Жаңаөзен қаласы


тапсырма бойынша сұрақ жауаптары



бет8/8
Дата06.01.2022
өлшемі37,66 Kb.
#15310
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-2тапсырма. Б.М.А.Т

2 тапсырма бойынша сұрақ жауаптары:

  1. Бастауыш сыныпта оқылатын көркем шығармалардың түрлері
    Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Өлең- оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуға төселдіретін, өмір тануды үйрететін көркем шығарманың түрі. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. 

  2. Жұмбақ- халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклорлеріне ортақ түр. жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған.



  1. Әңгіме- әдебиетте оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинағы беріледі.



  1. Мысал. Әдебиеттің бұл мысал жанры- ең қысқа ықшам жанр. Ертегі ұзақ, шытырман оқиғалы, салғырлы, бұлтарысты, қолтарысты болып келсе, мысал оқиғаны табан астынан, төтесінен туғызады, шұғыл қайырады. Негізгі әдісі- меңзеу. Сондықтан, көңілден тез орын теліп, ұмытылмайды. 



  1. Ертегі- фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры- халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни, фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты- тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем эстетик, әдеби қазына.



  1. Жаңылтпаш- қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлісөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатында пайда болған. Жаңылпаш сөздері адамды жаңылтыратындай қиын, көбінесе ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралған, қара сөз немесе өлең түрінде болады.



  1. Мақал -мәтел- сөз анасы. әдемі ұйқасты, үйлесімді, ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздерің мәйегі. 



  1. Айтыс- ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма- қол, суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. 



  1. Шешендік сөз- қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемді, дидактикалық жанр. 

2. Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі.

3. Ғылыми мақала мен әдеби шығаоманың айырмашылығы

Ғалыми мақалада міндетті түрде мынадай талаптар қойылады:

аты;

аннотация (орыс және ағылшын);



кілт сөздер (орыс және ағылшын);

мәтін;


әдебиеттер тізімі;

автор (лар) туралы ақпарат.



Ал әдеби шығармаларға,көркем шығармаға қойылатын талаптардың бірі- оқушы қауымға түсінікті болу жағы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жергілікті сөздерді көркем әдебиет тіліне орынсыз, шамадан тыс тықпалай беру шығарманың көркемдік әріне нұқсан келтіреді. Шығарманы сыдыртып оқып келе жатқан оқушы, құлаққа тосын естілетін сөздер шамадан тыс көп кездессе, еріксіз кібіртіктеп, бөгеліп, кейде сюжет желісінен айрылып қалып отырады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет