып
табылады») және Карл Мангеймнен («... пікірлер, мәлімдемелер,
ұсыныстар және идеялардың жүйелері оларды білдіретіндердің
>>
7
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
өмірлік жағдайларымен түсіндіріледі») бастап Элвин Гоулднерге
дейін («Зиялылардың болашағы және жаңа таптың пайда
болуы») – кім айтса, соның талдауы және әлеуметтанушының
рөлі (саяси) қандай?
Әлеуметтанушылар «дауыссыздардың дауысын» қызықтап
жүргенде, олардың өз жақтастары пайда болады. Студенттердің
консервативті бола бастағаны рас, бірақ 2008-2009 жылдардан
кейін жаһандық капитализмнің теңсіздігін қолдамайтындар
саны өсе түсті. Әлеуметтану көпшіліктің мәселелерін - тап,
нәсілдік және гендерлік теңсіздіктер, билік, кедейлік, қанау,
зорлық, ескішілдік - зерттеуге қайта оралатын болса, онда бағзы
замандарда баспалдақтан түспейтін студенттер аудиторияларды
бос қоймайды, олар бізге қайтып келеді. Майкл Буравойдың
«қоғамдық әлеуметтануға» үндеуі осындай абайлап аяқ
басу болып табылады, шынында Берклидегі әлеуметтану
кафедрасында сыныптар толық және сапасы жоғары аспиранттар
бар. Егер өзінің саяси миссиясын сақтай алса, онда ірі әлеуметтік
мәселелерді зерттеуді экономикадан, сонымен қатар Маркстің
немесе Вебердің классикалық әлеуметтануына тән болған сыни
көзқарасты қайтарып алар еді.
Әлеуметтанушылардың көпшілігі нақтылықты аса дәлдікпен
сипаттауға емес, экономикадағы немесе саяси ғылымдардағы
рационалды таңдау іліміндегідей іс-әрекетті үлгілеу жолымен
(зертханалық тәжірибелерге сүйеніп) әлеуметтануды «қалыпты
ғылым» бағытына бұра отырып, пәніміздің әдіснамалық
дағдарысын шешуге тырысуда. Дегенмен, зертханалық
тәжірибелер бізге себеп-салдарлық болжамдарды тексеруге
мүмкіндік беретінін айтқан болатынмын, бірақ олардың сыртқы
валидтілікке қатысты күрмеулі мәселесі неоклассикалық
экономиканың «ғылыми болжауларының» басым бөлігінің жалған
болуын түсіндіріп бере алады.
Париж экономика мектебінде қызмет атқаратын менің
қымбатты әріптесім Жиль Сен-Поль Абу-Дабидегі Нью-Йорк
университеті кафедра семинарында «экономика ғылым ба?» деп
сұрады. Оның жауабы сенімді болды: егер ол күмәнді/сапасы
төмен мәліметтерді және қайта қалыпқа келтірілмейтін үлгілерді
қолданатын болса, экономика қалайша ғылым болмақ? Ж. Сен-
Поль экономиканы дәлелденген болжамдар жасақтаудан гөрі,
пікірталастардың шекарасын анықтайтын «мәдени қызмет»
ретінде тануды ұсынды.
Мен үшін «неге» деген сұрақтан «қалай» деген сұрақтың
пайдасы көбірек екенін мойындаймын және мен жақсы әлеуметтік
зерттеу сияқты тексеруге келмейтін нәрсені қабылдауым өте
қиын. Бірақ мен Вебер объективтілікті «объективтілік» дегені
сияқты әлеуметтік ғылымдарды «ғылымдар» деп сипаттаймын.
Себеп-салдарлық байланыстары тексерілуге келмейтін тек
болжамдардың жиынтығы ретіндегі «ғылым» болса, онда
әлеуметтік ғылымдардың ешқайсысы да «ғылым» емес. Гоббстық
немесе парсонстық тұрғыда әлеуметтік әрекет «волюнтаристік»
болып табылады, өйткені «Агент» таңдау жасай алатын мүмкіндігі
бар (ең кем дегенде осы қалыптасқан жағдай шеңберінде) деп
есептеледі. «Адамдар өз тарихын өзі жасайды, бірақ олар ойына
не келсе, солай жасайды» деп Маркс аса көрегендікпен айтқан еді.
Адамдар таңдау жасайды, және осы таңдау олардың тіршілігімен
детерменистік емес, тек схоластикалық қатынастарда болады.
Адамдардың әрекетін түсіндіре аламыз, бірақ біз ешқашан
олардың қай әрекеті «рационалды» екенін айта алмаймыз
және олар нені рационалды сипатта жасап жатқанын немесе
жасайтынын болжай алмаймыз деп Вебер дұрыс айтты.
Осы жағдайда интерпретациялық әлеуметтану экономикадағы
(немесе саясаттанудағы) рационалды таңдау теориясының
алдыңғы жағында тұр, сондықтан әлеуметтанушылар
экономикалық немесе саяси ғылымдардағы «ғылымилау»
әріптестеріне еліктеу арқылы қатеге ұрынуда. Әлеуметтанудың
басқа «әлеуметтік ғылымдармен» салыстырғанда тағы бір
артықшылығы бар: әлеуметтану мәліметтерге қатысты сыни
рефлексияны қолданады. Бұл «сандық» зерттеушілерден гөрі
«сапалық» зерттеушілерге қатысты әділеттірек. Говард Беккерде
білім алған этнографтар осы жағдайдан жақсы хабардар: қандай
сұрақтар дұрыс екенін түсіну үшін өзіңді әлеуметтік жағдайларға
«бойлатуың» керек. Аса қағілез этнографтар, сондай-ақ,
әрине «сандық әдістерді» қолданатын ғалымдар, әлеуметтік
нақтылықты түсіну үшін қаншама ынта қажет екенін көрсетті.
Әлеуметтану үшін өзін сөздің тура мағынасындағы ғылым
ретінде емес, «ғылым» ретінде қабылдаған өте жақсы болар
еді. Әрине, біз «неге» деп сұрауға тиіспіз, бірақ осы сұраққа
қаншалықты лайықты жауап бере алатындығымызға байланысты
күмәнді болмасақ. Осыған байланысты әлеуметтанудың
қарапайымдылығы туралы білген кезде экономика мен
саясаттану ғылымы тек жеңіске жетеді.
Сонымен нәтижесі не болды? Әлеуметтану шынында үш
еселенген дағдарысты басынан кешуде. Ол неоклассикалық
экономика мен саяси ғылымдардың рационалды теориясы
тарапынан ұсынылып отырған үндеулерге тұщымды жауап
бере алмай отыр. Ол имитация жасап отыр немесе жоғалтқан
электоратты қайтару мақсатында «сәнді» немесе «желөкпе»
пәнаралық шеңберге өтіп отырған жайы бар. Әлеуметтану
орасан зор мәселелермен бетпе бет келіп отырған уақытта мен
Маркс пен Вебердің классикалық дәстүріне оралуды ұсынамын.
Неоклассикалық экономика мен саяси ғылымдағы рационалды
таңдау теориясы әрі қарай ғылым мәртебесіне ұмтыла алады,
дегенмен әлеуметтану үшін тағы бір «қалыпты ғылым» болуға
талпыну және саяси тұрғыда ақылға қонымды нарративтер
ұсыну ақымақтық болар еді. Оның орнына әлеуметтанушылар
ірі мәселелерді көтеріп отырған кезде неге классикалық дәстүрге
оралмасқа? Сонан кейін болып табылатын рефлексиялық,
интерпретациялық тұрғыдан экономикаға (және содан кейін енді
пайда болып келе жатырған саяси ғылымдарға) салмақты үндеу
тастамасқа? Неге солшыл, неоклассикалық әлеуметтану емес?
Хаттарды Иван Сзеленьиге жолдауға болады<
ivan.szelenyi@nyu.edu
>
1
1.
1965 және 1975 жылдар аралығында әлеуметтану мамандығына студенттерді
қабылдауда үлкен секіріс болғанын және оның 1980 жылдары күрт төмендеп кеткенімен
барлық авторлар келіседі. Қараңыз. Дэвид Фабианик «Әлеуметтанулық мамандықтарға
қабылдаудың төмендеуі», Америкалық әлеуметтанушы, көктем, 1991: Бронвейн
Лихтенштайн, «Америкалық әлеуметтану құлдырап бара ма?» Жаһандық Диалог 3.2,
сондай-ақ
http://www.asanet.org/research/stats/degrees/degrees_level.cfm
).
Бакалавриат
түлектері санының біртіндеп артып отырғанына қарамастан, әлеуметтану бойынша
бакалавриатқа қабылданғандар саны 1970-жылдардың ортасындағы деңгейге әлі жете
қойған жоқ).
8
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
> Жаһандық әлеуметтануды
қалай түсінеміз?
Гурминдер К. Бхамбра, Ворвик университеті, Ұлыбритания және Халықаралық әлеуметтанушылар ассоциациясы
президиумының мүшесі, Концептуалды және Терминологиялық Талдау бойынша зерттеу комитеті (RC35)
>>
Ж
аһандық әлеуметтану» - әлеуметтануда заманауи
«еуроцентрлік» түсінікте және жаңа жаһандық
дәуірге арналған жаңартылған әлеуметтануға
жол іспетті басқа үстемдіктегілердің осыған
дейінгі мән бермей келгендерінінің өтеуі ретінде ұсынылды.
Осы бағыттың үш құрамдас негізі бар: (1) парадигманың
заманауилық әртараптылығына ауысу; (2) мультимәдени
жаһандық әлеуметтануды дамытуға үндеу; және (3) жаһандық
космополиттік ұстаным пайдасына шешілетін дәйек. Бірақ
бұл ұстанымдарды «қалған әлем» назарына алғандай
болғанымен, менің болжауымша, олар мұны қолайсыз
жағдайларда жасайды.
Ал, мен қазіргі жаһандық нақтылықты пайымдаудың ең
үздік тәсілі ретінде Еуроцентризмнің постколониялық және
деколониялық сынына құрылған «байланған әлеуметтану»
ұстанымына жүгінемін. «Байланған әлеуметтанудың» негізгі
мәселесі – меншіктерді тартып алу, колониализм, құлдыққа
түсіру және меншіктеуді тарихи әлеуметтану мен пәнді
толық қамтып негізгі өзегіне орналастыру әдісі арқылы
әлеуметтануды басқаша ойластыру. Әлеуметтанудың
құрылымын
жасауда
«отаршылдықтың
жаһандығы»
мәселесінің өзектілігін түсіну арқылы ғана біз лайықты сыни
«жаһандық әлеуметтануға» негіз болатын постколониялық
және деколониялық шынайылықты түсінеміз әрі шеше
аламыз деген сенімдемін.
Әдетте әлеуметтану мен заманауилықтың жаңа, заманауи
түсіндіру әдістерін талап ететін экономикалық және саяси
революциялар нәтижесінде пайда болған қазіргі құқықтары
тең сипатта екенін айту керек. Еуропада заманауилық
атрибуттары қандай деген түсініктермен қатар, қалған әлем
осы әлемдік-тарихи процестерінен тыс болатыны жөніндегі
идея бар.
Колониялық байланыстар мен процестер қазіргі заман үшін
оның мүмкін болатын бастапқы пунктінде басымдылығы
аз, сонымен қатар, басқа жерлерде билеп төстеу мен
деформациялықтың заманауилығы ретінде түсіндіріледі.
Алайда, бұл революциялардың тарихи есебі – және,
Гурминдер К. Бхамбра - постколониялық әлеуметтануды
дамытудағы үздік тұлға. Ол отарланғандардың
тәжірибесі мен ықпалы тарихтан қалай сызылып
тасталғанын көрсету үшін жергілікті әлеуметтануға
назар аударған. «Байланған Әлеуметтану» атты соңғы
кітабында осында келтірілген дәлелдерді дамытқан –
еуроцентристік ұстаным сыны, жаһандану, бұл бүгінгі
күні біз білетін, әлемді қалыптастырудағы еуропалық
емес «өзгелердің» рөлін көрсетпейді. Африкалық-
америкалық әлеуметтанудың америкалық ғылым
негіздерінен маргиналдануы, азаматтық жөніндегі
заманауи көзқарастар өзінің тарихи өзегінен, соның
ішінде, әсіресе, отарлық және құлдықпен тығыз
байланысынан бас тартқандығы туралы жазды.
Ол – «Жаһандық ғасыр теориясы» кітабының жаңа
сериясының редакторы.
«
Гурминдер Бхамбра.
9
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
осылайша, заманауилық өзімен–өзі – уақыт ағымымен
өзгеріссіз қалмайды, автономды эндогенді бастау мен
келесі жаһандық өзгерістердің тарихнамалық фреймі
осы оқиғалармен бірге жалғасады. Бұл жаңа «жаһандық
әлеуметтануға» үндеу тастайтын тұста да солай.
> Әртарапты заманауилық
Әртарапты заманауилық, мысалы, модернизация теориясын
1990-шы жылдардың соңындағы тарихи әлеметтанудың
аясында зерттеудің жеке парадигмасы ретінде алмастырды.
Модернизация теориясы маркстік ұстанымдардың, сонымен
қатар тәуелділік пен мешеулік теоретиктерінің де тарапынан
әлдеқашан қатаң сынға алынды. Әртарапты заманауилықты
бекіте отырып, ғалымдар екі кері көқарасты ұстанбауға
тырысты: бірінші, тек Батысты ғана - заманауилық деген
идея, басқалары соған сәйкес болуға ұмтылуы керек; және
екіншіден, батыстың Шығысқа деген көзқарасы міндетті
түрде Еуропоцентристік ұстанымда болады деген идея. Бұл
ғалымдар заманауилық идеясын бекіту Еуропоцентристік
болған кезде, әсіресе, Еуропада әлдеқашан қол жеткізілген
дүниелерге өз пікірлерін сақтап қалады, дегенмен әртарапты
заманауилық теориясы өзінің баламалы осы заманауилық
талдауында Еуропаны басты нүкте ретінде қарастырады.
Осылайша, заманауилықтың Еуропадан шыққандығы
жөніндегі «дерек» расталмауы мүмкін емес деп болжай
отырып, олар үстем ұстанымды тиімді сақтап қалады.
Жаһандық өзара байланыс дұрыс танылып, түсінікті болған
кезде, бұған қарсылық ретінде осы «дерек» терістелуі тиіс деп
ойлаймын.
> Жергілікті Әлеуметтік ғылымдар
«Жаһандық мультимәдени әлеуметтануға» ең жаңа
дәйектер, әлеуметтік ғылымның автономды және балама
дәстүрінің дамуына үндейтін, әлеуметтік ғылымдардағы
«индегинденумен»
бұрынғы
байланыстар
шеңберіне
сүйенеді. Бұл «жаһандық әлеуметтануға» арналған
ертеректегі дәйектер Батысқа тән әлеуметтік пікірталас
мейнстриміне үнемі әсер еткен жоқ, дегенмен осы жерде
Жаһандық диалогта және оның негізін құраушылардың
арасында да аз талқыланған жоқ. Бұл пікірталастардың
негізгі өзегі - осы ақпаратты жергілікті және аймақтық
тәжірибелер мен практикалардан алатын автономды
әлеуметтік дәстүрлерді дамыту немесе қайта құруға шақыру.
Көптеген модернизациялардағы секілді, дегенмен, осы
автономды дәстүрлердің жаһандық әлеуметтануды ұсына
алатыны жөнінде тәжірибелік тұрғыда талқыланған жоқ.
Ұстанымдарды шектеу Батыстан басқа жерлердегі ғалымдар
мен ойшылдарды қызықтыра алмаумен түсіндірілсе, онда
негізгі мәселе маргиналдану және шеттету болып көрсетіледі.
Осы мәселенің шешімі айырмашылықты мойындау мен тәртіп
аясында «еуропалық емес ойшылдардың жоқтығын» түзетуге
ұмтылу арқылы алдамшы теңдікке үндеу болып табылады.
Алайда, бұл сөзсіз маңызды мәселе болып табылса да
және шын мәнінде әрі қарай полимәдени әлеуметтану
құруға (неғұрлым) мүмкіндік береді, бірақ бұл ұстаным
әлеуметтанудың бұрынғы құрылымындағы мәселені толық
шеше алмайды немесе қазіргі уақытта аталған құрылыстың
салдарын жалғастырып келеді.
> Космополиттік Әлеуметтану
Енді жоғарыда аталған жаһандық космополиттік
әлеуметтануға
шоғырланудың
жаңа
әмбебаптығына
талаптанатын үшінші ұстанымға қысқаша тоқталғым
келіп отыр. Космополитизм, осы контексте космополиттік
болашақты көру қазіргі кезеңнің саясатын қалыптастыра
алатын нормативті императив ретінде көрінеді. Бұл, өз
кезегінде, бәрін қамтитын әлеуетті жаһандыққа негізделген
космополиттік парадигма арқылы әлеуметтануды қайта
құрастыруға
жұмсалатын
күшпен
толықтырылады.
Көптеген космополитизм теоретиктері үшін ол «олардың»
«біздің»
шарттарымызды
қабылдағанымен
тәуелді,
дегенмен, инклюзиялық мәселесі «мүмкіндік» қалдырады.
Әмбебаптылық жергілікті білімнің релятивизмінен, сонымен
бірге Батыстық әлеуметтану ықпалынан сақтану үшін
қажет деп саналады, алайда онда тарихтың қалыптасқан
ережесінде қарастырылмаған космополиттік байланыстарды
айқындау үшін космополитизм оның келешегі ретінде
қалай пайдаланылатыны жөнінде талқылау жоқ. Мұндай
тарихтарды мойындау, бізге шынайы бар басқаларды өзекті
ретінде көрудің орнына, әлеуметтанулық концептілерді және
категорияларды тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда сипатталған барлық ұстанымдар, жер шарының
конфигурациясында бар тарихи түбіріне (және қайнар
көзіне) көңіл аудармай-ақ, қазіргі көптеген мәдениеттер
мен дауыстарды анықтайтын аддитивті ұстаным арқылы
жаһандықты тұжырымдайды. Барлық үш байланыс та
отарлық пен құлдық тарихында «жаһандық» дамуда ортадан
орын алатынын мойындаудың орнына – жаһандықты
ертеректегі тарихи жеке өркениетті контекстер ретінде
ұсынылған қазіргі байланыстар арқылы қалыптастырылған
тәрізді қарастырады. «Жаһандықты» жуық арадағы құбылыс
ретінде ғана қолдана отырып, бұл ұстанымдар болашақтағы
бастамаларға қолдануға үндейтін әлеуметтік қайта құрулар
бұрынғы интерпретациялар мен концептуалды түсініктердің
сәйкестігін тұспалдайды. Бұл пәннің иерархиясын толық
қолдайды деп ойлаймын. Пікірталастарға қатысу үшін алыс
аймақтардан жай ғана дауыстарды қатыстыру, болашақта
әлеуметтанушылар әртүрлі болуы мүмкін дегенді болжайды,
алайда бұл жүзеге асу үшін әлеуметтанушылар өз өткендеріне
әртүрлі көзқараста болулары қажет екенін есепке алмайды
(және пәнді түсіну өткен өмір үшін маңызды).
> Байланған әлеуметтану
Ойымды тұжырымдағым келетін «байланған әлеуметтану»
келешегі үдерістер арқылы қалыптастырылған оқиғалар
әрқашан да өздері солар арқылы жасалған ресурстарға
қарағанда кеңірек екенін мойындаудан басталады. Бұл
мүмкін болатын интерпретациялар мен таңдаулардың
әртараптылығын оқиғалар мен үдерістерді «сипаттау» емес,
біз бұрындары ойлаған, бірақ біле алмағандарымызды
басқаша ойлауға мүмкіндік ретінде мойындайды. Әртүрлі
әлеуметтанушылар
қажет
болғанынша,
уақыт
пен
кеңістікте, соның ішінде колониялыққа, империяға және
постколониялыққа уақыт пен кеңістікте бірігеді.
>>
10
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
Бұл жаңа әлеуметтанушылар келісілмеген және күрделі тәрізді
жиі пайда болады және олар осы негізде қарсылық көрсете
алады (гео-кеңістіктік стратификациясы академиясының
арқасында қарсылық ыңғайылырақ). Алайда, олар бұл
өзара байланыстар тұрғысынан әртүрлі түсінетін секілді
әртүрлі позициялардың нәтижесі оқиғалар мен процестердің
талдауын ашу қажетті. Басқаша айтқанда, әртүрлі пікірлердің
болуы, алдын-ала ойластырылған айырмашылықтарды түсіну
бізді қарапайым плюрализмнің шеңберінен алып шығуы тиіс;
бұл бәріміз бірдей ойлайтындай емес, бірақ, біздің өзара
әрекеттесуімізге дейін жоспарлағандай ойламау үшін.
Саяси бірлестік идеясы ұлттық саяси тәртіп ретінде, мысалы,
еуропалық өзіндік сана мен еуропалық тарихи әлеуметтану
үшін негіз болды. Дегенмен, көптеген еуропалық мемлекеттер
олар қаншалықты ұлттық мемлекет болса, соншалықты
империялық болды – көбіне ұлттық мемлекет болғанға дейін
немесе болумен қатар – және мемлекеттің саяси элитасы
әрқашан әдетте мойындалып жүргенінен де анағұрлым
кең әрі стратификацияланған болды. Мысалы, Британ
империясының саяси бірлестігі, тарихи тұрғыда мультимәдени
бірлестік болған кезде, саяси бірлестіктің шекаралары
ұлттық контексте түсіндірілетін мемлекеттердің аймақтық
шекараларымен сәйкес келетін секілді түсіндірілетін бұл ұғым
қазіргі саяси дискурсқа сирек енеді. Өткен отаршылдықты
еске алмау арқылы, постколониялық Еуропаның (және
Батыстың) қазіргісі еленбейді. Мұндай таңдаулы түсініктің
саяси салдары Еуропадағы көптеген ұлттық таңдауды
тудыратын иммиграция туралы пікірталастарда жақсы
айтылады, олар өз кезегінде Еуропадағы көптеген ұлттық
сайлаудың мазасын қашырды. Сайлаулар, адамдарды бірге
байланыстыратын саяси келісімшарттар, келіссөздердің
негізі болып табылған кездегі уақытты білдіреді. Алайда, бұл
келісімдер қазіргі заманғы шарттарды жасауға үндесе де,
олар бұйымдардың нақты тарихи нарративі контекстерінде
пайда болады: анықтама бойынша, «мигранттар», ұлттық
негізде түсіндірілетін мемлекеттің тарихынан шығарылады.
Саяси қауымдастық тарихынан шығарып тасталғандар,
сондай-ақ
«мигранттар»
да
мемлекеттік
бірлестік
шегінің құқығынан шығарылады және бұл мемлекеттік
бірлестіктен кету үнемі бұйырылып отырады. Алайда,
біз халық-мемлекеттің тарихын «түпкі» тұрғындардың
қызметін есептеуден бұрын кеңірек түсінсек, қазіргі ұлттық
шекаралардың тарихын қисынсыз қысқарту, анағұрлым
ауқымды тарихпен байланысты мигранттар секілді топты
неғұрлым дұрысырақ, яғни азамат ретінде қарастырудың
орнына азаматтық қауымдастықтан оны сәйкестенуден
алшақтатады. Миграция ұлттық және Еуропалық сәйкестіктің
ажыратылмайтын нарративі болып табылады; миграцияны
мемлекеттің тарихы үшін орталық және анықтағыш ретінде
түсіну - мигранттар күтіп жүргендей әлеуеті күтудегі әлеуетті
азаматтар ғана емес, тарихи тұрғыдан осындай азаматтар
екенін ұғыну болып табылады.
«Байланған әлеуметтану» ұстанымдары, осы әлемнің пайда
болуына мүмкіндік туғызған үдерістердің ішінен өз орнын
анықтай отырып, әлемнің позициясы тұрғысынан бастауды
талап етеді. Әлемнен өз орнын анықтаудан бастағанда,
олар түсіндіруге тырысатын, тұлға немесе оқиғаға қарағанда
әрқашан ауқымды түсінікті қамтамасыз ететін байланыстарды
шығара отырып, біз міндетті түрде әлемдегі осы орынмен
байланысты тарихтан бастаймыз. Жоғарыда талқыланған
жаһандық әлеуметтануға анағұрлым жалпы ұстанымдар
әлемдік тарих туралы мәселе еуропалық осы заманғыны
басқа қоғамға әкелді деп болжанатын байланыстарға ғана
маңызды ретінде айналып өтті. Керісінше, «байланған
әлеуметтану» ұстанымында Еуропаны, ол жерде отарлық пен
құлдықты қалай құрғаны және одан кейін ұтқандарын ескере
отырып, Еуропаны анағұрлым кең процестердің шеңберінде
орнату қажет және қазіргі күндері біздің жиі кездесетін
мәселелерімізді шешу үшін Еуропаны басқарғандардан нені
үйренуге болатынын қарастыру қажет.
«Байланған әлеуметтану» ұстанымы, жаһандық әлемде
әлеуметтік әділеттілікті бекіту ісінде әлеуметтік қиялға жаңа
күш беру үшін қажетті жұмыстар мен міндеттерді орындауға
бағыт-бағдар көрсетеді.
Хаттарды Гурминдер К. Бхамбрада жолдауға болады
<
G.K.Bhambra@warwick.ac.uk
>
11
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
>>
Достарыңызбен бөлісу: |