Жаңартылған білім мазмұнындағы


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқылатын драмалық



бет19/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
37.Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқылатын драмалық
шығармалар және оны оқытуда қолдынлатын әдіс-тәсілдерді сипаттап
жазыңыз.
Драмалық шығармаларды оқу мектеп оқушыларының оқырман ретіндегі тәжірибесіне кірмейді және драмаға арналған әдебиет сабақтарында театрализация элементтері осындай тәжірибені қалыптастыруға ықпал етеді. Бәрімізге белгілі поэтика мен философиялық эстетика тарихында біз драманың теориясын кейіпкердің тағдыры мен оқиғасын ерекше бастанкешкен туынды ретінде табамыз.
Негізгі жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты бойынша қазақ
әдебиетінің дәстүрлі бағдарламасында драмалық шығармалардың белгілі бір саны енгізілген: Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасы, Д.Исабековтың «Әпке» драмасы, Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесасы, Б. Майлиннің«Майдан» пьесасы, М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» драмалары,Ғ. Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы, Қ.Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесу» пьесасы оқытылып келді. Шығармалардың аздығына қарамастан, олар идеялық-тақырыптық тұрғыдан да, көркемдік жағынан да қазақ драмасында көркемдік дәстүрлердің дамуы мен сабақтастығын анықтауға мүмкіндік береді. Осы тұста М.Әуезов драмасын талдау драмалық сөзге, рефлексия ұғымына назар қоюды болжайды, бұл жаңа драманың ерекшеліктерін, оның классикалық ерекшеліктерінен ажыратуды талап етеді.Драмалық мәтіндерді мектепте талдауда тек идеялық-мазмұндық деңгейді ғана емес, сонымен қатар композицияны, іс - әрекеттердің,тартыстың дамуын, пьесалардың жанрлық ерекшелігін, олардың көркем, әсіресе драма театрмен байланысын ескеру қажет.
Сонымен, мектептегі драмалық туындыны талдау оның ерекшелігін ескере отырып, келесі компоненттерді қамтуы тиіс:
- жалпы әдеби үдерісте және жазушының шығармашылығында
драмалық туындының алатын орнын анықтау;
- тақырыптың өзектілігін, авторлық ойдың бірегейлігін анықтау;
- әдісті талдау;
- сюжеттік-композициялық құрылымды анықтау бойынша жұмыс
жүргізу;
- пьесадағы драмалық тартысты талдау;
- пьесаның жанры және стильдік ерекшеліктері.
Әрине, қандай да бір әмбебап схеманы табу мүмкін емес, бірақ драманың теориясын түсінуге ұсынылған талдаудың | жоғарыда аталған
құрамдас бөліктері көркем материалды түсіну тереңдігіне қол жеткізуге
мүмкіндік береді деп айтуға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет