жай-күйін зерделеу
23
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
Жоғарғы әкімшілік маман ағынын үлкен мәселе деп
есептемейді. Олардың қалауындағы модель арнайы
пән мен жеке қызметкерлерге иек артпайтын, қосымша
шетелден келіп-кетіп жүрген оқытушылар-ақ оқыта
алатындай болуы тиіс. Шындығында, LUMS-тың орталық
әкімшілігі жаңа салаларды енгізуге екі жылдай қарсылық
білдірген және олардың біздің пәнге деген құрметі тек
студенттер сұранысының артуымен ғана байланысты
болып отыр. Қызығушылық танытатын студенттер бізде аз
емес, дегенмен, студенттердің сол қызығушылықтары көп
жағдайда біз ұсынатын салалармен сай келмей жатады.
Жыл сайын әкімшілік студенттер оқуға түсіп жатқанда
қалаған негізгі таңдау курстарының санын жібереді,
нәтижесінде саламыздың мүддесі ең соңғы орында қалып
отырады. Біздің саламыздан кейін тек тарих қана тұр.
Біздің курстарға жазылушылар аз емес, бірақ саламыз тек
қосалқы сипатта ғана болып отыр.
Көзге көрінетін бір жетістігіміз ретінде көптеген студенттер
аспирантураға түскенде пәндерімізді таңдайтынын айтуға
болады, ал ондай студенттердің саны аз емес. Тіпті мұнда
да көбісі дамуды зерттеу, медияны зерттеу, әлеуметтік
саясат және жаңадан қосылған урбанистика сияқты
қолданбалы бағдарламаларды жергілікті және шетелдік
БАҚ пен донорлық ұйымдарда жұмыс істеуге көмектеседі
деп үміттене отырып, жиірек таңдайды. Біздің студенттер
ақылды, талапты әрі ынталы болғандықтан, олар ондай
прагматикалық таңдау жасай беретіні анық. Менің
болжамым бойынша, жылына әрі кеткенде 1-2 студент
таза академиялық таңдау жасайды, бірақ оның өзінде ол
әлеуметтануды таңдауы екіталай.
Егер Пәкістан әлеуметтануға келмейтін болса, мүмкін
әлеуметтану Пәкістанға келуге күш салатын шығар. Мен,
ұлты пәкістандықтардың өзін қосқанда, көптеген батыстық
білімі бар әлеуметтанушылар басқа жақта жақсырақ
жұмыс табу мүмкіндіктері болса, онда осында қалады
дегенге сенбеймін. Сондай-ақ, ірі әлеуметтанушыларды
Пәкістанда аз уақытқа қызмет етуге шақыру қиын. 2008 және
2011 жылдар аралығында халықаралық конференциялар
циклін үйлестірушісі ретінде мен студенттер мен
оқытушыларды жігерлендіру мақсатында беделді
академиктерді қысқа мерзімге шақырып отырдым. Кейбір
мықты тарихшылар мен саясаттанушыларды шақыруда
жолымыз болғанымен, ірі әлеуметтанушылардың
ешқайсысы шақыртуымызға жауап берген жоқ. Болашақта
әлеуметтанушылар жасы мен беделіне қарамастан біздің
келесі академиялық іс-шарамызға оң көзбен қарар деген
үміттеміз. Өз тарапымыздан әлемдік аудиториясы бар
ХӘА бастамаларымен өзара байланыста болуымыз қажет.
Дегенмен, артылған үлкен үмітті бүкіл жаһан
аспиранттары ақтайтын шығар. Пәкістан – әлемдегі
ең «қауіпті» ғана емес, сондай-ақ, жете бағаланбаған
мемлекет. Пәкістанның мемлекеттік құрылымы мен
қоғамының кейбір аспектілері жүйелі түрде талданып келді.
Қызықты дисертациялық тақырып іздеген аспиранттар
Пәкістанды зерттесе, жақсы жұмыс шығар еді. Жақында
бітірген докторанттар да біздің университет сияқты шағын
ортада жұмыс істеу артықшылықтарын қарастырып көрсе
болады: ынталы студенттер, білім беруді ұйымдастыру
еркіндігі, қисынды сағаттар саны және өзге саладағы
әріптестерімен өзара қызмет ету. Біз – әлеуметтанусыз,
бірақ терең зерттеуді қажет ететін елміз.
Хаттарды Лейла Бушраға жолдауға болады <
laila@lums.edu.pk
>
ПӘКІСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
“
Әлеуметтану жоқ, бірақ
әлеуметтанулық талдауға
мұқтаж елдеміз
”
> Пәкістандағы
әлеуметтану
Хасан Джавид, Лахор менеджмент университеті, Пәкістан
>>
П
әкістанда жұмыс іздей бастаған кезімде,
әлеуметтанушылар үшін мүмкіндіктердің аз,
тіпті, жоқтың қасы екенін байқадым. Әлемнің
басқа көп бөліктеріндегідей, тарихи жағдайлар
мен мемлекеттің ғылым және техникалық салаға баса
назар аударуы әлеуметтік ғылымдарды еліміздегі
университеттердің бірқатарында, салыстырмалы түрде,
шетке ысырып тастады. Тіпті, әлеуметтану кафедралары
бар жерлердің өзінде институттық кедергілер мүмкіндіктерді
шектеуі жиі кездесіп отырады. Қоғамдық секторда, мысалы,
оқу жоспарын жасау мен академиялық еркіндікке мемлекеттің
араласуы қауіпсіз мемлекеттік жұмыс орындарына (көп
жағдайда саяси партизан) орналасу мақсатындағы кәсіби
бәсекелестік барысында оқыту мен зерттеу жүргізу тиімсіз
жағдай тудырады. Жеке секторда университеттер экономика,
бизнес, ақпараттық технологиялар сияқты түлектер
үшін қаржылық қайтарымы мол мамандықтар бойынша
деңгейлерге деген қомақты сұранысты қанағаттандыруға
тырысты. Ынталандырудың төмендігі мен институттық
қолдаудың аздығынан мемлекеттік және жеке секторлардың
екеуінде де зерттеулер өте аз жүргізіліп отыр.
Осы оймен, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды
қолдауға ниетті Пәкістанның бірегей жоғарғы оқу
орындарының бірі – Лахор менеджмент университетіне
(LUMS) жұмысқа кіруге өтініш білдірген болатынмын.
LUMS-қа өтініш білдіруге барғанымда, оның әлеуметтік
және гуманитарлық ғылымдар мектебі қайта құрылу үрдісін
бастан кешіп отырған болатын: егер бұрын университет
әлеуметтік ғылымдардағы әртүрлі мамандықтар бойынша
бакалавр деңгейін ұсынған болса, ал қазір нақты бір
пән ерекшеліктеріне бағытталған мамандар даярлауға
ұмтылуда. Осылайша, әлеуметтанушы лауазымында қызмет
атқаруға ниет білдіргеніммен, менің жаңадан құрылып
отырған саясаттану кафедрасына қосылуымды сұрады.
Саяси және тарихи әлеуметтанудан алған білімім мен
Оңтүстік Азиядағы мемлекет, тап және демократияландыру
үрдістеріне деген қызығушылығымды ескерсек, саясаттану
саласында жұмыс істеу мен үшін қиын болмасы анық
еді. Саяси ғылым саласында қосымша профессорлық
оқытушы құрамы үшін бос орынмен қатар, бірқатар
талаптар да қойылды; LUMS-та экономика мен қаржыдан
кейін ең танымал бағдарлама саясаттануға жыл сайын
150 шақты жаңа студенттер тіркеледі, сонымен қатар
оның антропология мен әлеуметтануға терең көңіл бөлетін
бағдарламасы жылына жиырма-отыз жаңа ірі фирмаларды
таратып отырады. Мұндай оқытушы құрамына деген
айқын талаптардың болуын саясаттанудың өзге әлеуметтік
ғылымдарға қарағанда, нарық тарапынан көбірек сұранысқа
ие деген сенімнің болуымен түсіндіруге болады. Өсіп отырған
студенттердің талабына тыйым салу әлеуметтану сияқты
танымалдығы төмендеу пәндерді маргинал, біліктілігі жоқ
әрі жеткіліксіз деңгейде қалдыруы мүмкін.
Пәкістанда жұмыс істеудің өзіндік кедергілері бар. Тіпті
LUMS сияқты ой еркіндігі мен пікірталасты қолдайтын
тамаша артықшылықтары бар жердің өзінде – көп жағдайда
академиялық қор мен оқыту құралдарының жетіспеушілігі,
зерттеуді материалдық және институттық қолдаудың
сәйкес болмауы, аспиранттар мен бағдарламалар
тапшылығы сынды мәселелермен күресуді қажет етеді. Осы
қиындықтар бір пән алаңының аясында қызмет атқаратын
және тең дәрежеде қатынасқа түсе алатын әріптестер ірі
қауымдастығының жоқтығынан туындап отыр.
Пәкістан – мұраға қалған отарлық басқыншылық
ауыртпалығымен қоса, жылдам экономикалық өзгерістер
және урбанизацияны бастан кешіп отырған, терең
мәдениетпен, даулы саясатпен, әлеуметтік және саяси
мобилизацияның жаңа (кейде ескі) формаларымен
демократияға өтіп отырған, әртүрлі діндерді ұстанатын
шамамен 200 миллион халқы бар көпұлтты мемлекет.
Дегенмен, әсіресе 9-11 оқиғасынан кейін, Пәкістан туралы
және ондағы зерттеулер ислам мен жаугершілік аясына
ұласты. Қаржыландырудың басым бөлігі (көбінесе,
батыстық) осы саладағы зерттеулерге деген сұраныстарға
бағытталғандықтан, сондай-ақ, зерттеушілердің басым
көпшілігі өз уақыттары мен күш қайраттарын осы мәселелерге
арнағандықтан, өзге зерттеу салалары мен ондағы гранттар
ПӘКІСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
мүмкіндіктері
24
GD
VOL. 5 / # 2 / JUNE 2015
саны тиісінше төмендеді. Саяси ғылым шеңберінде осы
кафедралар жұмысының басым бөлігі Халықаралық
қатынастар мен Қауіпсіздік мәселелерін зерттеуге
бағытталатындығын білдірді. Сонымен қатар, сандық
әдістер мен зерттеулерге жасалған басымдық шетелдік
донор ұйымдар мен мемлекеттік жоспарлау органдарының
мүдделеріне
сәйкес
келіп
отырды;
Пәкістандағы
әлеуметтанулық зерттеулер «саясат үшін маңызды» және
тек экономистердің экономикалық моделдеуі үшін пайдаға
асатын тар мәселелер төңірегінде ғана жүзеге асты. Күрделі
әрі алуан түрлі бола отырып, Пәкістан көп жағдайда басқару
мәселелерін арнайы саяси ұсыныстар тиімділігін көрсету
арқылы шешілуі мүмкін күшті діни экстремизм шоғырынан
алыстамады. Бұл үрдіс Пәкістан туралы жақында жарық
көрген еңбекте көрініс тапқан; тіпті солшыл саясат пен
аграрлық саяси экономия бойынша кітаптардың атаулары
мен мазмұнына «ислам» сөзі тықпаланады.
Пәкістандағы саяси ғылымдар кафедрасында жұмыс
істейтін әлеуметтанушы ретінде зерттеу, қоғам және теория
хақындағы жалғыз әңгіме осы параметр төңірегінде жүзеге
асатынын байқадым. Дегенмен, өз жұмысымда отарлық дәуір
институттары және, әсіресе, аграрлық экономикаға араласу
меншік иелері табының өз мүдделерін құрып, оны ұзақ
уақыт бойы жүзеге асыруға деген мүмкіндіктеріне қалайша
ықпал ететінігіне назар аудара отырып, мемлекет пен
Оңтүстік Азиялық тамыры тереңдегі элиталар арасындағы
байланысты зерттедім. Пәкістанның қазіргі демократиялық
саясаты үшін осы үлгі салдарын зерттеуге мүдделі болып
қала беремін, сонымен қатар, элиталық биліктің күрделі
экономикалық, саяси және әлеуметтік өзгерістер арасында
қалайша қайта құрылғанын зерделеумен айналысуға
тырысамын.
Ислам немесе саясатпен айқын байланысы болмаса
да, осы мәселелерге деген қызығушылық шектеулі. Өзге
мәселелер туралы, яғни этникалық шығу тегі, гендер және
урбанизацияны қоса алғанда, дәл осыны айтуға болады.
Сондай¬-ақ, олар болмаған кезде әлеуметтанушылар
елеулі болып отырады. Қарастырып отырған мәселелерге
қызығатын қызметкерлер мен әріптестерді іздеу барысында
өз кәсібін өте жақсы меңгерген экономистер және
саясаттанушылармен жұмыс істедім, дегенмен, олар өз
пәндерінің мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, зерттеу мәселесін
қалай құрастыру, оны зерттеу және оған жауап беруді
донорлар басқаратын зерттеулердің кең императивімен
шектеулі. Пәкістандағы тағы екі ірі зерттеу алаңы бар
тарих пен антропологиядағы достарым да осыған ұқсас
мәселелер туралы айтып жүр, бірақ, солай бола тұра, ол
пәндер менің саламдағы концептуалдық және әдіснамалық
ерекшеліктерден тым алшақ.
Әлеуметтану Пәкістанда экономика және саясаттану
сияқты донорлар және мемлекетпен мықты институттық
байланыстағы пәндерге ғана жол беріп, барынша өзін
орнықтырғысы келді. Мұндай жағдайдың болашақта
өзгеруі екіталай, себебі, Пәкістандағы әлеуметтанудың
беделін түсірген нарықтық күштер мен тұрақсыз жаһандық
саясат, сондай-ақ, ел ішінен және шетелдерден талапты
аспиранттарды балама пәндер аясында мансап қууға
итермелейді. Дегенмен, Пәкістан қызықты әрі күрделі
мәселелерді зерттеуге үміттенетін әлеуметтанушылар үшін
тың алаң болып қала бермек.
Хаттарды Хасан Джавидде жолдауға болады <
hassan.javid@lums.edu.pk
>
ПӘКІСТАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
“
Іс жүзінде әлеуметтік
зерттеулердің қоғамдық
және жеке секторы жоқ
”
25
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
26
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
> Ульрих Бек
Клаус Дёрре, Фридрих-Шиллер-Университеті, Йена, Германия және ХӘА Әлеуметтанулық
теория (RC16), Еңбек әлеуметтануы (RC30), Еңбек қозғалыстары (RC44) және Әлеуметтік
таптар мен әлеуметтік қозғалыстар (RC47) бойынша зерттеу комитеттерінің мүшесі
>>
У
льрих Бектің Тәуекелді қоғам
(Risk Society) еңбегі жарық
көрген алғашқы кезден бастап
Германиядағы
зияткерлік
сілкініске себепкер болды. Осы еңбегінде
Бек әлеуметтік нақтылық болашақта
әлеуметтанушылардың терминологиясына
сәйкес келмейтіндігі туралы қарама-
қайшы ұстанымдарын жария етті. Ол
өндірістік сипаттағы қазіргі заманда
сырт көзге өзгеріссіз болып көрінетін
институттық қабықшаның ішінде қазіргі
өмірдің жаңа баламалы түрлеріне қарай
жалған революциялық қозғалыс орын
алып жатыр деп тұжырымдайды. Осы
қозғалысты түсінгісі келетін адамдар
бірінші
кезекте
үстем
«маркстік-
веберлік жаңғыру пәтуасын» және оның
сызықтық
тұспалдауынан
алшақтауы
қажет. Бек әлеуметтанудағы көпшілікке
танымал жаңғырту теорияларын, әсіресе
капиталдың қорлануы (Маркс) немесе
рационалдылық
пен
бюрократияның
Ульрих Бек өмір бойы болашақты
зерттеуге қосқан елеулі үлесі үшін
болашақты зерттеу ассоциациясының
зерттеу комитетінен (RC07) 2014 жылы
сыйлық алып тұр.
ой-өрісі космополиттік
еуропалық әлеуметтанушы
1
сызықтық
өсімі
(Вебер)
ілімдерін
«тым субъективті шектеулер» ретінде
қарастырды, себебі оларда әлеуметтік
акторларға қатысты алдын ала белгіленген
шарттар бар және акторлардан әлеуметтік
іс-әрекеттерге сай болуы күтіледі. Бек
бойынша,
рефлексиялық
жаңғыру
сызықтық шамалардан бас тартып, оны
«әрі қарай жаңарту өндірістік қоғамның
кейпін (ерекшелігін) өшіруде» деген өзін-
өзі қауіп-қатерге тігу туралы дәлелмен
алмастырады. Жаңғыртудың дербестену
үдерісі барысында өндірістік қоғам өз
өзектілігін жоғалтып, тіпті «қызметін жоя»
бастайды. Осылайша, өндірістік қоғамдағы
жаңғырту мәртебеге негізделген және
феодалдық қоғамның құлдырауына, ал
уақыт өте келе өнеркәсіптік қоғамның өзінің
құлдырауына алып келді.
Бек қазіргі заманғы өмірге өтудің
көрсеткіштері ретінде үш даму түрін
қарастырды. Дамудың бірінші түріне
өнеркәсіптік өндірістің болжауға қиын
УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ
жағдайлары кіреді. Бектің пікірінше,
өнеркәсіптік өндіріс іс жүзінде тарихты
қозғаушы күшке айналуда. Экологиялық
тәуекел және оның қалпына келмес
салдары аса күрделі ғаламдық қауіп
– «демократиялық жаппай үрейді (All-
betroffenheit)» тудырады. Бұл қауіп
барлығымызға қатысты, ал осы жағдайда
жұмыскерлер
мен
капиталистер
арасындағы айырмашылық өзектілігін
жоғалтады. Уақыт өте келе «игіліктерді
үлестіру қисыннан» алшақтаған Бектің
тұжырымы
бойынша,
«тәуекелді
үлестірудің демократиялық қисынын»
ендігі кезде таптар күресі, рационалдану
немесе функциялық дифференциация
арқылы түсіну мүмкін емес. Бектің тілімен
айтар болсақ: кедейлік - иерархиялық, ал
тұман – демократиялық!
Осы экологиялық-әлеуметтік қақтығысқа
дамудың екінші түрі – әлеуметтік
теңсіздіктің дербестенуі әсерін тигізеді.
Әлеуметтік топтар арасындағы алшақтық
27
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
соғыстан кейінгі бірнеше онжылдықта қолға
алынбағандықтан, топтар арасындағы
алшақтық өсіп, «лифт эффектісі» (Fahrstuh-
leffekt) тәріздес бірнеше деңгейлі сипатта
болды. Яғни, ең кедей адамдардың өздері
алдыңғы ұрпақтарға қарағанда, неғұрлым
көпке ие болды, сонымен қатар олар
жекешеленіп келе жатқан таңдау ауқымы
арасынан іріктеу мүмкіндігіне иелік етті.
Дәстүрлі әлеуметтік орта біртіндеп
ыдырай барады: әлеуметтік таптар мен
қабаттар ендігі уақытта жеке тұлғаның
өмірін емес, көбіне орта статистикалық
шамаларды
сипаттайды.
Өмірлік
тәжірибесі аясында жеке тұлға әлеуметтік
ортаның ақырғы өндіруші бірлігі болып
табылады. Өз кезегінде, үнемі жағымсыз
жағдайлар қаупінен сақтану үшін жеке
тұлға өзінің құрақтан тігілген тәріздес
өмірбаянының жоспарлау орталығына
айналуға мәжбүр. Субъектілер таптар мен
қабаттардың әлеуметтік қалыптарынан
немесе гендерлік рөлдерден «босайды»,
бірақ оның орнына әлеуметтік ұйымдардың
тәжірибелік шектеулеріне «тап болады».
Дәл осы уақытта, Бек бойынша дамудың
үшінші бағытында өнеркәсіптік өндірістің
болжауға қиын жағдайлары есебінде
саяси және бейсаяси кеңістік арасындағы
шекараны өшіретін азаматтық қоғамның
суб-саясаттары пайда болады. Ғылыми-
техникалық прогресс заңдастыру және
негіздеу
әлеуметтік
категориялары
үшін жауапты бола бастайды. Субъект
ядролық күш немесе гендік инженерия
екендігіне
қарамастан,
сарапшылар
баламалы білімі бар, маман емес
адамдармен пікірталастарға қатысу үшін
әрдайым дайын болуы керек. Осылайша,
экологиялық-әлеуметтік қақтығыс барлық
саяси координаталар жүйесін өзгертеді.
Оңшыл және солшылдар арасындағы
ескірген ерекшеліктер жоғала бастайды.
Жаңа Оңшылдар жыртқыш, басқаруға
келмейтін нарық күштеріне еркіндік беру
және технологиялық прогресті ілгерілету
идеяларын ұсынып, экологиялық тұрғыда
көзі ашық жаңа Солшылдар сақтаудың
консервативті принциптерін қабылдап,
оларды
әрдайым
адам
ықпалына
ұшырайтын
және
әлеуметтенетін
табиғи
ортаға
қатысты
қолдануға
тырысады. Басқа саяси күштердегі тиісті
бағдарламалық өзгерістермен қатар орын
алатын экологиялық қозғалыстар мен
жасылдар партияларының пайда болуы
белгілі дәрежеде саяси және бейсаяси
кеңістіктер арасындағы шекараның ауысуы
салдарынан пайда болатын даму түрлерін
ұсынады.
Өзінің ғылыми өмірінде Ульрих Бек
кей кездері Тәуекелді қоғамның негізгі
тұжырымдарын жаңартып, бірінші кезекте
оларды жетілдіре білді. Ол өз ойларын
соңғы күндеріне дейін қорғады. Бастапқыда
Тәуекелді қоғам кітабы бәлкім Германия
туралы болған, әсіресе оның әлеуметтік
тәуекелдің жекешеленуі туралы бөлімі,
бірақ Бек тез арада кітаптың мазмұнын
экологиялық
қауіптің
жаһандануы
нәтижесінде пайда болған әлемдік
тәуекелді қоғамға бағыттап қайта жазды.
Бек әлеуметтанудың барлық бағыттарында
кең жайылған деп есептеген «әдіснамалық
ұлтшылдыққа» қарсы пікірлерін білдірген.
Өз кезегінде ол трансұлттық кеңістіктер мен
шекаралар арасындағы суб-саясаттарды,
тіпті әлемнің тәуекелді қоғамдары ішіндегі
күрделі қиыншылықтардың өзін ескеруге
мүмкіндік беретін космополиттік әдісті
барынша қорғады. Ульрих Бек қазіргі
заманғы қоғамдарды теория арқылы
түсінуге қабілетті рефлексиялық жаңғырту
теориясын құру ынтасы барысында өзіне
жақын арада Энтони Гидденс, Скотт
Лэш және Бруно Латур сияқты танымал
жақтастарды таба білді.
Бек қалдырған мұраның алғашқы кезеңде
жариялағандарын қарастыратын болсақ,
экологиялық-әлеуметтік қақтығыс туралы
әлеуметтанулық мәтіндер оның еңбектері
арасындағы ең дәлелі көп сипатта деп
айтуымызға болады. Оның экологиялық
қауіп ұғымына берген анықтамалары және
білімі, сонымен қатар оның «қауіптілік
күшін теңестіру» туралы ойлары қазіргі
уақытта да өте өзекті болып табылады. Іс
жүзінде, ауа-райы өзгерісімен байланысты
қауіптер қазіргі әдіснамалық текетірестер
және саяси келісімдер арасында орталық
алаң қызметін атқарады. Әрине, осы
қауіптер уақытша шеттетілуі мүмкін (қазіргі
евро дағдарысынан болып жатқан жағдай
сияқты), бірақ әрқашан міндетті түрде
олардың барлығы әлеуметтік толқулар
түрінде қайтып келеді.
Бектің
ұмытылмас
жетістіктерінің
бірі – шынайы өмірді бірегейлендіріп,
оны әлеуметтанулық терминологияға
аударғандығы. Шынында, оның «тапсыз
капитализм» диагнозы қазіргі уақыттағы
«таптардың қайта оралуына» байланысты
күмән тудыруы мүмкін. Яғни мемлекет
ішіндегі
таптық
бөлінулер
әлемдік
дағдарыс барысында елдер арасындағы
экономикалық
теңсіздік
деп
атала
бастады. Әлеуметтік қиындықтар, өсім
деңгейінің бәсеңдеуі және экологиялық
апаттар «игіліктерді үлестіру логикасы»
мен «тәуекелді үлестіру логикасын»
экономикалық-экологиялық
«қыспақ
дағдарысын» өзара күшейтетін акторларға
бағыттады. Тек жоғарыға бағытталған лифт
енді бір адамдар тобын төмен түсірудің
арқасында ғана екінші топты жоғарыға
көтеру принципі бойынша жұмыс істейтін
үзіліссіз лифт әсерімен алмастырылды.
Ульрих Бек осы даму түрлерін
(капитализмнің классикалық теориялар-
ының бөлшектерін орын алып жатқан
сәйкестіктерге
қатысты
қолдануға
кездейсоқ түрде ұсынушы) анық көргенде,
ол дәстүрлі емес таптар формациясын
талдауға қауқарсыз және ынтасыз болды.
Бек осы уақытқа дейін Уақыт рухы (белгілі
бір уақыт аралығында мәдениетке ықпал
етіп, оны қалыптастыратын зияткерлік
сән немесе ойлаудың үстем мектебі)
сияқты жаңа және кенеттен пайда болған
дамуларға әдеттен тыс қарсы болды.
Одан кейінгі уақытта космополит және
демократияшыл
еуропалық
ретінде
Бек «меркиавелизмге» қарсы ойларын
білдіреді, себебі ол Оңтүстік Еуропаны
созылмалы тәуелділікке алып келген
келісімдермен басын байлап, еуропалық
идеяға және оны таратуға қауіп төндіреді.
Ульрих Бек көпшілікті тамсандыратын,
елеулі зияткерлік мұра қалдырды. Бірінші
кезекте, ол болмаса менің әлеуметтанушы
болуым екіталай еді. Ол бізден тым
ерте кетті және оның қазасы - орны
толмас қасірет. Германия және Еуропа
әлеуметтануына Ульрих Бектің қазасымен
қоса қандай дүниеден айырылғандығын
ұғыну үшін бірталай уақыт қажет болады.
Рефлексиялық
жаңғырту
теориясы
бөлшектелген болып қала береді. Оның
бастапқы жаңашыл ойлау әлеуетін қайта
өзекті етудің жалғыз шешімі – Ульрих
Бектің зияткерлік мұрасын қолдану және
оны әрі қарай дамыту.
Хаттарды Клаус Дёрреге жолдауға болады
<
Klaus.Doerre@uni-jena.de
>
1
Неміс тілінен Иан-Петер Херманн және Лорн
Балхорн аударды.
УЛЬРИХ БЕКТІ ЕСКЕ АЛУ
28
GD
5/ 2 / 2015 ШІЛДЕ
>>
Достарыңызбен бөлісу: |