ЖАҺандық диалог ж урна л



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата06.03.2017
өлшемі1,95 Mb.
#8171
1   2   3   4   5   6   7   8

> Ирландияның

   экономикалық

   тығырыққа қарай жолы

Шон О Риэйн, Мэйнут Ирландия Ұлттық Университеті, Ирландия

1   


990-жылдары  Ирландия  бүкіл  әлемге  «Кельт 

Жолбарысы»  атымен  таныс  болды.  БАҚ 

өкілдері  таратқан  ақпаратта,  экспорттың 

қарқынды  өсуі  шетел  инвестициясы  арқылы 

жүзеге  асқан  іс  болғанымен,  тарихи  тұрғыда  ел 

ішіндегі  жұмысбастылықтың  деңгейі  жоғары  және 

эмиграциямен  байланысты  екенін  атап  өту  керек. 

1990-жылдардың  соңында  Ирландия  коғамында 

экономикалық  серпіліс  болды,  себебі  ресурстар, 

экономикалық,  институттық  және  мәдени  байлық 

бар еді. Ирландия экономикасы тұрақты және даму 

жолындағы айқын қадамдар жасады, 80-жылдардағы 

мемлекеттің қомақты қарыздары жабылды.

2008  жылы  бұл  ресурстар  таусылды,  қаржы 

дағдарысы  ел  экономикасын  әлсіретті.  1990 

жылдардағы әлемдік либералды ел тарихи тұрғыда 

әлсіз  капитализм  тән  елег  айналды.  Осындай 

драмалық трансформацияға не түрткі болды? Қазіргі 

капитализмнің  үш  ұлы  қағидасы  –  қаржыландыру, 

халықаралық 

интеграция, 

«либералды» 

экономикалық  саясат  өзара  тығыз  байланысты, 

бұл  соққы  Ирландия  үшін  ауыр  тиді.  Біріншіден, 

1990  жылдары  жаңа  өндіріс  салалары  ашылып, 

оны  мемлекеттік  органдар  бақылауға  алды.  2000-

шы  жылдарда  жылжымайтын  мүлік  айналасындағы 

шырғалаңдар,  арзан  несиелер,  жасанды  нарық, 

коммерциялық  объектілер  болған.  Соңында  банк 

жүйесінің құлдырауы мен банктердің жаппай қарызы 

қоғамның мойнына артылды.

Екіншіден, 

Ирландияның 

қаржыландырылуы 

қауіпті  сипат  алды,  себебі  динамикалы  еуропалық 

интеграцияның  динамикасы  өзгерді.  1990-шы 

жылдары  еуропалық  қоғамдық  қорлар  тарапынан 

Ирландияға  үлкен  инвестиция  тартылды.  2000 

жылдары  жеке  меншік  несие  ағымы  экономикадан 

жоғары  тұрды,  Ирландия  банктері  қомақты  сомада 

халықаралық  несие  берушілерге  қарыздар  болды. 

Жүргізілген  саясат  аясында,  Еуропалық  Одақ 

қаржыландыру  интеграциясын  жүзеге  асырды, 

сондай-ақ  бірыңғай  валюта  ретінде  еуроны  енгізді. 

Еуропалық  комиссия  әлеуметтік  және  капитал 

салымдарын төмендетті. Еуропа болашаққа орасан 

зор инвестиция салды, әрі қарай алдау-арбау процесі 

орын алды.

Үшіншіден, 

ұлттық 


саясат 

халықаралық 

қаржыландыруды  Ирландиядағы  ішкі  қақтығыстар 

мен қысымға айналдырды. 1990 жылдардың соңында 

үкімет  неолиберализм  мен  популизмді  қолданады, 

салық  мөлшері  күрт  азайып,  мүлікті  сату  кезіндегі 

салыққа  тәуелді  болды.  2008  жылы  несие  мен 

жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс кезінде 

күйреді,  Ирландияда  мемлекеттік  қаржы  таусылып, 

одан соң мемлекет саясатын күрт өзгертті, салықты 

көбейтті және шығындарды қысқартты.

Ирландия тарихында, шындығында, экономикалық 

либерализм  маңызды  орын  алды,  ол  ағылшын-

америкалық  «либералды»  капитализм  үлгісінің 

кейбір ерекшеліктеріне ұқсас. Салықты қысқарту мен 

капиталды  өсіру,  нарық  қорындағы  инвестициялық 

ынталандыру үшін салықтық жеңілдік, банктік реттеу 

мен  «нарықтық  механизм»  жүйелері  Ирландиядағы 

экономикалық апатқа әкелді.

Әрине,  басқа  ерекшеліктерді  де  атаған  орынды. 

Орталықтандырылған  мемлекеттік  жүйе  биліктегі 

шағын  министрлер  тобына  сенім  артты,  жабық 

экономикалық  даму,  бір  мезетте  әлсізденген 

демократиялық  басқаруды  жеңілдетті.  Нарықтық-

бюджеттік  саясат,  басқарудағы  қыйтұрқы  әрекеттер 

мен  әлсіреген  ұлттық  саяси  база,  негізгі  қатал 

экономиканы орнатты.

Мемлекеттің  жалпы  әл-ауқаты  ақшалай  төлемге 

негізделіп, мемлекет тарапынан әмбебап әлеуметтік 

қызметтерді  көрсету  қоғам  тарапынан  қолдаудан 

айырылды.  Бұл  саяси  факторлар  елге  ықпал  етті, 

бірақ осы құбылыстардың әрқайсысы – капитализмнің 

«либералды» 

әлемінің 

көрінісі. 

Ағылшын-


америкалық  либералды  экономика,  мемлекеттік 

және  жеке  меншік  бірлестігінің  иерархиясы  мен 

партиялық басқару, бюджеттік дефицитті қолдану мен 

кірістің  ұлғайғандығын  көрсетеді.  Бұл  функциялар 

«нарық»  аспектісі  бола  алмайды,  бірақ  либералды 

ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ



 

 35


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

капитализмді дамытады, нәтижесі - шынайы тұрғыда 

орын алатын либерализмнің жалпы элементтері.

Алты жылға созылған құлдыраудан кейін, Ирландия 

экономикасы  бірқалыпты  емес,  дегенмен  біртіндеп 

қайта  қалпына  келуде.  Нақты  жұмысбастылық 

деңгейі  өсуде,  салық  түсімі  артуда  және  бюджеттік 

дефицит  төмендеуде.  Соған  қарамастан,  Ирландия 

даму жолында жоғарыда аталып өткен үш қауіп бар, 

олар мемлекеттің жағдайын нашарлатуға алып келуі 

мүмкін. Сол кезде, банктер несиені сұрыптап берді, 

өндірістік  кәсіпорындарға  аз  көлемде  берді,  үкімет 

мемлекеттік  инвестициялық  банкті  құра  бастады. 

Қаржы  мен  жеке  меншік  күшейе  түсті,  жалдамалы 

сектор күрт өсті, шағын сектор мен үй шаруашылығы 

саласына қаржылық қысым түсті.

Алайда,  Еуроаймақта  қайта  даму  жолындағы 

қаржылану  мен  саяси  реакция  жеткіліксіз  болды. 

Мүмкін,  еуропалық  көшбасшылар  «қаталдықты» 

талап  еткен  болар,  әлеуметтік  демократиялық 

Еуропа  халықаралық  қаржы  нарығында  өздерін 

көрсете  алды.  Бұл  мүмкіндіктер  елдегі  ағымдағы 

шығындарды  қысқарту  мен  әлеуметтік  әл-ауқатты 

жақсартуды  көздеді.  Ағымдағы  инвестициялық 

жоспар мемлекеттік органдар аясында жүзеге асады. 

Бүгінгі  таңдағы  Ирландия  әлі  де  салықты 

азайтуды көздейді – бұл еуропалық және ирландтық 

экономика  саясатына  қарсы  тұратын  күштерге 

үндеу  болып  табылады.  Бюджетті  теңестіру  – 

Еуропалық  экономикалық  либералдар  тактикасы 

емес, Еуро Одақ социал-демократтарының ісі. Олар 

әлеуметтік  ынтымақтастықты,  оның  негізінде  елдегі 

жаппай жұмыспен қамту, әлеуметтік қызмет көрсету 

және  тең  жалақыны  қамтуды  көздеді.  Еуропалық 

және  ирландтық  әдістер,  бүгінгі  күні  бірқатар 

әлеуметтік қорғаудың көлемі мен түрлерін көрсетеді. 

Парасаттылыққа,  қорғауға  және  экономикалық, 

әлеуметтік  тиімді  әрекетке  негізделген  ескі  социал-

демократиялық жобаның қайта жандануына қатысты 

Еуропалық  Одақтағы  саяси  дебаттар  тым  ұзақ  

маргинализацияланды және баяғыда өтіп кетті. 

Хаттарды Шон О’ Риейнге жолдауға болады <

Sean.ORiain@nuim.ie

>

ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ





Еуропа бір кезде болашаққа 

мықты инвестиция салып 

еді, енді сонысын міндетсіп 

отыр



 

ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

 36

GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



> Қоғамдық 

   нақтылықты қорғау

Мэри П. Корпоран, Мэйнут Ирландия Ұлттық Университеті, Ирландия

Б  


асқа 

либералдық 

демо-

кратиялар  сияқты  институт-



тық  қоғамдық  нақтылық  – 

мемлекет  ұсынатын  тауарлар 

мен  қызметтерді  білім  мен  қоғамдық 

БАҚ  тарапынан  Ирландияда  шеттеп 

қалды.  Сонымен  қатар,  ирландтық 

қоғам  келісімге  келу  кезінде,  мен 

интерстициялық  қоғамдық  сала  деп 

атайтын  түсінік  пайда  болғанын 

байқаймыз. 

Нарық, 


мемлекет 

және  азаматтық  қоғам  арасындағы 

қатынастардың  тепе-теңдігін  күшей-

тетін 


интерстициялық 

қоғамдық 

өмірдің  институттық  қоғамдық  өмірде 

диффузиялануын  көрсететін  мағына 

тән  реформаланған  республиканы 

елестетуі мүмкін.

Бейресми  қоғамдық  сала  бірқатар 

сәтсіздікке  ұшырады,  оның  нәтижесі 

ретінде  материалдық  ресурстардан 

айырылумен  қатар  қатаң  сынға 

ұшырады.  Егер  Гэлбрейттің  сөзін 

қолданатын болсақ, бұл – 30 жылдық 

«жеке  ауқаттылық  пен  қоғамдық 

кедейліктің»  нәтижесі.  Медициналық 

қызметкерлер, 

педагогтар 

мен 

қоғамдық қызметкерлер, саясаткерлер 



мен  жеке  сала  көшбасшыларының 

және  БАҚ-тың  нысанына  айналды. 

Осыған 

байланысты 



2008-2010 

жылдары Энтони Коули Ирландиядағы 

мемлекеттік 

сектор 


тақырыбына 

арналған 

БАҚ-тағы 

ақпаратты 

талдады.  Оның  көрсетуі  бойынша, 

БАҚ-тың әртүрлі деректері мемлекеттік 

секторды  жеке  секторға  оппозиция 

ретінде 


ұсынады, 

мемлекеттік 

секторды  «құн»,  «ауыртпалық»  және 

«шығынмен»  байланыстырса,  жеке 

секторды «инвестиция» және «байлық 

құрумен»  байланыстырады.  Біз  істің 

осындай  жағдайына  соншалықты 

үйреніп  қалғанбыз,  оларды  қосымша 

ақпаратсыз  қабылдай береміз.

Дағдарыс 

жылдарынан 

бұрын 


Ирландия 

монетизация 

және 

қаржыландыру арқылы қайта құрылды. 



Жаңа азаматтық қоғамның 

манифестациясы – Дублин маңындағы 

жер үлестері. Суретті түсірген Мари 

Коркоран. 

>>


ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

 37


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

Себебі тек құлдырау қоғамдық игіліктер 

және қызмет секторында ғана болған 

жоқ. Қоғамдық интеллектуалдар сыни 

саланы  толықтыру  өте  қиын  (кейде 

ыңғайсыз)  болатындығын  көрсетті. 

Кейбіреулердің  пайымдауы  бойынша, 

қоғамдық интеллектуалдар ирландтық 

саяси өмірді және мәдениетті жаулап 

алған  нарықтық  фундаментализмнің 

басымдықта 

болуына 

қарсы 


болды.  Қоғамдық  интеллектуалдар 

технократтар  оркестріндегі  екінші 

скрипкада  ойнады.  Бір  нәрсені 

айтқандардың 

дауысы 

еленбеді, 



құлаққа да ілінбеді. 

Теократиялық 

мемлекетте 

(аса 


шектелген) 

католик 


шіркеуінің 

гегомондық  рөлін  ескере  отырып, 

азаматтық  қоғам  еуропаның  басқа 

мемлекеттерімен 

салыстырғанда, 

әлсіз 


дамыған 

және 


жеткілікті 

ресурстары  жоқ.  Елдің  мемлекеттен 

тыс бірнеше беделді институттары бар, 

олар  «қоғамдылық»  мәнін  құрастыру 

және  қорғау  үшін  платформаны 

ұсынды,  ол  біздің  қоғамдық  игіліктер 

және  қызметтерге,  біздің  қоғамдық 

интеллектуалдарға  немесе  біздің 

қалалардағы 

және 


ауылдардағы 

қоғамдық саладан тәуелсіз.

Дағдарысты 

мүмкіндік 

ретінде 

қарастыруға 

болады. 

Ирландия 

экономикалық  шығындарды  қысқарту, 

саяси  тұрақсыздық  және  психо-

әлеуметтік  рефлексия  кезеңін  бастан 

кешіруде. Біз «сценарийді жоғалттық», 

«жарыстан  жеңілдік»  және  өзіміздің 

экономикалық 

тәуелсіздігімізді 

жоғалттық.  Бірақ  тұрақты  және 

жасампаз болдық – қалаларымыз бен 

аудандарымызда 

интерстициялық 

қоғамдық  өмірде  өзіндік  орнымыз 

бар  екендігін  көрсеттік.  Біз  анимация 

және  жаңарудың  куәгерлігін  таба 

аламыз, адамдар өздерінің қоғамдық, 

азаматтық  және  әлеуметтік  «менін» 

күнделікті 

тәжірибелер 

арқылы 

өндіріс  және  айырбас  саласында; 



демократиялық және іс-әрекеттің тура 

қалпында; виртуалды кеңістік кезеңінің 

көмегімен  көре  аламыз.  Күнделікті 

өмірмен  үстіртін  танысуымыздың 

өзі  біздің  интерстициялық  қоғамдық 

өміріміздегі  «әлеует  кеңістіктерін» 

демонстрациялайды, 

жиі 


төмендегілерден  құралып,  белсенді 

азаматтар 

тәрбиеленген 

және 


азаматтық 

өзара 


ықпалдастықта 

адами қажеттіліктерді негізге алады.

Өндірістік  кеңістіктер,  соның  ішінде 

қалалық  учаскелер  және  айырбас 

кеңістіктері  сияқты,  сонымен  қатар 

фермерлер  нарығы  соңғы  жылдары 

қалаларда  және  қаланың  жақын 

аумақтарында  дами  түсті,  бұқаралық 

тұтынушыларды 

қозғалысқа 

келтіріп, 

адамдарды 

табиғатпен 

байланыстырып,  қоршаған  ортаның 

мәселелері  және  тұрақты  даму 

туралы  ақпараттандырды.  Қоғамдық 

кітапханалар  21  ғасырда  қайта 

қалпына келтірілді және қазіргі уақытта 

қоныстанған  мекендерде  жаңадан 

қатарға  қосылғандардың  ирландтық 

немесе иммигрант деп бөліп қарамай 

қажеттіліктерін 

қанағаттандырып, 

қызмет көрсетудің тамаша үлгісі болып 

келеді.  Полицияның  аға  офицерінің 

айтуы бойынша, бүгінгі күні Дублиндегі 

интеграцияланған  орын  қоғамдық 

кітапхана  екенін,  ал  қаланың  жаңа 

шеткі аудандарында Уэст Дублин. 

Қоғамдық 

өмірді 

қайта 


жандандыратын  әлеуеттің  негізінде 

жүзеге асқан шаралардың мысалдары 

көп:  жыл  сайын  Лиффиде  жүзу, 

Дублин  марафоны  немесе  Оңтүстік 

Дублиндегі «қырық фут» деп аталатын 

ашық шомылу орны қоғамның әртүрлі 

әлеуметтік  жіктеріндегі  адамдардың 

назарын  аударып,  нарыққа  шығудың 

кішігірім  кедергілеріне  тап  болу  мен 

өзін-өзі 

айыптаудан 

құтқаратын 

ирландтық 

қуаныштың 

қоғамдық 

көрінісіне  айналды!  Жыл  сайын 

Ирландия  бойынша  700-ге  жуық 

фестиваль  және  басқа  іс-шаралар 

өткізіледі.  Бұл  кеңістік  әлеуеті, 

еріктілердің күш-жігері және жергілікті 

халық  тарапынан  қолдауға  негізделе 

отырып, өнерден, тұтыну өнімдерінен, 

тарихтан,  әуеннен,  әдбиеттен  және 

поэзиядан алатын ләззатты көрсетеді.

«Кеңістік  аралық»  әлеуеті  өзінің 

құрамына  көркем  галереяларды, 

дүкендер  мен  қойылымдарды  (жиі 

тек  елестегі,  тоқыраудан  қалған 

орындарды),  флэш-мобтар  және 

арзандатып  сатуды  енгізеді.  Осы 

сияқты 

импровизацияланған 



іс-

шаралар 


қоғамдық 

орындарды 

жандандыруға, 

 

кейбір 



болжамдарымызды  қайта  қарауға 

итермелейді  (қайта  өңдеу,  қайтадан 

қолдану).  Виртуалды  кеңістік  әлеуеті 

компьютерлік 

коммуникациялар 

арқылы  жұмыс  жасайды  және 

саяси  ұйымдар  үшін,  кәсіпкерлік 

қаражат  жинау  үшін,  сонымен  қатар 

динамикалық 

шығармашылық  

бірлестіктер  үшін мүмкіндік туғызады. 

Гэльдік Атлеттік Ассоциация жұмысы 

–  ерікті  ұйым,  қала  маңындағы 

аймақтарда 

қауымдастық 

құруға 


тырысатындардың ең алғашқы бастау 

алар орталығы, бірегейлік, қатыстылық 

және  қоғамдық  басқаруда  маңызды 

рөл 


ойнайды. 

Демократиялық/

партисипативті 

кеңістіктер 

түрлі 

бастамаларды біріктіреді, «Болашақты 



нақтылай 

отырып» 


азаматтық 

қоғам  топтарының  федерациясы 

ирланд  қоғамының  тең  құқықты, 

инклюзиялық  және  тұрақтылығын 

қамтамасыз 

етуді 


талқылайды; 

«Ерлер  сарайы»  атты  жоба  қарт 

адамдарға  бірге  жиналып,  араласу 

үшін,  бос  уақытты  ұйымдастыруға 

мүмкіндік  туғызады;  «Анти-су»  тиімді 

компания  ретінде  көшелерді  жаулап 

алды.  Барлық  кеңістік  әлеуеттері 

азаматтық  белсенділіктің  маңызды 

бөлігін  құрайды,  ирланд  қоғамының 

қайта  жандануы  үшін  ықпал  ететін, 

ирландтықтарға  экономикадан  басқа 

үлкен мәнді ашып көрсетуге мүмкіндік 

жасайды. Бұл ─ сонымен қатар, қоғам 

жайлы.  Қаншалықты  интерстициялық 

қоғамдық  шынайылық  артады  және 

кең  өріс  жайылады,  институттық 

қоғамдық  шынайылық  Республиканы 

жаңарту  сияқты  кең  жоба  аясында 

үлкен әлеуетке ие болады. 

Хаттарды Мари Каркоранға жолдауға болады  



<

Mary.Corcoran@nuim.ie



ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

 38


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ



> Ирланд әйелдер

   қозғалысы

Паулин Каллена, Мэйнут Ирландия Ұлттық Университеті, Ирландия

И   


рландтық  патриархаттың  тарихы  үнемі 

әйелдер  қозғалысының  эволюциясымен 

қатар келеді. Бүгінгі ұлтаралық феминизмнің 

күрделі 


кешені 

отарлық 


кезеңнен 

бастау  алады.  Ирланд  әйелдер  қозғалысының 

бірінші  толқыны  19  ғасырда  лған,  әйелдер  үшін 

артықшылықтар 

британ 

отарлаушыларының 



үстемдігі  кезінде,  1918  жылдан  бастап  қамтамасыз 

етілген.  Феминистердің  бірінші  толқыны  ұлттық 

қозғалыста  үлкен  рөл  ойнады,  олардың  талаптары 

кейін,  консервативті  католиктік  постколониялық 

ирландтық мемлекет құру кезінде шектелген. Екінші 

толқыны  1970  жылы  әйелдерге  қатысты  зорлық 

>>

Ирланд әйелдер қозғалысының алғашқы толқыны – британ 



билігіне қарсы 1916 жылғы Пасха көтерілісіне қатысқан 

республикалық парамилитаристік әйелдер ұйымы

пен  әйелдер  құқығы  мәселесіне  назар  аударған 



радикализм  және  консолидацияның  қысылтаяң 

кезеңін білдіреді. 1980-шы жылдар болса,  керісінше, 

әлеуметтік  консерватизм,  жұмыссыздықтың  жоғары 

болуы  және  эмиграция,  ажырасуға,  жасанды  түсік 

жасауға  конституциялық  тыйымдарды  қамтыған 

кезең болды.

Феминистік  қозғалыстар  1990-шы  жылдары 

саябырлады,  бұл  кезеңге  орталықсыздану  және 

әйелдер  қозғалысының  жергілікті  қауымдастықтар 

желісі мен ерікті топтарға ұсақталуы тән. Дегенмен, 

ажырасудың 

заңдастырылуы, 

бір 

жыныстық 



қатынастардың қылмыстық болып табылмауы және 

ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

 39


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ

жұмыс  күштеріне  әйелдердің  қатысуының  кеңеюі 

феминистік белсенділік пен қоғамдық қатынастардағы 

өзгерістерді  көрсетеді.  Осы  кезең  барысында 

феминистер  бұрынғы  мәселелерді  табысты  шешті, 

теңдік  үшін  мемлекеттік  қолдауды,  жүктіліктен 

сақтануды  заңдастыруды  және  әйелдер  қызметін 

қаржыландыруды  қамтамасыз  етті.  Сонымен  бірге, 

еуропалық  сот  арқылы  репродукциялық  құқық 

бойынша сот процесіне назар аударды. 

Соңғы 


кездегі 

экономикалық 

дағдарысқа, 

ирланд  мәтініндегі  аскетизмді  басшылыққа  алған 

Католиктік құқықтың қайта жаңғыруына байланысты 

жаңа  заманауи  топтар  пайда  болды.  2010 

жылы  жас  әйелдерді  жұмылдыруға  бағытталған 

Ирландтық  феминистік  желінің  негізі  қаланды. 

Топтар  репродукциялық  құқықтар  үшін  қолдауды 

жұмылдыруды  жалғастыруда,  бұл  мәселелерге 

дәйекті  феминистік ұрпақ  саяси  сипат  беріп  келеді. 

Дағдарыс  әйелдер  ұжымына  да  теріс  ықпал  етуде, 

гендерлік  теңдік  пен  әлеуметтік  қызмет  көрсету 

ұйымдарында,  сонымен  қатар  әйелдер  мен 

отбасыларды қолдайтын бағдарламаларға қысқарту 

сипаты тән. Гендерлік теңдікке пропорционалды емес 

жағымсыз әсері, экономикалық тоқырау салдарының 

гендерлік теңдікке қарсы наразылықтарын қамтитын 

мықты феминистік саяси күшпен қатар келеді.

Ұлы 


рецессия 

кезеңі 


және 

Ирландияны 

неолибералды  бағыттағы  дамыту  парадигмасы 

секілді  жаһанды  күштер,  әлбетте  ирланд  әйелдері 

және  ирланд  феминизмнің  тікелей  салдары  болды, 

ирланд  әйелдер  қозғалысында  халықаралық 

күштердің рөлі пікірталас тудырды. Осы кезде кейбір 

авторлар қозғалысты отандық деп қарастырса, енді 

біреулері  оны  халықаралық  ресурстарға  тәуелді 

деп  есептейді.  Еуропалық  Одақ  (EU)  Ирландияның 

гендерлік  саясаты  бойынша  пікірталастарында 

маңызды  фактор  ретінде  көбірек  сипатталады. 

1980-ші  және  1990-шы  жылдары  ЕО,  Ирландияда 

ажырасуға  және  жасанды  түсік  туралы  заңдарға 

феминистік  топтасуды  жалғастырды,  ЕО  гендерлік 

теңдік  стратегиясы  және  Адам  құқықтары  жөніндегі 

Еуропалық  Сот  феминистік  қорғау  мен  гендерлік 

теңдік  үшін  мүмкіндіктерді  кейін  берді.  Еуропамен 

салыстырғанда, ирландтық гендерлік саясат ұлттық 

саясатқа үндеу тастаған феминистерге айтарлықтай 

заңдылықтар  ұсынды.  Бір  жағынан,  әрине,  ішкі 

ирландтық  феминистік  әрекет  шешуші  мәнге  ие: 

ирландтық гендерлік теңдік саясатының еуропалануы 

мен айтарлықтай прогреске наразылық, мүдделерді 

жүргізу  және  сот  істері  арқылы  қол  жеткізді.  2014 

жылы  гендерлік  теңдікке  ықпалы  бар  ирландтық 

заңнаманың 30-дан астам басшылары ЕО мүшелікке 

енді. Сонымен бірге ЕО феминистік топтарға жалпы 

еуропалық  әйелдер  ұйымының  мүшелері  ретінде 

трансұлттық  деңгейде  жұмыс  істеуге  мүмкіндікті 

ұсынды.

Дегенмен,  ЕО  ирланд  қоғамында  терең  бой  алған 



және  кең  таралған  гендерлік  теңсіздіктен  шығар 

жол  ұсынбайды:  еуропалық  деңгейде  гендерлік 

теңдік  жалақы  табатын  әйел  жынысты  еуропалық 

азаматтарға  бағытталған болып қала бермек. Қазіргі 

уақытта ЕО бұрынғыға қарағанда, ирланд қоғамында 

жүргізіліп  отырған  гендерлік  теңдікке  мүмкіндіктерді 

аз береді.

ЕО-тан  тыс  ирландтық  феминистік  топтар  ұзақ 

уақыт  бойы  Ирландия  мемлекетіне  Әйелдерді 

кемсітушілікке тойтарыс беру бойынша келісімді және 

Пекин  платформасын  қоса  алғанда,  халықаралық 

конвенциялар үшін БҰҰ бақылау процестері арқылы 

қысым  көрсетуге  тырысты.  2014  жылы  Азаматтық 

және  Саяси  құқықтар  туралы  есепте  Халықаралық 

комитет  Ирландияға  қатысты  гендерлік  теңдік  пен 

әйелдердің белсенділігін арттыру бағытында жұмыс 

жасауды ұсынды.

Ирландия  экономикалық,  саяси  және  қоғамдық 

өмірге  әйелдердің  араласуы  тұрғысынан  соңғы 

орынды иеленіп келеді, Ирландияның патриархаттық 

саяси  мәдениетін  өзгертуге  үндеуі  әйелдердің 

экономикалық,  саяси  шешім  қабылдауға  араласуы 

дәйекті болып қала береді. Десек те, Кельт Барысы 

кезеңіндегі  ирланд  экономикасының  жетістігі  мен 

әйелдер қозғалысының табысы жаңа мүмкіндіктерді 

ашты.  Бүгінде  Ирландияда  феминизм  күрделі, 

бейімделген 

және 


дифференциацияланған; 

әлеуметтік,  мәдени  және  саяси  мүмкіндіктер 

алаңында  әріптестіктің  болуымен  сипатталған; 

сонымен  қатар  көптеген  жергілікті,  ұлттық  және 

ұлтаралық 

қозғалыстармен 

шатасқан 

болып 


сипатталады.  Дегенмен,  осындай  қиын  тұста 

феминистік  саяси  агенттік  гендерлік  теңдікті  түсіну 

үшін айрықша маңызды болып қала бермек. 

Хаттарды Паулина Калленаға жолдауға болады <

Pauline.Cullen@nuim.ie

>


ИРЛАНДИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ

 40


GD

 5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет