экстремистік
саясат
> Жылдамдық пен саяси тұрақсыздық
Алайда, еуропалық демократия беріктігіне қауіп-
қатер негізі басқа жақтан туып отыр. Біріншісі,
еуропалық саяси күштер орналасуының жылдамдығы
және сайлаушылардың қалауы мен эмоцияларының
тұрақсыздығы; екіншісі, Шарли Эбдо тәрізді оқиғалардан
бастау алатын, саяси және экономикалық дағдарыстар
аралығындағы жағымсыз синергия болып табылады.
Эрик Хобсбаум «ашулы адамдардың көктемі» деп
айтқандай, 2012 жылдың көктемі өзгеріс кезеңі болды.
Еуропалық саясат қуат жинап жатқандай әсер қалдырды:
бір электорат екіншісімен ауысып жатты. Оңшылдар
мен солшылдардың саяси шектен шығуы электораттық
прогреске жол ашты. Франциядағы президенттік сайлауда
Франсуа Олланд жеңгенмен, Марин Ле Пен үшінші орынға
ие болды. Ол солшылдар мен оңшылдарды бірге алғанда
қазіргі президент Саркози немесе оның Социалистік
Челленджеріне қарағанда, сайлаушылар дауысын көбірек
жинады.
Көп уақыт өтпей-ақ, Грекияның көпшілік неонацистік
партиясы, қызба антииммигранттық Алтын Таң (Golden
Dawn) дәстүрлі оңшылдармен ығыстырылды, сол кезде аты
аса танымал Сириза, Социалистік коалиция Социалистерді
орнынан ығыстырды. 2014 жылдың соңында, Шарли
Эбдо қастандығынан бір апта өткен соң, Грекия қайтадан
сайлау өткізді – қазір Сириза Грекияны басқарса, ал
Алтын Таң (Golden Dawn) саны бойынша елде үшінші
орында тұр. Еуропалық Экономикалық және Валюталық
одақтарда мүшелікті қолдайтын және Еуропалық одақтың
қатал үнемдеу мандатымен шырмалмаған Швецияда да
электораттық тұрақсыздық орын алды. Таяуда Швециядағы
парламенттік сайлауда Швецияның оңшыл демократтары
2010 жылдағы 6% дауыстан 2014 жылы 13% дауысқа дейін
өсті.
2013 жылғы сайлауда Италиядағы Бес Жұлдыздық
Қозғалыс (Five Star Movement) бірінші орынды алды,
ал Испанияда солшыл Подемос (Podemos) қозғалысы
біршама орынға ие болды. Дегенмен, Германиядағы
Пегида (Pegida) оңшыл антииммигранттық қозғалысының
пайда болғанына аз уақыт болса да, бұл қозғалыс сайлау
округына ие бола алды – әсіресе, 2010 жылы Тило
Саррацинның Германия өзін жоғалтты бестселлерінің
қарқынды ықпалымен жүзеге асты.
> Жағымсыз синергия мен саяси көңіл-күй
Елеулі ерекшеліктеріне қарамастан, бұл партиялар мен
қозғалыстардың ортақ белгілері бар: ұлттық мемлекеттер
алдындағы парыз, Еуропаның бірігуіне деген сенімсіздік
пен жаһандануға антагонистік көзқарас. Олар евроға
17
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
Грек парламентіндегі «Алтын таң»
неонацистік қозғалысы
>>
ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН
18
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН
қарсы саясатты ұстанып, Валюталық одақтан шығуды
жақтайды және экономиканың аскетизмге толы саясатына
күшті қарсылық білдіреді.
Шарли Эбдо иммиграция мен интеграция мәселелері
төңірегінде жаңа өзекті пікірталас алаңын тудырды.
Егер Еуропалық одақ енгізген қатаң аскетизмі Ле Пен
сияқты саясаткерлерге неолибералдық және жаһандық
бағдарламаны қауіпті деп анықтауға мүмкіндік берсе,
онда Шарли Эбдо өлімі ислам фундаментализмі бар және
қауіпті, иммиграция күрделі мәселе деген наразылықтарға
ықпалын күшейте түсті. Бұл ұзақ уақыт бойы Еуропалық
оңшылдардың дәлелі болып келсе де, Франция премьер-
министрі «Франциядағы этникалық пен әлеуметтік
апартеид» туралы айтқанда оны Шарли Эбдо өлімінен
байланыстырды.
1919 жылы Джон Мэйнард Кейнс былай деп жазды:
«Алдағы
жылдардың
оқиғаларын
мемлекеттік
қайраткерлер арнайы қалыптастырмайды, бірақ саяси
тарих қойнауынан толассыз аққан жасырын сел тәрізді
оның қорытындысын ешкім болжай алмайды [екпінді
қостым]». Кейнстің соғыстан кейінгі жылдары айтылған
экономикалық және табиғи күйзеліс туралы пікірі қазіргі
Еуропада да қорқыныш тудыруда.
Еуропада 1930 жылдардың қайталануы және фашизмнің
оралуын байқаймыз ба? Алтын Таң (Golden Dawn)
ұлтшылдықты ашық қолдаса да, Франция Ұлттық Майданы
мен Швеция Демократтарының мақсаты авторитаризм
емес, ұлтшылдық болып табылады; Норвегиялық Андерс
Брейвик сияқты абыржыған адамдар түсінікті саяси
бағдарламалармен бас қатырмауы қажет. 1920 және
1930 жылдардағы диктатуралардың қайтып оралуын
айту қолмен басатын машинкаға көшуді болжағандай
аңғырттық болар еді. Қазіргі кезде еуропалық ұлттық
мемлекеттер рәсімдік демократиялық болып табылады:
тіпті мажарстандық президент Виктор Орбанның «сауатсыз
демократияны» қолдауы әлі күнге дейін демократияға
берген бос сөз ретінде қабылданады.
Қазіргі Еуропаның «жасырын бағыты» ─ қараңғы, және
ұжымдық көңіл-күй тарихи параллель туғызып отыр.
Себастьян Хэффнер өзі өмірден өткеннен соң жарық көрген
30-жылдардағы Германия туралы мемуарында үміт, торығу,
қорқыныш, ашу мен адасуды Гитлердің билікке келуінің
алғышарты ретінде анықтайды. Дәл осындай зұлмат көңіл-
күй Еуропаны қазіргі кезде шарпуда. Жақында өткізілген
Франциядағы ұлттық сауалнамада респонденттер өз
көңіл-күйін «сенімнің жоқтығы», «депрессия» және
«ебедейсіздік» деп анықтады. «Құлшыныстың» ең
соңғылардың бірі болып таңдалуы – қазіргі Францияда
консервативті журналист Эрик Земмурдың Французша
өзін-өзі Өлтіруі [Le suicide français] бестселлерге айналып
отырған жағдайда таңғаларлық ештеңесі жоқ жаңалық.
Экономикалық дағдарыс пен қатаң экономикалық саясаты
жоқ нағыз оңшылдар мен солшылдар партиясының
тартымды болуы екіталай. Алайда, 1970 жылдардан
бастап, экономикалық стратегиялар мен өзара көмек
принциптері қажетті дәрежеде жұмыс атқармады. Сол
сияқты, 19 ғасырда ұлтшылдық пен мультикультурализмдік
идеализмге сүйенген иммиграция мен интеграция саясаты
қайтадан ойластырылуы қажет. Қазіргі жағдайдан шығу
үшін еуропалық көшбасшылар бүкіл жұмылдырылған,
әлеуметтік ынтымақтастықтың жаңа түрлерін ойластырып,
жүзеге асыруы тиіс. Көшбасшыларға келешекті ойластыру
мүмкіндігін беретін, ұжымдық сенім сезімін қайтадан
қалыпқа келтірулері қажет. Экономикалық қайта сұрыпталу
– бастама болғанымен, бірақ экономикалық саясаттың
жалғыз өзі жеткілікті емес. Еуропалық көшбасшылар саяси
кеңістікте әлі күнге дейін ұлттық масштабтағы қауымдастық
мәні туралы шынайы ойлауы қажет; олар «аса жасырын
емес» селге қарсы жүзуі керек, олай етпесе Шарли Эбдо
сияқты оқиғаларға тап болуы мүмкін.
Хаттарды Мейбл Березинге жолдауға болады <
mmb39@cornell.edu
>
19
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
>>
> Алаң жазбалары:
Еуропа
өндірген үрей
Элизабет Беккер, Йелль Университеті, АҚШ
Элизабет Беккер мешіттегі рәсімде
Э
тнография күнделікті өмірді
бақылау мен оған қатысу
арқылы өзгелердің әлеміне
ену мүмкіндігіне жол ашады
Мұрағаттық
жұмыстан
ерекшелігі
этнографиядағы сауалнама немесе
эксперименттік
әдістердің
нақты
оқиғаларды
сипаттауда
үзіліске
байланысты өзгеріп кетуі немесе
зерттеуді анықтауда осал жерлері
бар. Осындай жағдайлар Шарли
Эбдо журналистерінің өлімінен кейін
Еуропаның үш мешде зерттеу жүргізген
кезде де болды.
Мен Еуропадағы мұсылмандардың
мәдени және рухани әлеміне ену үшін
және олардың идентификациясына
таңылған таңбаға қалай тап болғанын
>>
түсіну үшін мешіттерді этнографиялық
тұрғыдан талдадым. Мұсылмандардың
күнделікті өмірін олардың көзқарасы
негізінде ғибадатханалардың ішіне
еніп, көргім келді. Олардың арасында
болып, қазіргі кезде исламды қоршап
отырған күрделі саяси жағдайды
талдау емес, олардың күнделікті
өмірін зерттеу мақсатым болды.
Зерттеу алаңына – Берлин, Лондон
мен Мадрид мешіттері – ену дербес
трансформацияларды қажет етті.
Сәнқой және феминист ретінде
өзіндік сана-сезімімді құрметтеп, мені
ілтипатпен қабылдауы үшін күрестім.
Басында бетіме немесе жерге түсіп
кете
беретін
мойынорағышпен
әурелендім. Алайда, тез арада өзіме
ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН
20
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
назарды аудартып, жібек маталарға
оранып, Берлин орталығы арқылы
өтетін автобусқа кең хиджаб киіп
міндім; Лондондағы Олдгейт-Истте
карриге тапсырыс беру қызметі
көрсетілді;
Мадрид
аумағындағы
мешіттен шыққанда адамдар менен
көз айырмай қарады. Мұсылман өмірін
сүруге шешім қабылдағанда, мен
қорқыныштың әртүрлі бейнесін бастан
кешірдім.
Менің орамал таққаныма таңқалып
бұрыламын
деп,
велосипедінен
құлаған немістен де шошынған
жоқпын. Католиктер қаласы Кёльннің
үлкен мешіті ғимаратын айқаймен
оқшауландыруға тырысқан Кёльндегі
оңшыл қозғалыстың шағын тобынан
да қорықпадым. Мен, әрине, мешіттен
қорықпаймын.
Зерттеу басында басымнан өткізген
жалғыз үрей-егде мұсылман әйелдер-
дің менің мешітте не істеп жүргенімді
түсінбей жасаған пайымдаулары. Мен
толығымен хабардар да, хабардар
емес тарапта да болмадым; мен
талапқа сай киіндім, бірақ ерекшелігім
болды; мен мұсылманға тұрмысқа
шықтым. Әйелдер орамалымды жиі
дұрыстаумен болды, тағы бір қабат
орамал қосты (иығымның үстінен
қосымша қалыңырақ орап), менің
шалбарым мен шұлығымның манжетін
алдыртып тастады. Олар араб
әріптерін үйретуді айтпағанда, өзгелер
аз тұрақтайтын кеңістікке тиесілі
болуыма «көмектесу» мақсатында
мені қымтаумен болды. Элизабеттің
мешіттің күнделікті өміріне қатысқысы
келетінін түсіне алмағандықтан, олар
тіпті мені Фатма деп атауды сұрады.
Олар өздерінің қауіпсіздігін сақтау
мақсатында, менің олардың бірі
екенімді сезінсін деп, менің атымды
қайта қойды. Алайда, Берлинде
бөлінген екі әлем шегінде теңдік
сақтауға талаптанғанымда, алаңдық
зерттеулерім мен зерттеуші ретінде
бұл үрейлер өзім үшін ұсақ және
үйреншікті болып қалды.
Мультимәдениет орталығы болып
табылатын Лондонда, менің екінші
зерттеу
алаңымда,
мен
өзімді
көбірек түйсіндім. Мен және менімен
достасып кеткен, сыйыну борышымен
өмір сүретін әйелдер арасындағы
айырмашылық
анығырақ
білінді.
Дегенмен, сірә, қаншалықты қайшылық
болса да, бұл ерекшеліктер сол
шекараларды жоюға мүмкіндік берді.
Мен «өзгелер» тобы тұрғысынан
біршамасын оңай көре алдым, олар
- әйелдермен байланыс кезіндегі
балаларды қамқорлыққа алу, ащы
карри дәмі мен талғамдарымыздың
әртүрлілігіне қарамастан, сезімтал
көзіміз. Осы әйелдер менің мешітте
болуымның «шынайы» мақсатына
күдіктенумен қарады және көбісі менің
академиялық мақсаттарым бойыма
біткен балаға қарағанда, қосалқы
екеніне сенімді болды.
Мадридке Шарли Эбдо оқиғасы
болар алдында бір апта бұрын келдім,
сүт қатқан кофе ішіп, Ретро бағында
ұзақ серуендеу рахатына бөлендім.
Менің мешітті зерттеуім жай басталды.
Жергілікті тұрғындардан мешіт туралы
сұрастырғанда, көбісі менен жауап
күткендей қарады. «Мадридте мешіт
бар ма? Сіз Кордованы айтып отырсыз
ба?» - олар үйреншікті сөздерден
қатты ерекшеленетін осындай сұрақ-
жауапты қойып отырды. Мұсылман
әйелдерді кездестіріп сұрастырғанда,
олар күліп былай жауап берді: «Мешіт
ешқашан қала орталығында, астанада
болған емес».
Мен
тәжірибелі
болғандықтан,
Испаниядағы мұсылман қауымдас-
тығында бұрыннан үрей бар екенін
байқадым. Бұл Парижде болған
өлімнен кейін пайда болған жоқ, өлім
бұл үрейді күшейте түсті. Шарли
Эбдо оқиғасының алдында бірінші
рет мешітте болдым, одан мені қуып
шықты. Топтық мерекелерге қатысуға
рұқсат сұрадым, бірақ ондай мереке
болмайды деген өтірікті естідім.
Екіншіден,
қаланың
оңтүстігінде
орналасқан мешітте есік алдында
тұрған ер адам менің іздеген жеріме
дұрыс келгеніме сенімділігімді сұрады.
Мен сенімді екенімді білдіріп, басымды
изегенімде, ол балаларының ойынын
көрсетуін тамашалап отырған әйелдер
тобына қуана алып келді. Балалар
баламның бетін сүйген кезде, олардың
аналары маған таңдана қарады.
Алайда, қастандықтан кейін мешітте
күдікті адамдар азайғанымен, жиі бос
тұрды. Қастандықтан соң бір апта өткен
кезде, мен Масджид мешіті орналасқан
аймақта мұсылман әйелдерді күтіп
отырдым, мешіт тек намаз оқитындарға
ғана ашылды, келген әйел болмады.
Тіпті қаланың ең ірі мешіті де ішінен
құлыптанып, тек намаз оқитын уақытта
ашылып, бос тұрды. Мен баламмен
бірге келдім, көргенім тек бірнеше
әйел, екеуі әңгімелесіп отырды, тағы
екеуі сыйынып, біреуі ұйықтап жатты,
ешқайсысы менің сәлеміме жауап
қайтарған жоқ. Қорқыныш сезімі менің
бойымды билеп алды, сондықтан
мешіттен асығыс шығып кеттім. Алғаш
рет зерттеу кезінде бірдеңе дұрыс
болмағанын сездім.
Шарли Эбдодағы өлімнен кейін
күшейе түскен қорқыныш сезіміне
Мадридте тап болдым, күрт пайда
болған шарасыздық пен қауіпсіздік
мешітте де үдей түсті. Полиция
Калашников автоматтарымен Пуэрта-
дель-Сольге келіп жетті – «күнге
есік» - қала орталығы, мен баламды
тербетіп ұйықтатып жатқанда ауаны
қақ жарған дабыл естілді. Өткен жылы
қазанда Дрезденде құрылған, Пегида
қозғалысының
испандық
оңшыл
қанаты (Отаншыл Еуропалықтар Батыс
Исламдануына қарсы) ұйымдастырған
шулы наразылықтар жергілікті құқық
қорғау органдары тыйым салғанына
қарамастан, мешіттен тыс жерлерде
болды. Шарли Эбдодағы өлімнен
кейін барлық континенттер мен
елдердегі мешіт қабырғаларында
«Өз елдеріңе қайтыңдар», тіпті
«Исламға өлім» деген жазулар пайда
бола бастады. Мен мешітке кіргенде,
сөйлесуге қашқақтаған, Мадридтің
ішкі және сыртқы аудандарында
арақашықтық
ұстауға
тырысқан,
менен қорқатыдарды жолықтырдым.
Олар кенеттен ниетімнің зиян болуы
мүмкін сеніммен, менің мешіт ішінде
болуымның себебіне күмәнданды.
Тек Париждегі қанды оқиғадан кейін
ғана өзімнің саяси жағдайларды
жете
бағаламағанымды
және
зерттеулерімнің тоқтатылуы керектігін
түсіндім. Менің басты идеям мешітке
баратындардың
саяси
әлемін
әлеуметтік және мәдени әлемдерінен
айырып көрсету болды. Шынында
саяси оқиғалар әлеуметтік және
мәдени әлемді, сонымен қоса мені
де қатты күйзелтті. Шығу тегіне
қарамастан, барлық мешіттерге қауіп
төнді. Алғаш рет мен мешіт ішінде
ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН
>>
21
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
де қорқатынымды сезіндім. Шарли
Эбдодан кейін АҚШ-ғы достарым Сауд
Арабиясындағы және Ирак пен Левант
Ислам мемлекеті (ИГИЛ) жасап отырған
зорлық-зомбылық
туралы
айтып,
менің мұсылмандармен араласып
кеткеніме таңданып жатты. Мен
қысылған жоқпын ба? Мен қорыққан
жоқпын ба? Бұрыннан жоспарымда
болған, испандық мұсылман жастар
тобымен сұқбат жүргіздім. Олардың
түсіндіруі бойынша, жер шарының
түкпір-түкпірінен келетін лаңкестер
зұлымдықтарынан әрдайым өздерін
қорғап жүруі керек.
Мадридте бойымды билеген үрей
сезімінен
Берлинге
оралғанда
да арыла алмадым. Мұсылман
орамалын тағатын құрбыларымның
айтуы бойынша, олар Париждегі
қастандықтан кейін үйден шықпауға
тырысты, метрода басқа адамдар
тарапынан сенімсіз кекесінді байқады.
Берлиндегі түрік қарттары елдеріне
қайту айтылғанда (басқа Түркияға)
ыдыстарындағы шайларын төгіп алды.
Берлинде мұсылман бозбала хиджаб
киетін апасының жергілікті автобуста
Париж қастандығынан кейін бір апта
өткен соң басынан кешкен оқиғасын
айтып берді. Ол мұсылман емес мүгедек
әйелге автобус платформасына мінуге
көмектесіп жатқанда, жолаушылар жол
беруден бас тартты. Автобустағы ер
адам ұялмай және қымсынбай «біреу
мынаны ұру керек» деп айтып салды.
Бір ай өткен соң сол бала менен
Солтүстік Каролинада үш мұсылман
бозбала неге өлтірілгенін сұрады.
Көзіне жас алып, сенімсіздікпен
«себепсіз бе?» деп сұрады. Он бір
жастағы rubix кубик иегері Ферреро
Роше шоколадын жақсы көруші – тіпті
осы баланың да бойын қорқыныш
билеп алған.
Әлемнің
жаһандық
бейнесі
бойымызда қорқыныш тудырып, әлсіз
етеді. Ұлтшыл оңшыл қозғалыстар
осы үрейді пайдаланып, біздің әртүрлі
әлем аясында өмір сүретінімізді
мойындағысы
келмейді.
Пегида
оңшылдар қозғалысы Германияда
Дрезден көшелерінде тың күшпен
шықты. 18 000 адам өшпенділікпен
«исламдануға қарсы тұрды».
Германия канцлері Ангела Меркель
мұсылмандар Германияның бөлінбес
бөлшегі деп айта алады және мен
оның сөздерінің символдық маңызы
бар екенін жоққа шығармаймын, бірақ
мен көрген адамдардың келбеті аудан
мешіттеріне қатер тудырып, Еуропаны
«басқалар айшықтауын жалғастыруда»
деп есептейді. Бұл, әлбетте, фанаттар
іс-әрекеттерімен астасып жатыр –
айуандықпен кісі өлтіруді тоқтатпай,
Шарли Эбдоға қастандық жасаған
қанішерлер, Ирак пен Левант Ислам
мемлекетінің (ИГИЛ) сарбаздары.
Зерттеуші де, азамат та осы санқырлы,
қақтығысқа толы қорқынышпен күресу
жолдарын білмейді. Қауіпсіздік пен
күдіктенудің жоғары деңгейі біздің
әрекетімізге тек қана кедергі болады.
Әртүрлі нәсіл өкілдері мен діни
сенімдегі көршілерімізбен бірігуіміз
қажет, сақтағымыз келетін азаматтық
дәстүр арқылы біз экстремизммен
сыпайы күресуіміз керек. Екі түрлі
әлемде жүрген, әрі жат, әрі жақын
адам ретінде, мешіттерді зерттеуші
ретінде менің үрейім Шарли Эбдоға
жасалған
қастандықтан
кейін
күнделіктіден
экзистенциялыққа
ауысты. Мен де өзімді шекараларды
біріктіру талпынысымнан да шегінемін;
шекараларға мен сенбеймін.
Хаттарды Элизабет Беккерге жолдауға болады
<
becker.elisabeth@gmail.com
>
ШАРЛИ ЭБДОДАН КЕЙІН
22
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
> Пәкістандағы
әлеуметтанудың
Лейла Бушра, Лахор менеджмент университеті, Пәкістан
>>
П
әкістандағы әлеуметтанудың батыстағыдай
буыны қатып үлгерген жоқ. Негізгі еңбектері
жарық көрген 1960 және 1970 жылдары жарық
көрген Хамза Алави біздің елден шыққан алғашқы
әрі жалғыз халықаралық дәрежедегі әлеуметтанушы
болды. Алавиден кейін Пәкістан туралы ешқандай
ауыз толтырып айтар еңбек жазылған жоқ. Бірқатар
тарихшылар, антропологтар мен саясаттанушылар жазған
маңызды еңбектермен қатар, жақында ислам экстремизмі
және оның Пәкістан әскері мен геосаясатына қатысы
туралы біршама кітап жарық көрді, бірақ теориялық және
нағыз әлеуметтанулық тұрғыдағы жұмыстар аз. Сонымен
қатар, Пәкістанда әлеуметтанулық қауымдастықтар мен
журналдар жоқтығы сезіледі.
Бүгінгі күнгі Пәкістанның шынайы әлеуметтануының
жанашыры ретінде Лахор менеджмент университетінде
(LUMS) сабақ беріп жүрген бес (үшеуі АҚШ-та, екеуі
Англияда білім алған) әлеуметтанушыны көрсетуге
болады. Осылардың екеуі өз зерттеу алаңын, тиісінше,
философия мен саясаттануға ауыстырса, біреуі енді
өзгертейін деп жүр. Біздің тарихымыз бен мәдениетімізді
ескерсек, жақын болашақта оң өзгеріс болады деу қиын.
1990 жылдардың ортасында Пәкістанның ең беделді
бизнес мектебі – LUMS тек Еуропа мен Солтүстік
Америкада білім алған оқытушылар дәріс беретін алғашқы
студенттерге арналған төртжылдық оқу бағдарламасын
бастаған болатын. Осылайша, Пәкістанның қоғамдық
дисфункциялық алып білім беру теңізінде америкалық
үлгідегі дербес әрі қымбат білімнің шағын аралы пайда
болды. Ол кездері LUMS басымдылық беріп отырған негізгі
экономика және информатика салаларымен қатар, оқу
бағдарламасына бірнеше гуманитарлық және әлеуметтік
ғылым курстары енгізіле бастады. Дегенмен, стандартты
курстар жиынтығынан тұратын басты екі саламен
салыстырғанда, гуманитарлық және әлеуметтік ғылым
салаларында негізінде тек университет ұсына алатын
пәндер ғана оқытылды және ол сабақтарды жергілікті қол
жетімді адъюнкт профессорлар мен (дипломаттар және
психологтар сияқты) мамандар жүргізетін.
Студенттердің LUMS -қа келуінің басты себебі оның
негізгі екі саласы болғанымен, олар әу бастан әлеуметтік
ғылымды оқытудың жаңа тұрғысына оң көзқараспен
қараған болатын. Уақыт өткен сайын әлеуметтік
ғылымдар біртіндеп, экономика мен информатиканың
қатаң талаптарына сай келе алмаған, бірақ LUMS-
та қалғысы келетін студенттер есебінен жеке салаға
айналды. Кампуста саны артқан студенттерді қамтамасыз
ету барысында кафедра да кеңейді.
LUMS-тың төртжылдық бакалавриат бағдарламасына
жиырма жыл толды, сонымен қатар, гуманитарлық
және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы да ұзақ жолды
бастан кешті. Тұрақты штат мүшелерінің негізгі тобы
оқу жоспарын тазалап, бірыңғай батыстық дипломға
негізделген ретсіз жұмысқа алудың орнына еңбек
мәдениетін қалыптастыру арқасында университеттегі өз
орындарын анықтауға маңызды үлес қосты. Айналадағы
толық жүктемедегі жалғыз әлеуметтанушы ретінде мені ол
кезде антропологтардың үлкен тобы қабылдаған болатын.
Кафедра басшысының өзі – антрополог, жақында қоғамдық
ғылымдар саласын саясаттану, экономика, әлеуметтану,
тарих, ағылшын және психология сияқты салалармен
ауыстырды. Біз жыл сайын пәнаралық конференция
өткізіп, шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмастық.
Дегенмен, әкімшілік тарапынан қарсылықтармен қатар,
баяғы кафедра ұсынысы мен студенттер талабының сай
келемеуі мәселелерін шеше алмадық.
Кейбір зерттеу саласы немесе жеке басының мәселелері
бойынша Пәкістанда шоғырланған бір уыс қана кафедра
мүшелерінен басқалары LUMS-та Еуропа мен Солтүстік
Америкада, тіпті жаңа тенденция ретінде Шығыс Азия мен
Таяу Шығыста жақсырақ жұмыс мүмкіндіктері шыққанға
дейін уақытша сабақ беруде. Көбісі шетелден тұрақты
жұмыс табуға үміттеніп, қысқа мерзімді қосымша қызмет
атқаруға кетіп отырады.
ПӘКІСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |